Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет19/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

Себебі, Ол, Алла - Әл-Алим, 
терең білім иесі, барлығын білуші, әрі оның құзы-
рынсыз ештеңе мүмкін емес.
***
Ұйымдастырушыларға мазам қашып тұрға-
нын сылтауратып, сахна сыртындағы жұмсақ 
диваннан тапжылмадым. Сондағы ойым, «Оны 
кездестірсем ше?..». Осы сауалды өз-өзіме қойып 
алып, біртүрлі қорықтым, қобалжыдым. Әлде-
қандай сенімсіздік оты да жылт етіп өшті. Ол нен-
дей сенімсіздік? Оны өзім де түсініп тұрғаным 
жоқ. Ойым шашыраңқы, бір нүктеге қарап қана 
отырмын. Ішімнен: «Қасымхан сайыста жеңер ме 
екен? Иә, Аллам, әділ болса, сол жеңсінші» деп те 


93
тілеп отырмын. Жарты жыл бойы дұғамнан түс-
пеген жанның кім екенін түсініп, сол адам үшін 
қиялыңмен емес, шын жүрегіңмен дұға ету нет-
кен бақыт! 
Бақыт құшағында тұрып, сау етіп келген екі 
жол өлеңді қалтателефонымның «белгі бетіне» 
жазып та үлгердім: 
«Қарап тұрдым, арамызда алты қадам қашық-
тық,
Ғажап сезім, іңкәр сезім, сұлу сезім – ғашық-
тық...».
Иә, есеңгіреп қалғаным рас. Алайда бақытты 
едім. Өмірімнің өңіне өң берісіп, жүрегімнің төрі-
не жайғасқан осы сезім үшін, осы күн үшін бақыт-
ты едім. 
Бес сағатқа созылған сайыс мәресіне жетті. 
Соңғы сағатта мен әлгі былғары қапталған ди-
ваннан тұра алмадым. Терең ойда отырғандай 
кейіпте көрінсем де, менде аса бір ой да болған 
жоқ. Керісінше, байыбы жоқ қорқыныш, төркіні 
жоқ түсінбеушілік басым еді. Ішімнен: «Аллаху 
алим» (Аллаға мәлім) деген сөзді зікір етіп, қай-
талай бердім, қайталай бердім. Қатысушылар-
дың біраз бөлігі аспаптарын құшақтап, грим-
деу бөлмесінен
сахнаға беттей бергенде ғана ес 
жиып, орнымнан атып тұрдым. 
Финал. Бірер минутта жеңімпаздардың аты 
аталып, күй бәйгесінің жүйрігі анықталады. 
Алыстан Бибінің даусын естіп, мен де сахнаға 
жақындай беріппін. Қыздар сахна шымылдығы 
саңылауынан залдағы ауа-жайды бағыстап, қа-
рап тұр екен. Сахнаға әділқазылар шыға бастады. 


94
Көрермендер жағы дауыл алды теңіздей тынша 
қалған. Тым-тырыс. 
Сонымен, жеңімпаздың аты аталмақ. Ақ кон-
верт ашылды. Қара пиджак киген, жүзі сұсты, қа-
лың мұртты ағай хабарлы қатқылдау үнмен саңқ 
етті: «Көп созбай айтайын, жеңімпаз... Жеңімпаз 
– Ахмет Қасымхан!» Көрермендер ду етіп, құр-
мет көрсетіп, орындарынан тұра бастады. Менің 
келіп қалғанымды байқаған Бибі қолымнан тарт-
ты да, алға қарай итергендей болды. Енді көрер-
мендерді сығалап болса да, мен де көре аламын.
Кенеттен көзім бейтаныс бір әйел адамға 
түсті. Алдыңғы қатарда отыр. Қолында бір шоқ 
қызыл раушан гүлі бар. Үстінде ою-өрнекті 
бешпент. Келтелеу келген мойыл қара шашы 
қос иығын көмкере түсіп, өзін өзгеден сұңғақ 
бойлы көрсетіп тұр. Өзі де қыр мұрынды, нұр-
лы жүзді, құдды бір періштедей ажары бар 
келіншек екен. Көздері таңғы шықтай моншақ 
жасқа толы. Онысы қуаныш жасы болар деп 
топшыладым. Көзіндегі ыстық жас құдды бір 
ерте көктемнің нұрлы жылы жаңбыр тамшы-
сындай еді. Оған қоса, ол ананың көзінен мөлт 
етіп тамған тамшы жас моншақтар залдағы 
жарық сәулемен шағылысып, жалт-жұлт еткен 
жақұттай әсер берді маған. Оң қолымен мөлдір 
моншақ жасын сүйкей қойды. Оң қолының ор-
таңғы саусағына жарқыраған тасы бар әдемі 
жүзік тағыпты. Жүзігінің қара тасы да саусақ-
қолына жарасып-ақ тұр. 
Бойына бар жарасымды жиған сол ананың сол 
сәтін мен әуелден-ақ сезген едім. Ол топжара шы-


95
ғып, жеңіс тұғырына көтерілген ұлының жаңа да 
басталған өнер жолына, өмір жолына деген сүйіс-
пеншілік махаббаты болатын. 
Тағдырыма өшпес із қалдырған сол бір ұмы-
тылмас күннің осы сәтке дейін басымнан өт-
кен оқиғалары – Қасымханмен қапияда кездес-
кенім, оны сахнада көргенім түк емес екен. Олай 
дейтінім, көзінен парлап жас аққан әйел – хи-
каяттың ең басында түсімдегі маған ақ ішкізген 
ана еді. Қасымханның анасы еді! Сол күннен бері 
мен Қасымханның анасына ғашық болдым. Бұл 
менің шын сөзім. Өз еркімсіз сол ананы сүйдім де 
қалдым. Осылайша, Астана сапарынан соң менің 
жыр сандығым «Ана толғанысы» атты жаңа өлең-
мен толықты. 
Сайыс та аяқталды. Қонақтар да, қатысушы-
ларда да тарқасты. Қасымханды да, анасын да 
одан кейін көрмедім. Біз тұрақтаған қонақүйге 
қайтар жолда Бибігүлге бүгінгі болған жайдың 
барлығын баяндай бастадым. Бибі менің көңілім-
де күдік барын, терең ойда жүргенімді сол сәтте-
ақ түсіне қойыпты. Әңгімені өзі бастады: 
– Карлек, не боп қалды? Көңіл күйің жоқ, 
сездім. Сен күйді ұйып тыңдаушы едің. Осы жолы 
еш нәрсеге қызықпадың. Біреу бірдеңе айтты ма?
– Жоға, жаным. Кім не айтар дейсің.
– Ендеше, не болды? 
– Мен…Бибі, мен... Қасымханды көрдім. 
– Қасымхан? Ол кім еді?
– Түсімдегі адам. 
– Қойшы?! Тоуф, қиялым-ай...
– Шын сөзім...


96
– Тоқта, тоқта… Қарлығаш, сонда жаңағы са-
йыста жеңген Қасымханды айтып отырсың ба? 
Сондай емес пе еді аты? 
– Иә, Бибош. Сол. 
– Қойшы? Дәл сол адамды көріп пе едің? 
– Солай сияқты… 
– Карлек, сенімдісің бе?
– Иә, себебі, оның анасын да көрдім, Бибош. 
Мен қатты қобалжып отырмын. Жаңағы абыр-
дабыр ортада сезініп үлгермедім, алайда қазір 
мұның түсім емес екенін түсініп, не дерімді біл-
меймін. 
– Анасын да түсіңде көріп пе едің? Түр-түсі дәл 
сондай ма, сонда?..
– Түр-түсін анық көргенім жоқ. Бірақ жүрегім 
бірден сезіп қойды. Иә, дәл өзі сияқты. 
– Қы-зы-ы-ық, өмірде кездестіресің деп кім 
ойлапты, иә? Карлек, сен енді қатты уайымдама-
саңшы. Жүзің сұрланып кетті ғой, жаным. 
– Иә, Бибім, бір жағынан қатты қобалжып 
отырмын, бір жағынан шексіз бақыттымын. Бі-
лесің бе, мен оларды көргенімде жүрегімнің со-
ғысы жүзден асып, тіпті екі жүзге барған шығар. 
Денем мұздап, жүрегім біртүрлі дір етті. Құдды 
бір сол адамдарды баяғыдан білетіндей. 
– Бұл жақсы емес пе?
– Несі жақсы?
– Қарлығаш, енді сен кеше ғана осы жұмбақ-
тың шешімі болар ма екен? – деп, алдымда егіліп 
жылап едің. Міне, Алла алдыңа алып келді. Шы-
нымды айтсам, сен емес, мен өзім біртүрлі болып 
отырмын. Сонда біздің Астанаға келгеніміз де Ал-
ланың алдын ала дайындаған жоспары екен ғой. 


97
– Бибі, сосын кеше бір түс көріп-ем. 
– Тағы осы жігітті ме?
– Иә, оның сахнада тұрғанын көрдім. 
– Содан?
– Содан, көрермендер отырған залға күйші 
Дина кірді де, қолыма домбырасын ұстатты. 
– Дина Нұрпейісова ма?
– Аха.
– Қарлығаш, сенің өмірің бір кино сияқты. Нет-
кен сәйкестіктер… Барлығы бекер емес, жаным. 
Атаңа айтып көрсеңші. 
– Ой, жо-жоқ, Бибі. Өзіңнен өзгеге тіс жармас-
пын. Мені жұрт түсінбейді. Атам түсінер, әрине. 
Алайда өзім түсініп болмаған жұмбақ әлемді бас-
қаға түсіндіріп әлек болмаспын… 
– Карлек, қой, сен осы тылсым дүниені сон-
шалық төмен түсірме. Әйтеуір, бір шешімі болар. 
Алла бәрін реттейді. Ұйымдастырушылардан сол 
жігіттің телефонын сұрап беремін. Айтып көрсек 
қалай?
– Бибош! Қой?! Не деген фантазия сенде. Тіпті 
саған айтуға батпайтын нәрсені сол жігітке айта-
тындай жігерім бар дейсің бе? Ұмыт осы ойыңды. 
Өзің айтқандай, Алла барлығын реттейді… 
***
Біз қарашаның он сегізінде азанғы рейспен Ал-
матыға қайттық. Сол күні Астанада қар ұшқындап 
тұрды. Айнала ертегідей еді. Алақанымда қонып, 
еріп жатқан қардың әр түйірі белгісіздіктен те-
рең мұңға бата жаздаған жүрегіме дем салғандай 
болды. Қасымханның сахнада беріле күй шерт-


98
кенін, анасының ұлына мейірлене қарағанын есі-
ме алған сайын жүрегімде бір ғажайып жылулық 
орнады. Арқаның ақ қарлы, боранды қатал қысы-
на қарамастан, бұл қаланың райы көктем күнін-
дей жібіп кетіп, кеудемді оттай жылытарын кім 
біліпті? Содан бері мен үшін жұртқа суық әрі сұс-
ты көрінетін Астана ең жылы, ең шуақты мекенге 
айналды. Кешегі белгісіз бір көлеңкелі ойлар мен 
қалың мұң бір сәтте жадымнан ғайып болды да, 
көтеріңкі көңіл-күймен ұшаққа міндім. Кешелі 
бері тастай суық алақанымды уқалап отырудан 
шаршамаған Бибім де қолымның жылынып, беті-
ме қан жүргеніне мәз болды. Жан құрбысы үшін 
балаша қуанды. Ұшаққа отыра сала бір кездері 
әлеуметтік желіден оқыған жүректі елжіретер 
оқиғаны еске алдым. Жер мен көктің арасын-
да ұшақтан да ұшқыр ой-қиялдарым қиян-қия 
алыстарға самғай түсті. 
Есіме құшағы ажырамастан әуе апатынан 
қаза тапқан қос ғашық – Болат пен Айнұрдың 
қилы тағдыры орала берді. Екеуі де «Бола-
шақ» бағдарламасымен сонау Англияға барып 
оқыған алғашқы қазақ жастарының қатарын-
да болған, Лондондағы «Кардиф» универси-
тетінде оқыпты. Алғашында Еуропаға Айнұр 
аттанады, артынан араларын бірнеше конти-
нент бөлген ғашығына асығып Болат та же-
теді. Қос ғашық бірнеше ай оқып, елге қайту-
ға асығады. Себебі қыздың да, ұлдың да ата- 
аналары тойға қызу дайындықты бастапты. 
Олар Лондоннан Бакуге ұшып барады, әрі қарай 
Каспий теңізі арқылы Ақтауға кемемен жетуі ке-


99
рек болған. Алайда жолдары болып, ұшаққа би-
лет табылып, Болат пен Айнұр Ақтауға тезірек 
жету мақсатында Бакуден ұшаққа отырады. Сол 
сапарда, 2005 жылы әуе кемесінде болған жары-
лыс кезінде қос ғашық көз жұмады. Ұшақ жерден 
көтерілген соң, араға жиырма минут салып, екіге 
қақ айырылған екен. Әуе кемесінің техникалық 
ақауларын сезген олар әуе бортынан ту еңіске 
қарай қапсыра құшақтасқан күйі құлдилай жө-
неледі. Сөйтіп, дүниеден озады. Махаббаттың 
биігіне жетіп, өмір айдынында бірлесе қанат қа-
ғуға ниеттенген екі жастың ғұмыры жарқ еткен 
құйрықты жұлдыздай бір-ақ сәтте үзілген екен. 
Атамның «келте ғұмыр» деген сөзін енді түсіне 
бастағандаймын. Қашан, қандай жағдайда мына 
жарық дүниемен қош айтысарыңды білмейсің. 
Өмірдің құндылығы да, қайғысы да осы… 
Болат пен Айнұрдың оқиғасын кенеттен еске 
алғаным да бекер болмады. Менің де жүрегімде 
шексіз сезім бар, ал сүйгенім үшін қандай құрбан-
дыққа дайынмын?.. Мені тіпті танымайтын адам 
үшін?.. Осындай оймен Алматыға қалай жет-
кенімді де білмей қалдым. Арасында Бибігүлден 
қалам сұрап алдым да, ұшақ билетінің бос жеріне 
майда жазумен бір шумақ өлең де жазып таста-
дым...
***
Алматыға келген күні терең ойда жүрдім. Ас-
танадағы оқиғаларды ұзақ уақыт ұмыта алма-
дым. Бір күні «сөз байласқан адамдай», біраз уа-
қыт қорапшада жатқан кішкентай жауһар тасы 
бар алтын жүзігімді «аты жоқ саусағыма» тағып 


100
алдым. Мүмкін «махаббатымның символы» бол-
сын деген шығармын? 
Меніңше, махаббатта жүзіктің орны да, маңы-
зы да айрықша. Мәселен, Қорланды соңғы демін 
алғанша сүйіп өткен Естайдың тағдырын еске 
алайықшы. Қатал тағдыр бұйрығымен, Қорлан-
мен қосыла алмаған Естай сүйіктісінің жүзігін 
өмір бойы саусағынан шешпейді. Елу бір жыл 
Қорланның аманатын жүрегіне жақын ұстап 
өтеді. Елу бір жыл махаббатына адал болады. Сон-
дықтан маған да саусақтың жүрекпен байланысы 
бардай көрінеді. Естайдың Қорланның жүзігінен 
ажырамай өткені де осыдан болар…
Естай мен Қорланның махаббат дастанын еске 
алғанымда, Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ға-
ламаты» поэмасынан мына бір үзінді ойға орала-
ды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет