Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет23/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

Өзіңе деген шексіз сағынышпен
 
жер бетіндегі Қарлығашың!
 


123
Үшінші хат 
Ата, тағы да мен… Саған жазған хаттарым 
өмір-махаббатымның күнделігіне айналып ба-
рады. Біздің жанымызда болсаң, арамызда тірі 
жүрсең, осының барлығын айта алар ма едім? Әй, 
қайдам… Осы бір ұяңдығымның арқасында іштей 
тұншығып жүре берер ме едім, кім білсін. Кей-
де адамға тәуекел жетіспейді екен. Тәуекелдің, 
сенімнің аздығынан өмір бойы өкініштің өртін 
сөндіре алмай жүргендер қаншама… Ата, мен 
солардың бірі болғым келмейді. Қорқамын, ата. 
Ішімдегі сезіммен бөлісе алмаудан, үнсіз қалудан 
қорқамын. Бәлкім, тағдырдан қорқамын. Бәлкім, 
Құдайдан… Оны ренжітіп алудан қорқамын. Оны 
ренжітіп алып, шалыс басып, оңбай қателесіп, 
ақыры осы сезімнен айырылып қалудан қорқа-
мын. Себебі, ата, бұл сезім, бұлқан-талқан сезім 
мені Құдайға жақындатты. Пендені Жаратушыға 
ғашық ететін, Оның құдіретін танытатын, Оған 
күмәнсіз сендіретін махаббат – махаббаттың ең 
биік шыңы шығар. 
«Тағдырыңа тап болған қиын-
дық Құдайдан алыстатса – жаза, жақындат-
са – сый» 
деп айтушы едің. Яғни, маған берілген 
жұмбағы көп сезім – сый екен. Тәңірдің сыйы. 
Осы үшін де мен Аллаға сәт сайын құлшылық қы-
лып, шүкір деймін. Тіпті, ата, тахаджуж намазда-
рына да (түнгі намаз) жиі оянатын болдым. Таң 
атқанын күтіп, қолым талғанша дұға жасаймын. 
Кейде саусақтарым дірілдеп кетеді, ұзақ дұғада 
отырған соң ба қолдарыма қан жүрмегеннен бе, 
әлде мендегі сезімнің қуат-күшінен бе, білмедім… 


124
Ата, мені тек бір сұрақ алаңдатады. Қасымхан-
ды, оның отбасын, ата-анасын, ата-әжесін дұғама 
қосқаным қаншалықты дұрыс? Сіз Аққу екеуміз-
ге: 
«Махаббаттағы ең маңызды дүние – тілек, 
кіршіксіз, аппақ, адал тілек…», –
деп жиі ескер-
тетінсіз. Осы сөзіңді еске аламын да, дұғамдағы өз 
еркімсіз бойымды билейтін тасқынға жол беріп, 
жүрегімде айрықша орын алған жандар үшін ті-
лекші боламын. Осы кезде, «
Құдай дұғаны ойға да, 
ауызға да жай бермейді. Тіпті сол дұғаны жасай-
тыныңды алдын ала біліп, алдын ала жауап беріп 
қояды»
деген тағы бір сөзіңді еске аламын. 
Ата, бұл құпия сезімге тап болғаныма екі жыл-
дан асты. Ең соңында неге алып келерін де біл-
меймін. Ол бір Аллаға мәлім. Айтпақшы, ата, Қа-
сымхан музыка фестивалінен Бас жүлдені алып, 
қазақтың домбырасын Еуропаға таныстырып 
келді. Қазір әлеуметтік желідегі жаңалықтың 
барлығы осы жайлы. Ол жарысқа кеткен күні 
мешітке барып, арнайы дұға жасап, садақа бердім. 
Жарыстан жақсы хабар жеткенше сол жерде жүр-
гендей күй кештім, жүрегім дүрсілдеп, жаным 
жай таппады. Сүйінші хабарды әкем жеткізді. 
Ендігі екі-үш аптада әкемнің жаңадан ашылатын 
мектебіне Қасымхан келмекші. Осы жаңалықты 
естігенімде қалай қуанғанымды өзіңе жеткізе 
алмаспын. Бізде қызу дайындық жүруде. Әкем 
өзінің жеке музыка мектебін ашады, ата… Сенің 
арманың орындалады. Бәлкім, менің де… 
Жүрегіндегі үлкен үмітпен, 
 
жер бетіндегі Қарлығашың!


125
Төртінші хат
Ата! Өткенде айтқанымдай, сенің ұлыңа қа-
тысты ең үлкен армандарыңның бірі орындал-
ды. Әттең, осының барлығын көріп кетсең ғой... 
Көрген де шығарсың. Мейірімі шексіз Алланың 
қалауымен сол күні жанымызда болған шығар-
сың. Оны сездім. Жанымда екеніңді сездім, ата. 
Мектептің ашылуына Қасымхан келмеді. Келе 
алмады. Алайда әжесі мен анасы келді. Мен үшін 
бұдан асқан бақыт бар ма?!.
Ата, мен жүрегіме сондай жақын аналарды жа-
қыннан көрдім. Түсімде емес, өңімде көрдім. 
Ата, айтпақшы, Аққу да барлығын біледі. Сені 
қамықпасын деп айтпап едім. Соңғы кезде мені 
алапат бір азабы мол сезім баурап алып, ауырың-
қырап қала бердім. Сонда менің жанымды сөзсіз 
түсінетін жан – сіңлім Аққуға барлығын айтып 
бердім. Ол менің сезіміме үлкен құрметпен қарап, 
мені «Ерекшем» деп атады. Мазақ етпеді. Жан дү-
ниемнің тыншусыз үніне құлақ түріп, үнсіз ғана 
ұғына білді. 
Әкем біраз сыйлы адамдарды, ақындар мен 
күйшілерді, жалпы, өнердегі аға-әпкелерімізді 
шақырды. Жаңа айтқанымдай, солардың ішін-
де Қасымханның анасы мен әжесі де бар. Олар 
мектепке кіре бергенде анам: «Қарлығаш, үлкен 
кісілер келе жатыр. Алдынан шығып, сырт киімін 
ал, қызмет көрсет» деп, мені кіреберіске жіберді. 
Оларды көргенімде жүрегім біртүрлі елжіреп 


126
кетті. «Сәлеметсіздер ме! Қош келдіңіздер!» деп, 
түк болмағандай пальтоларына қол создым. Мені 
көрген әже: «Аман ба, көкем?» деп, мейірлене 
қарады. Дәл түсімдегідей. Алдынан шыққан ұл-
қыздың барлығын өз баласындай көретін қазақ 
әжелерінің мейірімінен айналдым… Анасы болса, 
күлімсіреп: «Бақытты бол», – деді. Осы сөзді есті-
генімде қалай елжірегенімді жеткізе алмаспын
ата. Пальтоларын алдым да, гардеробқа қарай 
кете бардым. Оларды әрі қарай Аққу шығарып 
салды. Өзім-ақ барар-ем, бірақ неге екенін біл-
меймін, көңілімнің, ойымның барлығы осы паль-
толарға ойыса берді. 
Ата, мен жынды екенмін. Ұрыспашы. Өзім де 
бұл қылығымды сау адамның ісіне жатқыза ал-
маймын. Гардеробтың есігін жаптым да, бірі ап-
пақ, бірі қызғылт сары келген шапандарды іл-
мекке ілмес бұрын, әжесінің жүннен тоқылған 
орамалын, анасының жібек бөкебайын дірілде-
ген қолыммен жайлап қана бетіме тостым да, 
иіскеп алдым. Иә, иіскедім, ата…Өзіме бейтаныс 
болса да, жүрегіме сондай жақын аналардың 
иісін білгім келді. Сезгім келді. Сезінгім келді. 
Міне, мендегі махаббат осындай – ессіз, белгісіз, 
шексіз махаббат… 
«Махаббат…» дей бермей, мектептің қалай 
ашылғанына көшейін. Барлығы керемет өтті
ата. Жүзден астам адам жиналды. Біз мектепке 
кірмес бұрын барлығына жаттанды болып кет-
кен қызыл лентаны кесіп, жиналған халықты әбі-
герге салмадық. Келген қонақтың барлығын үл-


127
кен акт залына жайғастырып, сөз сөйлеттік. Күй 
төгіліп, ән айтылды. Содан соң мектепті арала-
тып, бірінші қабаттағы кішігірім холда дастарқан 
жайдық. Аққу екеуміз, немерең Дінмұхаммед, өзің 
айтпақшы, Әзекең мен Әлекең де жүігіріп жүрді. 
Дарияш әдеттегідей әкенің жанында, оң қолын 
құшақтап, қолтығына тығылып жүрді. Тіпті әкем 
қайда барса, сонда барды. Өйткені әкесінің қызы 
ғой.
Ата, әкем өзіңе арнап күй шығарды. Бәрімізді 
жылатты. Сол сәтте: «Тіл жеткізе алмағанды, күй 
жеткізеді» деген сөзің есіме түсті. Рас екен. Бұл 
күйден саған деген сағынышымыз есіп тұрды, 
немерелеріңнің өзіңді жоқтап, жылаған зарлы 
үні естілді, көзімізге әжеміздің сұп-сұр күйінде 
бір нүктеге қадала қарап, мына дүниенің мәнін 
жоғалтқан, жанарының нұры өшкен шарасыз 
күйі елестеді. Әкем осы күйді жүрегінен өткізе 
шерткені сезіліп тұрды. Есіңде ме, ата, екеуміз 
ұлттық аспаптар жайлы, күйлердің шығу тари-
хы жайлы жиі сөз етуші едік қой. Маған ерекше 
ұнайтын Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сыл-
қым» күйінің тарихын естігенде тіптен тебірен-
ген едім:
«– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет