Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля


Ардақты атамның рухына арналады



Pdf көрінісі
бет2/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Ардақты атамның рухына арналады
Автор 
Бірінші бөлім
***
ҚАЗАҚ ЕЛІ. 2100 жыл
– Ата, өткен жылы қойылған ескерткіш осы 
ма?
– Иә, осы, Үмітім! Бұл – «Махаббат ес
-
керткіші». Өткен жылдың дәл осы күні сенің 
үлкен әжең, менің анам – Қарлығаштың жүз 
жылдығы атап өтілді емес пе, соған орайлас- 
тырып орнатылған ескерткіш еді. Сені сол 
кезде кішкентай ғой деп, ескерткіштің ашы
-
лу салтанатына алып бармаған едім, ал биыл 
мектепке бардың, есейдің деген сөз. Сол үшін 
саған көрсетпекші болдым. 
– Ал, неге ол «Махаббат ескерткіші»?
– Неге дейсің бе?.. Мұны түсіну үшін әжеңнің 
әңгімесіне құлақ түре ғой, жарығым…


6
ҚАЗАҚСТАН.
«Ақотау» ауылы. 2019 жыл
...Түс көріп ояндым. Түсімде өңі маған таныс 
емес, ақ орамал таққан, нұрлы жүзді қыр мұрын, 
мөлдіреген бота көзді келіншек оюлы ақ кесені 
ұсына берді. 
Он тоғызға жаңа толған атасының ерке қызы 
– мен үшін осы бір түн тым мазасыздау болды. 
Содан да болар, ұйқыдан талмаурап оянып, әжем 
мен атама келдім. Келдім де маңдайымды атам-
ның ала қойын ыстық кеудесіне бастым. Күпісі-
нен күннің иісі бұрқ етті! Керемет сәт! 
– Е, Аллаға тәубе. Әй, әжесі, Қарлығашыма ша-
йыңнан бер, кәне.
– Өй, жарығым, келе ғой, кел. – Әжем әдепкі-
дей әбігерленіп, әйбаттап, қаймақтап шай дем-
деуге кірісті. 
– Ата, білесіз бе, мен түнде түс көрдім. 
– Е, солай ма, жарығым. Ендеше, түсің оң бол-
сын, айт, ол қандай түс?
– Түс болғанда... Түсімде жүзі нұрлы, ерекше 
нұрлы... Басына ақ орамал таққан, айдай әдемі 
келіншек кесе толы дәм ұсынды маған. Айран ба, 
сүт пе, ол жағын біле алмадым. 
– Охо, түсіңде ақ ішсең ағарасың. Мынауың 
жақсы түс екен, жақсылыққа болғай, жарығым, 
жақсылыққа. 
– Сосын, мен, ата, түсімде әжемнің гүлді-гүлді 
ақ шәйі көйлегін киіп алыппын. Көйлектің етек-
жеңі көбелектей көлбетіліп, өне бойыма жара-
сып тұр екен. Басымда әпкемнің ұзату тойында 


7
киген сәукелесіне ұқсас, үкілі кәмшат сәукеле 
бар. Бойым сұңғақ тартып, күннен көзім ұялып, 
алға басып келеді екенмін. Ата, жаңағы бейта-
ныс ана бар ғой, сол өзінің мені ерекше жақсы кө-
ретіндігін айтты. Қол жайып батасын берді. Мен 
де қол жайып жатып, оянып кеттім. Ояна кетсем 
түсім екен... 
– Е, түсің болса, – атам қол-алақан жайысып: 
«Түсің оң болсын
Оңға қарай жол болсын. 
Алла дегеніңді берсін, 
Менің батам сол болсын.
Әмин!» – деді. 
Мен де «әмин» деп, бет сипастым. Бүртүрлі 
елжіреп кеттім...
***
Айдай әлемнің сырын ұғу оңай емес. Өйткені 
он сегіз мың ғаламды жаратқан – бір ғана Алла. 
Асылы, сол он сегіз мың ғаламның сыры Аллаға 
ғана аян.
Әлбетте, біз түс көреміз, түсімізді жоримыз. 
Әрине, жақсыға жоримыз. Атам айтады, көрген 
түсті жақсыға жорысаң, ісің игі болады, – деп.
Көрген түсімнің, атам жорысқан түсімнің аяны 
ақ жарылқап, өміріме мол жақсылық алып келді. 
Бірақ, сол сәтте атасының Қарлығашы бұл сыр-
ды қаншалықты білді дейсің. Білмеді. 
Білетіндей де емес едім, өйткені, мен албырт 
та аңқаулау едім, әлі де бала едім. 
Адамды асыққан белесіне, жылдар бойы күткен 
жақсылығына, асқақ арманына, жүрегінің ең түбін-


8
де сақтап жүрген сезімінің себепшісіне жеткізетін 
жол кейде бұлдыр-бұралаң, иір-қиыр, шоқпыт-шо-
дыр, тар шатқалды, терең құз-жартас сияқты бола-
ды екен. Мен мұны бертін келе, біраз жылдан соң 
түсіндім. Түсіне бастадым. ...Сүріндім, құладым, қай-
та тұрдым. Атам үнемі: «Кеудеңдегі отты сөндіріп 
алма, әр күнге сеніммен қара. Сенім сең ішінен алып 
шығады. Бір ауырлықтан соң бір жеңілдік бар, бәрі 
жақсы болады», деп отыратын. Айналайын, атам-
ның аузынан ылғида «жақсы» деген сөз шығатын. 
Жақсы адам ғой, атам, жақсы адам! 
Құдай Тағаланың: «Бір ауырлықтан соң бір 
жеңілдік бар» деген хақ уәдесі менің осы жол-
дағы ең үлкен шырағыма айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет