Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет30/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

мыр кештік. Есеп қызметкері-тұғын, әйтсе де 
оның өмірге деген құштарлығы білімге, білуге 
деген ынта-ықыласпен ұштасып жататын. Ол 
орыс, қазақ, шетел классиктерінің шығармала-
рын зейін қойып оқитын. Оқығанын қызықты-
рып айта да білетін. Ағылшын тілін оқып-үй-
ренді, көптеген шетелдерді аралап, оның өміріне, 
мәдениетіне ден қоятын. Мұсылманша сауаты 
бар еді және оған аса құрметпен қарайтын. Үй-
дегі үлкен кісілерді айт күндері кейде жұма на-
мазына алып барып, сауабын алып қайттым 
деп отыратын. Мұсылман елдеріне барған сапа-
рында ең әуелі «Құранды» қолға түсіруге тыры-
сатын. Және киелі кітаптың талай үлгісін жи-
нап, қастерлеп ұстады. Ал, Египеттен бе, әлде 
 
Түркиядан алып қайтқан Мұхаммед пайғамба-
рымның бейнесі мүсінделген тұмарды демі тау-
сылған күнге дейін – 1990 жылдың сәуір айының 
20-сына дейін мойнынан тастамай тағып жүрді», 
– деген екен. 


146
Міне, асыл жар жайлы мазмұнды естелік осын-
дай болмақ, балам. Оған қоса Зуһра әжең үлкеннің 
батасын алған арлы келін де болды. Димаш атаң-
ның әкесі Меңдіахмет қарияның бар жағдайын 
жасап, тіпті дәрет алатын суына дейін жылы-
тып беретін дейді. Соған қарағанда кесір-кесепа-
ты жоқ, өте қамқор, мейірімді жан болуы керек. 
Е, ол заман басқа еді ғой, жарығым. Құндылық та, 
тірлікке деген көзқарас та басқаша болатын. Бір 
сөзбен айтсақ, жаңағы «идалогия» өзгеше болған.
– «Идеология» ма, ата? 
– Ә-ә-ә, иә, иә, Қарлығаш, сол… Сондықтан ол 
заманда ел билеуге лайықты болған Димекеге 
лайықты жар болу оңай емес еді. Бір газеттен 
тағы бір ақпар оқып қалғаным бар, Қонаевтан 
Зуһра әжең жайлы сұрағанда, ол: «Мен Зуһраның 
көзі тірісінде, әсіресе, жас кезінде мін көргенімнің 
бәрі пендешілік екен. Жүрегіне үңіліп, терең түсі-
не алмағандығымнан туған «әттеген-айлар» 
екен. Әйтпесе, Зуһра артында ұяты қалмау үшін 
өмір сүрген әйел еді ғой. Мен онымен өткізген күн-
дерімді ең қымбат, ең қызық күндерім деп білемін. 
Елу жыл дегенің қас қағым сәт екен…», – депті. 
Асыл жарға деген сезімнің ұлысы осы шығар, жа-
рығым: мінін термей, керісінше, жақсылығын 
асыру. Димекең мен Зуһра әжең Алланың нұры 
жауған жұбайлар дер едім… Ал Алла ең сүйікті 
деген құлдарын сынайды емес пе, балам? Арала-
рында ұрпақ болмағаны да содан шығар, бәлкім… 
Бір-біріне деген сезімдерінің тереңдігін осыдан-ақ 
біле бер. Ұрпақ сынағына қай ер шыдайды дейсің, 
балам? Тіпті мына өзің «қаһарманым» деп санай-
тын атаң да кезінде Алла берген жалғыз ұлға 


147
«тәубе» демей, әжеңді ренжіткен еді ғой, Қарлы-
ғаш… 
– Ата, енді ондай қатты ренжітпеген шығар-
сыз. Сөзіңізге сенбеймін. Қазір осы әңгімені әжем 
естісе, сізді бірден ақтап шығар еді ғой, иә?
– Әжеңнің ұлылығы осы ғой, жарығым, менің 
абыройымды балалардың көзінше ешқашан түсір-
ген емес. Бойымдағы мінімнің өзін көкке көтеріп 
жүреді. Кемшілігімді өзіме ғана айтады. Оның 
өзін сынап емес, «түзелсе екен» деген ниетте ай-
тады ғой, қалқам. Әй, бірақ жаңағы сөзім шындық. 
Әжеңді бір емес, екі жолы жөнсіз сөзбен ренжіт-
кен едім. Көзінен тіпті жас шыққан… 
– Ата, қатты уайымдамаңыз өйтіп, жү-
регіңізді ойлаңыз. Біз енді бәріміз де пендеміз. Кім 
қателеспейді өмірде? Өзіңіз айтушы едіңіз ғой, 
«Мәселе қателік жасауда емес, сол қателікті 
түсініп, тәубе етуде… Енді басқа қайталамауға 
ниет етуде». Ар-Рахман, ерекше мейірімді Алла әр 
пендесін кешіреді ғой. 
– Қарлығашым-ау, ақылдым-ау, атаңа басу 
айтқаныңа рақмет, жарығым. Сонда да, ер-аза-
мат жарын режітпеу керек. Себебі жаныңдағы 
серігің оның ата-анасының ғана емес, Алланың 
аманаты ғой, ақ құсым. Алланың аманатына қия-
нат жасаған адам бақи ғұмырда жай таба ма? 
Мәселе осында, балам… Алланың мейірімі шексіз 
ғой , бізге берген жалғыз ұлдан өздеріңдей жеті 
ұрпақ тарады, міне – Алланың ұлылығы. Бір ауыр-
лықтың бір жеңілдігі, бір сынақтың бір сыйы бо-
лады! Есіңнен шығармағың! Әне, қарашы, Димаш 
Қонаевтай өр тұлғадан ұрпақ жайлы сұраған 


148
кезде: «Зуһрадан тумаған баланың маған қажеті 
жоқ» деп жауап берсе керек. Өз құлағыммен есті-
меген соң, шын-өтірігін айыру қиын, балам. Десек 
те, Димекеңнен мұндай сөзді күтуге болады. Ма-
хаббаттың қадірін білген жан ғой, жарықтық… 
Артында ұрпақ қалмаса да, өшпес із, адал іс, өне-
гелі сөзі қалды. Артында он шақты ұл, моншақты 
қыз қалса да, біраз ерлердің ізі тұрмақ, ісі де, сөзі 
де, көзі де өшті ғой. 
– 
М-м-м, жатқан жерлері жайлы болғай, Қо-
наевтардың….
– Әмин, Қарлығаш! Әмин!, Зуһра әжеңнің соң-
ғы күндерінде Қонаев атаңа айтқан екі тілегінің 
бірі мынандай болған екен: «Сенің атағың алыс-
қа кеткен, кезінде ел сұраған адамсың. Саясатқа 
жығып, басқа бір жерге ала қашып жүре ме? Менің 
мәңгілік ұйқым тыныш болсын десең, бақилық ғұ-
мырыңда да қасымда болшы…».
– О-о-о, қандай ғажап! Саналы ғұмырыңды бір-
ге өткізген жанмен мәңгілік дүниеде де бірге бо-
луды тілеу – осы өмірдің текке өтпегені шығар, 
ата?
– Иә, атасының данасы. Сөзіміздің түйіні де 
осы еді…».
Ата, өзіңе хат жазып отырып ойым биікке сам-
ғап кетіпті… Махаббаттың басқұр жібі саналатын 
сыйластық пен адалдықтың үздік үлгісін сана-
мызға сіңіріп өсіргеніңе мың да мың алғыс! 
Өзіңе деген сағынышпен, атыңды ардақтап 
 
өтер ұрпағың – жер үстіндегі Қарлығашың!


149
Жетінші хат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет