129
«
Махаббат таусылмайтын ғұмыр-дастан,
Пәк сезім ғашықтарға нұрын шашқан.
«Ерке сылқым» күйімен Әбдімомын,
Мәңгілік сұлулықтың сырын ашқан…».
Көрдің бе, қазақ домбырасының, күйінің құді-
реті қандай!.. Оның үстіне Әбдімомын атаң бір
ғана күймен қыздың сұлулығы мен еркелігін, оған
ғашық болған жігіттің сезімін қалай тамаша
жеткізе білген!.. Осындай жүректен шыққан
туындылар ұзақ жасайды. Тіпті өлмейді, алты-
ным…».
Ата, мектептің атын біздер де сіздің рухыңыз-
ға арнап, «Әлі» ұлттық аспапатар мектебі» деп
атадық. Мектеп – екі қабаттан, он бес шақты ка-
бинет пен үлкен акт залынан тұратын, кішігірім
холы мен асханасы бар, заманауи үлгіде соғылған
өте әдемі ғимаратта орналасқан.
Қонақтардың
барлығы ерекше таңданыспен әрі әкемнің «Ұлт-
тық аспаптарды жаңғыртатын ұлттық музыка
мектебін аштық» деген сөзіне үлкен ризашылық
білдірісіп тарқасты.
Ал мен болсам, өмірімдегі тағы бір ұмытылмас
күнді бастан кешірдім…
Жүрегіне сыймаған бақытты өзіңе
жеткізуші, жер бетіндегі Қарлығашың!
130
Бесінші хат
Ата, өзіңе хат жазбағалы біраз болыпты.
Кешірші мені. Тірлік деп тепеңдеп, уақыт деп уа-
йымдап, ақша деп алқынып, құрдан-құр алаөкпе
боламыз. Шындығына келсек, асқазанымызға
ас қалай керек болса, жанымызға да дәл сондай
шамада, тіпті одан да көп деңгейде рухани азық
керек екенін ұмытып жатамыз. «Жанның азығын
қайдан іздейміз?» деп өзіңнен сұрағанымда: «Жү-
ректегі иманнан,
бойыңдағы өнерден, әуеннен,
өлеңнен, кітаптан, жақыныңа сырыңды айтудан»
дейтін едің, бізге. Қазір осыны еске салатын жан
жоғынан қоғам қопарылысып, жадап-жүдеп бара
жатқан жоқ па? Бір-бірінен аумайтын күндерді
көзсіз сүйіп, көзсіз соның жетегімен келеміз бе,
қалай?..
Айтпақшы, Қасымханның отбасын тағы бір-
екі мәрте кездестірдім. Қандай жағдайда болға-
нын айтпай-ақ қояйын. Жүрегім дауаламайды.
Бірақ ішімдегіні босатпасам болмас деп, осы бір
хатқа жақында жазған екі өлеңімді қосуды жөн
деп білдім. Бірі –
Қасымханның әжесіне, бірі –
анасына арналады. Қаласаң оқып берейін, ата?
Қалап тұрсың ғой, иә. Өй-и, айнанайын, атам-ай!
Тек ұйқасы ұйқаспай тұр, бірақ жүректен шық-
қан шын сөзім бар мұнда. Тыңдай ғой: