Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

Аса қамқор, ерекше
мейірімді Алланың атымен!..
Ата, соңғы кезде өзіңмен жиі сырласқым ке-
леді. Ішімдегіні саған ақтарсам ғана жеңілдеймін. 
Кейде жүрегіңді тұншықтыра жаздайтын сөзді 
сыртқа шығарып, жақыныңа сүйенгің келеді. Бі-
рақ әлдеқандай сөз естіп қалам ба деп қорқасың, 
өзіңді үнсіз ғана тыңдап, жан-тәнімен түсінетін 
жанды іздейсің. Таппайсың… Осыдан болар, ата, 
мен көбінде ішімдегінің көбін саған айтамын. Са-
ған ғана айтқым келеді. 
Менің Қасымханға деген бала махаббатым өше 
ме десем, өршіп барады, ата. Әуелі мен үшін ма-
хаббат деген не? Осыны ашып айтайыншы. Мен 
үшін махаббат – тұңғиық сезім, оның шегі де, ере-
жесі де, сипаты да жоқ. Әркімнің махаббаты өзін-
ше киелі, өзінше ұлы. Мәселен, адамдар бір-бірі-
не: «ей, сенікі махаббат емес, міне – нағыз махаб-
бат» деп, басқаға нұсқайды. Ал шын мәнінде, ата, 
әркімнің махаббатта өз құпиясы, өз түсінігі мен 
өз қабылдауы болады ғой. Махаббатың белгілі 
бір шегі, шекарасы жоқ қой. 
Ал махаббатқа сенбейтіндерді не істейміз? 
Бәлкім, олардың осы ұстанымы дұрыс та шы-
ғар. Махаббатқа сенбей ғұмыр кешу жеңілдеу ме 
деймін… Кейде адамдар өз-өзіне «проблема» жа-
сап алады ғой. Мына мен сияқты. 
Алайда, ата, мен өзімді ақтай аламын. Себебі 
бұл сезім жүрегімде өз еркімсіз пайда болды. Сон-


150
дықтан мен үшін махаббат әуелі адамды Жарту-
шыға және жаратылысқа жақындататын ұлы 
сезім, содан соң махаббат сүйіктіңді ғана емес, 
оның айналасын – ата-анасын, бауырларын, дос-
тарын сыйлау, құрметтеу. Ол сүйіктіңнің мінезін, 
қарым-қабілетін, білімін, еңбегін, тіпті көзге 
оғаш көрінетін мінін де ерекше санап, бағалау. 
Мен үшін махаббат – сүйіктіңнің қайда жүрсе де 
аман жүргенін тілеу, оның жеңісті күні үшін қуа-
ну, қайғысы үшін езіліп, еңсерілу. Ол сен үшін 
қол жетпес армандай көрінсе де, оның жанында 
бір жүргендей сезімде болу. Өмірде жолдарың то-
ғыспаса да, махаббат отыңның тұтануына себеп-
кер болғаны үшін риза болу, махаббатты сезгенің 
үшін бақытты болу. 
Қызық, ата, біреуді сүйгеніңде жүрегің құдды 
бір құты ішіне кіріп кетіп, тынысың қанша та-
рылғанымен, дүниеге кеңінен ашыла түсесің. Ма-
хаббат барда барлығы ғажап сияқты. Жүрегіңдегі 
сезім көзге көрінбес кейіппен қан тамырларыңа 
тарап, бүкіл ағзаңды иемденіп алады екен. Әсі-
ресе, миыңды. Қанша ақылды болайын десең де, 
ақымақ етіп, махаббат барлығын жүрекке артып, 
бар болмысыңды жүрегіңе бағындырып қояды. 
Махаббат үшін күресесің, бірақ қолыңнан түк 
келмейді, сезім дертіне көніп жүре бересің. Алай-
да қанша азапты болса, да мен осы сыры ашылма-
ған махаббатым үшін ризамын, ата. Қасымхандай 
азаматты алыстан болса да сүйгенім үшін шексіз 
шүкір, Тәңірге! Мұхтар Шаханов сезім жайлы мы-
надай бір мағыналы өлең жазып еді ғой:


151
«Жол бұралаң, сезім тура, oй тура,
Жол түскен соң болмас кейін қайтуға.
Сүйген адам сезімі үшін бақытты,
Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Бұл жайлы көп мұңдаудың не орны бар,
Жандар да бар пәк сезімді қор қылар.
Махаббатты үйлену деп ойлайды,
Құдіреттің құнын білмес
 
сорлылар…». 
Осы өлеңді оқып, маған берілген махаббат 
үшін дән риза боламын. Себебі, ата, маған беріл-
ген махаббат, ең алдымен бала арманымның 
орындалғаны. Өйткені мен өмірдегі ең керемет 
махаббатты сезінуді армандайтынмын. Сол ар-
маныма жеттім. Маған берілген махаббат – дү-
ниедегі барлық сезімдердің бастауында тұратын, 
тұнық, алып, асқақ, пәк әрі адал махаббат. Маған 
берілген махаббат – миллионның біріне ғана бері-
летін дүние тірлігінен алшақ сезім. Маған беріл-
ген махаббат – Құдайға деген құлшылығымды, 
иманымды күшейтетін махаббат. Маған берілген 
махаббат – бір сәт ғашық болудан, сүйіп-күюден, 
қызғану мен түсініспеуден, құмарлық пен ләзат-
тан тыс, басқаша, өзгеше сезім. Маған берілген 
махаббат – тіпті дерті бар адамдарды да жазатын, 
өмірді шексіз сүйіп, дүниеге басқаша қарауға сеп 
болатын махаббат сияқты.
Маған берілген махаббат – Алланың ең көркем 
жаратылысы! 
Бірақ, ата, қолда бар алтынның қадірін біле 
бермес қазіргі қоғамда махаббатты соншалық 
биік қойғаным дұрыс па, өзі? Бүгінгі адам үшін 


152
махаббаттың қадірі де, салмағы да қалмағандай. 
Ерлі-зайыпты бола тұра бір-бірін түсінбей жүр-
гендердің, зорлық көрсе де бір ғана бала жайын 
ойласып, ерінен безіне алмай жүрген әйел заты-
ның қадір-құрметіне жетпей, керісінше, кекете-
мұқата қарайтын, ез туған еркектердің арасында 
жүрген менің соншалық аңқау көңіліммен «ма-
хаббат» деп жүргенім дұрыс па? Бұдан да бөлек 
қаншама қаралық бар бұл өмірде… Осыны ойла-
сам, ойым өзгереді де қалады… Осы үшін жүрегім 
ауырып барады, ата. Осындай оспадар өмірдің 
шет-жағасын өзің де көріп-естіп, көкірегің қарс 
айырыла жаздап, бүй деп едің: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет