Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет22/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Өзіңе деген асқақ махаббатпен
 
жер бетіндегі Қарлығашың! 


120
Екінші хат
Ата, тағы да мен... Қарлығашың... 
Ата-ау, жер басып жүрген пенделерді қара тө-
беден қарауылдап жатқан шығарсың... Қара жер 
тасы қабырғаңа батпаса екен. Неде болса, Құдай-
дың жанындасың ғой, жатқан жерің жұмақ болғай.
Ата, көп сөзбай, жай-күйімді айтайын. Алла-
ға шүкір, менің халім жақсы. Тағы да күндер өте 
келіп, түс көре бастадым. Өткенде өзіңе жазған 
хатымда Қасымханды кездестіргенімді айтып-
ем. Осыдан кейін таяу күндері қызық бір түс 
көрдім. Ата, білесің бе, сол түні түсіме Дина Нұр-
пейісова енді. Шын сөзім. Сен бізге күйші Дина-
ның тағдырын, даналығын, күйлерінің тарихын 
жиі айтып отырушы-ең ғой. Дина әжеміздің тұл-
пары – Қарақасқа жайлы дерек, әсіресе, есімде. 
Әкесі Кенже қызы Динаға өзі жақсы көретін Қа-
рақасқа сәйгүлікті ұзатылғанда жасауына қосып 
жіберген еді ғой. Тіпті оның «Қарақасқа» деген 
күйі бар. Әкемнің осы әңгімеден соң бізге сол 
күйді тартып, тыңдатқаны да есімде. Өзің маған 
он жасымда мінгізген тұлпарым – Аққанатымды 
қалай жақсы көрсем, Дина апа да Қарақасқасына 
сондай ғашық болған сияқты. 
Ой, ата, даласын дарқан күйге бөлеген осын-
дай дара тұлғаның, Дина әженің түсіме енгені 
қызық болды. Мақұл, бұл түсімді сәті келгенде 
айта жатармын.
Қасымханның күйші екенін сол кезде біл-
медім ғой. Кейде ойлаймын, мүмкін, бұл сезімді 


121
маған Құдай Тағала Қасымханға тілекші болсын 
деп берген шығар? Себебі оған деген шексіз ыс-
тық сезімнен өртене жаздап, өз-өзіме сыймайтын 
сәттерде тек дұға жасаумен сабырға келемін. Оны 
таныған күннен өміріне, шығармашылығына қы-
зыға бастадым. Әлеуметтік желіден сол жайлы 
кейбір ақпаратпен де таныспын. 
Ата, адамның мінез-құлқын білмей жатып, 
онымен жете танысып үлгермей, көзіне көз қада-
сып, қапелімде қалтқысыз қайықтай қалт-құлт 
еткен күй кешпей ғашық болуға бола ма?.. Қай-
тейін, болады екен…
Қасымханның ата-әжесі де бар, ата. Мен өзіңе 
қалай жақын болсам, ол да әжесіне сондай жақын. 
Әжесінің қолында өскен. Әжесінің баласы. Ата, ең 
қызығы мынада, соңғы кезде мен сол әжені түсім-
де көретін болдым. Әженің өзін өмірде көрмесем 
де, оның кескін-келбетін
түсімде көрдім. Басын-
дағы ақ жаулығы алыстан көз тартып, жүзінен 
жылы мейірім нұры төгіліп, үнемі күлімсіреп 
жүретін, қолмен сызып қойғандай жіңішке қара 
қасы, қара мең-қалы бар, өзі өте ажарлы, ерек-
ше сұлу әже екен. Мен өзіме беймәлім үйімнің 
терезесінен төменге қарай қарап тұр екем. Сөйт-
сем, өз үйлерінің ауласында Қасымхан әжесімен 
бірге отыр. Менің көпқабатты үйімнің астында 
олардың жер үйі болса керек. Біраздан соң әже 
үйіне кіріп, терезенің алдына жайнамазын төсеп, 
ақшам намазын оқи бастады. Мен де өз пәтерім-
нен, ақ орамалымды тағып, намазымды оқып 
отырдым. Қызығы, әженің құбыласы мен жақ, ал 
мен, керісінше, әжеге қарап отырмын. Намазды 


122
оқып болған соң әже қолындағы ақ тәспісін ауда-
ра бастады. Дәл сондай ақ тасты тәспі менде де 
бар екен... Осыдан соң оянып кеттім, ата. Қасым-
ханның әжесін түсімде көрген сол түннен бері, 
ақ тәспіні қолымнан тастаған емеспін. Намазға 
жығылғанымда басқа тәспілерді шетке ысырып, 
тек аппақ тастармен айшықталған тәспімді ау-
дарамын да, намазымды аяқтағаннан соң тәспіні 
жүрегіме жақын ұстаймын де, ерекше сезімге 
берілемін. Ол сезімді айтып жеткізе алмаспын 
енді. Сол түсті көрген соң, «Ютуб» деген бейне-
баян көрсететін желі бар еді ғой, ата, содан Ахмет 
Қасымхан деп жазғанымда, бірнеше бейнебаян-
дар шықты. Біреуін ашып қарасам, Қасымханның 
кезекті жеңісінен соң, он жетінші жылы берген 
сұхбаттарының бірінде әжесімен түскен суреті 
жарияланыпты. Келбеті дәл менің түсімдегідей 
жылы жүзді, сұп-сұлу, қарапайым қазақ әжесі 
екен. Сөйтіп, мен еріксіз оның әжесіне де ғашық 
болып қалдым… 
Содан бері бірнеше күн өтті. Есіме түскен са-
йын терең ойға батып кетемін. Әйтеуір, жанымда 
Бибім бар, көрген-білгенімнің барлығын соған 
айтамын. Ара-арасында осылай өзіңе жазып тұр-
ғаным да айып емес шығар, ата. 
Ата, өзің айтушы едің ғой: «Жаныңды тербе-
ген ой-сырды ақ параққа төгіп таста, сонда бір 
жеңілдеп қаласың» деп…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет