Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет18/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

 
– 

– Карлек, бара-бара қаламың ұшталып келеді. 
Күшті! Маған ұнады. Жазда қалай болдың? Өткен 
жолы сөйлескенімізде дауысыңнан байқап ем, 
еш өзгеріс жоқ сияқты. Сол баяғы өлең, сол баяғы 
түстер ме? Әлі қоймады ма?
– Бибош, қоймады. Қоймайтын да сияқты. Жоқ, 
бірақ түс көруім азайған секілді. Бірақ өлең…өлең 
азаяр емес. 
– М-м-м... Атаң ше, не деді?
– Қайыры бар, кейін түсінесің дейді. 
– Көпті көрген кісі ғой. Білетіні бар шығар, жа-
ным. 
– Иә, Бибім. Мен баяғыда-ақ қабылдап қойғам 
осы ерекшелігімді. Не істеймін енді. Көнбеске 
амал не, Алланың ісі солай. 
– Иә, Карлек, айтпақшы, осы күзде Астанаға ба-
рып қайтқың келмей ме? Біраз сергіп қаларсың. 


85
– Қыдырып па?
– Жо, жоқ, әпкем бір аптаға шақырған еді. Дом-
бырадан Республикалық үлкен жарыс өтеді. Үл-
кен жоба ғой. Әпкем соның ұйымдастырушысы. 
– О-о-о-о, күшті. Барсаңшы, Бибош. 
– Иә, барамын ғой. Соған «қасыңа бір-екі құр-
быңды ертіп кел, ұйымдастырушылардың жа-
нында ассистент не волонтер болып жүресіңдер, 
өздеріңе тәжірибе болады» деп айтқан еді. Оған 
қоса Астананы көріп қайтамыз. 
– Білмедім, Бибім, ата-анам не дер екен... 
Сен сұрап көрсеңші, жібереді ғой.
– Қашан дедің? 
– Осы қарашада өтеді. Қай күні екенін нақты-
лаймын. Екі ай бар ғой дайындыққа. Ата-анамыз 
билет алып берсе, екі айлық стипендиямызды 
жинап, сол жақта жаратармыз. 
– Күшті идея екен негізі. Барсақ, барайық. 
– Все, келістік! Ойбу, Карлек, Астананы қиял-
дап, лекцияны ұмыта жаздадық. Жүр, жаным, 
басталып қалар…
***
Қарашаның он бесінде Бибі екеуміз Астанаға 
ұшып бардық. Құрбылар болып алғаш рет сая-
хаттап шаққанымызға мәзбіз. Домбырашылар са-
йысы қарашаның он жетінші жұлдызында, «Қаз-
Медиа» орталығының үлкен концерт залында 
өтпек. Ертеңнен бастап қызу дайындық жүреді. 
Екі күн бойы бас қаланың көрікті жерлерін кеш-
ке болса да, аралаймыз деп ойлаған Алматылық 


86
екі қыз күні-түні орталықтың ұзын дәліздерінде 
шапқыласып жүрдік. 
Ойы сергіп, жаз бойы үзіліссіз қайталанған 
қыспақтарын ұмыта бастаған менің екі күннен 
соң өмірімнің қалайша өзгеріп кетерінен хаба-
рым да жоқ. Он алтысынан он жетінші қарашаға 
қараған түні, аз-кем ұйқының арасында түс көріп 
үлгердім. Ертең маңызды күн, мен болсам, әдет-
тегідей, түсімнен талмаурасқан күйде ояндым. 
Бір жыл бойы түсіме енетін бейтаныс жан биік 
сахнада тұр екен. Жүзін анықтап көре алмадым. 
Көрермендер отырған залдан түре келдім де есік 
жаққа аттандым. Сөйтсем, жанымда Алты Алаш-
қа аты мәлім айтыскер ақын, бұлбұл көмей әнші 
апаларымыз отыр екен. Жандарынан басымды 
изеп, амандасып өттім де, есік жаққа бет бұрдым. 
Есік ашылып еді, қиял-ғажайып кинолардағыдай, 
белгісіз нұрлы жарықтан көзімді әрең ашып, тұ-
рып қалдым. Сол-ақ екен, нұрлы жарықпен жүзі 
шағылысып, бір апа келе жатыр. Үстінде көздің 
жауын алатын жақұт моншақ тастармен бе-
зендірілген көк түсті барқыт шапан, басында ақ 
күндік кимешек. Қадамы нық әрі байсалды, тұла 
бойын тік ұстап, тіке маған қарай жақындап ке-
леді. Жақындаған сайын бойымды үрей билейді. 
«А, таныдым. Дина апа! Нұрпейісова Дина!» деп, 
ойлап қоям түсімде. Қазір ойланып отырсам, ол 
кісіні өмірде қайдан көріппін, соншалық сенімді 
айтатындай?.. Жақындап келіп Дина апа: «Мынау 
аманат саған!» деп, қоңырқай шанақ домбыраны 
қолыма ұстатты. Есікке қайта қарасам, Дина апа 
жоқ. Көз алдымда орын алған ғайыпқа сенер-сен-


87
бесімді білмей, үстімді ыстық тер басып, оянып 
кеттім. Оянсам, сағат таңғы алты. Жетіден бастап 
бүгінгі үлкен шараға дайындықты бастаймыз. 
Оған дейін біраз уақыт бар, жарты сағаттай ары 
аунап, бері аунап, Бибіні оятып алар ма екем деп, 
ғайыптан келген түсімді ұмыта алмай, өз-өзім-
нен әрі-сәрі күйде жаттым…
***
Мазасыз түннің әсерінен болар, таңнан бері 
әлсіреп, шаршаңқы жүрдім. Түске дейін өз-өзіме 
келе алмадым. Сағат он екіде сайыс басталды. 
Бибі екеуміз екі жақта жүрміз. Өнерпаз қонақтар-
ды күтіп алысып, тәтті тоқаш-шайын дайындау, 
оған қоса сахна сыртындағы техникалық дайын-
дықты бақылау біздің мойнымызда. 
Бір сәт мені ұйымдастырушылардың бірі ша-
қырды да: «Мынандай қабаттағы мынандай ка-
бинеттен мына бір кісіні шақырып кел, сайыс 
басталайын деп жатыр» деп, соған жылдам ба-
рып келуімді өтінді. Елге де, желге де жеткізбес-
тей жылдамдықпен «ҚазМедианың» ұзын дәлізі-
мен жүгіріп келемін. Құдай-ау, не деген ұзын еді 
дәлізі, бітіп қоймайды... Кабинет кабинеттің есігін 
ашып-жауып, айтқан кабинетті іздеп келемін. 
Ойымда басқа түк жоқ. Жүгіріп келем, жүгіріп ке-
лем. Бір сәт маңдайым біреудің жұмсақ кеудесі-
не «дүрс етіп» соғылды! Құлай жаздадым. Қара-
сам, қарсы алдымда ақ жейделі, ұзын бойлы... бір 
жан тұр. «Кешірерсіз» дейді. Мен де: «Кешіріңіз» 
деймін. Басымызды әнтек қана көтерісіп, күлімсі-
реп тұрған қалпы қала берістік... 


88


89
***
Жиырма бірінші ғасыр.
Астана.
Жиырмасыншы жылдың салқын күзі. «ҚазМе-
диа». Сағат он екіге бес минут қалғанда мен үшін 
күллі әлем аударылып-төңкеріліп, әлдебір жаққа 
көшіп бара жатқандай көрінді. Өң-түсім қуарып,
тілім күрмеліп қалған... Бір минуттан соң тыныс 
алуым керек екенін еске алдым. Ақ жейделі адам-
ның кетіп қалғаны қашан. Мен болсам сол қалпы 
тұрмын... Осылайша, міз бақпай бірер минут бір 
орнымда қатыппын да қалыппын. Жұмыста жүр-
генімді, сайыстың басталып кеткенін ұмытып та 
кеттім. Қай қабат, қай кабинет, кімді шақырып 
келуім керегін де ұмыттым. Небәрі үш-төрт се-
кундта адам өмірі соншалық өзгеріп кете ала ма? 
«Жоқ, бұл түс. Жоқ, бұл елес. Мүмкін емес…». Де-
реу ой-есімді жидым да, түсіме кіретін адамның 
осы жігітке қатты ұқсайтынын сәйкестікке ба-
лап, шақыртылған адамды іздеп, өз жұмысыма 
кірісіп кеттім. 
Ұйымдастырушылар «барып кел, шауып кел-
ге» ыңғайлы біздерді әбден сабылтты. Бибіні 
таңнан бері көрген де жоқпын. Енді қиялға бері-
лудің еш пайдасы болмайтынын түсініп, өзіме 
жүктелген тапсырмаларды атқарып жүрдім. Әй-
теуір, аяқ-қолым айтқанды орындайды, бірақ са-
нам өз орнында емес, басқа бір жерде қалықтап 
жүр. Бүгінгі тағдырлы күннің тосынсыйлары 
осымен аяқталмайтынын қайдан білейін. 
Біраздан соң сахна сыртында ғана жүріп үй-
ренген мені залдың ішіне, тағы бір жауапты іске 


90
жұмсады. Жүргізуші: «Ахмет Қасымхан!»
 
деп, 
әлдебір қатысушыны сахнаға шақырып жатқан 
сәтте мен де залға кірдім. Жиналған үш жүзге 
жуық адамның арасынан бір кісіні тауып, шара-
ның бағдарламасын беруім қажет. Жаңағы аты 
аталған күйші сахнаға шығып, қолына домбыра-
сын алып, құлағын бұрай бастады. Мен мұны тек 
естіп келем, сахнаға көз тастайтын да мұрша жоқ. 
Бағдарламаны жаңағы бастық кісінің қолына ұс-
таттым да, есікке қарай беттей бердім. «Бір, екі, 
үш» деп, есікке алып баратын баспалдақтарды 
санап, есікке қарай балаша секектеп түсіп келем. 
Сахна жаққа әлі қарамадым. Еш қызық жоқ сияқ-
ты. Күйші сол әдетінше домбырасының құлағын 
бұрап әуре. Есікке енді жақындай бергенімде 
құлаққа таныс күй естілді. О, «Адай»! Қалт тұ-
рып сахнаға көз салдым. Ол жақтан нұрлы шуақ, 
жылы самал үп етіп бетке келді.
Ақ жейде... Тағы да сол, аппақ жейде... Тағы да 
сол адам. Бейтаныс, елес сияқты. Көзімді қайта-
қайта жұмып-ашып тұрмын. Жүрегімнің соғысы 
жиілеп барады. 
«Иә, бұл сол адам. Түсімдегі адам. Иә, иә, 
сол…», – жүрек соғысының жиілеуінен тарыл-
ған тынысымның арасынан дірілдеп шыққан 
сөздер осы болды. Сол сәтте не істегенім, не 
ойлағаным мүлдем есімде қалмапты. Әйтеуір, 
сасқанымнан ұйымдастырушылар алқасында 
екенімді де ұмытып, алдыңғы қатардың бірін-
дегі бос тұрған шеткі орынға жайғаса кеттім де, 
Қасымхан орындаған екі күйді бір мезетте тың-
дап шығыппын. Шебер орындады. Бірі Құрман-


91
ғазының «Адайы» болса, бірі өзінің «Ана тол-
ғанысы» күйі. Осыдан бірнеше жыл бұрын, ал-
ғаш рет «Адайды» тыңдағанымда атамның осы 
күй жайлы айтқан әңгімесі көз алдыма елестеп 
кетті. Мүмкін, орындаушының беріліп тұрып 
тартуынан ба екен?.. Қасымхан домбырасын 
соншалық беріле шертті. Сабырлы да байсалды 
қалпын ұмытып, жүзі күреңітіп, арқасы қозып, 
ақ теңіздей айпарылып-жайпарылып толқи-
тындай көрінді. Соңғы нотасына дейін беріле 
орындады. Басын бірде оңға, бірде солға, бір-
де төмен, бірде жоғары бұрыстап қояды. Бүкіл 
тұла бойы домбырамен тұтасып кеткендей. Өз 
көзім Қасымханның қимылын бағып тұрғаны-
мен, ой көзім күй тарихына үңілгендей бол-
ды. Құрманғазы бабамыздың қиын тағдырын, 
абақтыға қамалса да ел мен жерін ойлап, зар 
илеген жүрегін, өнерге деген ықыласы мен ма-
хаббатын еске алдым. Сол бір қиын-қыстау за-
манда «Адай» күйін де өз жерінен қуылған Кіші 
жүздің Адай атты еліне арнап, терең тебіреніс 
пен күйзелістің, халықты жерден айырған 
билікке деген кекшілдіктің әсерінен шығарған 
деседі. Осы бір көрініс Қасымхан «Адайдың» 
соңғы нотасын шерткенше ойымнан кетпей 
қойды. Халқымның зар-мұңы, уайымы осы күй-
мен төгілгендей… Атамның «Бойға қонған өнер 
– халықтың қазынасы, ал өнерпаздар Құдай 
аманатын халыққа жеткізуші» деген сөзі рас 
екеніне тағы да көз жеткіздім. Бір сәт көктен 
жерге түсіп, келесі орындаушыны шақырмай 
тұрып, залдан шығып үлгерейін деп, орнымнан 


92
тұра бергенімде, мені іздеп Бибі келіпті. Қалың 
шапалақтың арасынан дауысы үзіле естіледі: 
– Қарлығаш, қайдасың? Бізге бұл жерде оты-
руға болмайды ғой. Сені сахна сыртында бүкіл ел 
іздеп жүр. 
– Бибі, мен... Мен… 
Бибігүлге ештеңе айта алмадым. Жас үйірген 
жанарымды жасырып, еріксіз төмен қарадым. 
Ернім дірілдеп, есікке қарай беттеген құрбым-
ның артынан еріксіз ілесе жүрдім. 
Кейде Құдайдың құдіретіне таңғалатыным 
бар. Біздің қай сәтте, қай жерде болатынымыз-
ды да дәлме-дәл өлшеп, әр секундтық ғұмырыз-
ды бақылап тұруына таңмын. Мені залдың ішіне, 
сахнаға Қасымхан шығар уақытта айдаған ұйым-
дастырушылар емес, Алла екені хақ! Қажет уақы-
тында, қажет жерінде… 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет