Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет28/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

«...– Иә, жаным, тыңдап отырмын сені. 
– Жеңешем-ау менің... Менің айтқан сырымды 
елге жаймас деп, осы бір сезімім жайлы өзіңізге 
айтсам деп едім... Мені мұқият тыңдап шығасыз 
ба? Сізге басынан барлығын айтып берсем… 
– Ақ құсым-ау, айта ғой. Инстаграмдағы ой-
жазбаларың жап-жақсы, өлеңдерің тіптен кере-
мет. Өзім ойлаушы едім, «Әй, осы менің ақ құсым-
ның ғашығы бар-ау деп…». 


140
– Иә, жеңеше, бары бар… Жеңеше, үш жыл бойы 
осы бір оттай ыстық сезім бойымды буыстап ба-
рады. Үш жыл бойы осы сезіммен арпалысып ке-
лемін.
 
– Ботам-ау, сезіп едім оны. Сен бар жақсыға ла-
йық жансың. Мүмкін, сол сезімнен арылуға уақыт 
қажет шығар. Уақытқа бағынайық. Уақытында 
Құдай барлығын реттеп береді. Сен тек күрсінбе. 
Атаңа берген уәдеңе бекем бол. Сен
 
бұл жағдай-
ға бекерден тап болған жоқсың. Мұның артында 
жақсылығы болғаны үшін де тап болдың деп ой-
лаймын. Бір жыртықтың жамауы табылып, бір 
жараның орны жазылар деген, жабықпа, жаным».
Сол күні, ата, Халифа жеңгеме үш жылда ба-
сымнан өткен барлық оқиғаларды бірінен соң 
бірін маржандай тізіп бердім. 
Ендігі өмірімде қандай жаңалық болмасын, ең 
алдымен Халифа жеңгеммен бөлісемін. 
Бірде бізге: «От басы, ошақ қасында жеңге де-
геннің орны құлдырап барады. Оны айтсам бір 
қауым әңгіме. Әңгіменің әдібі: сендер де келе-
шекте біреуге келін, ал біреуге жеңге боларсың-
дар, сонда мына біз айтып жүрген ақыл-кеңесті 
көкейлеріңе түйе жүріңдер. Ақылдың артығы 
жоқ. Е-е, кім болсаңдар да жүректерің мейірімге 
толы болсын, мінездеріңді жұмсақ, көңілдеріңді 
кең ұстаңдар. Қолдарың ашық, қабақтарың жа-
дыраңқы болсын. Жадырап жүрсеңдер жан да 
сау, жаһан да аман болмақ, қарақтарым», – деп 
айтқаның есімде, ата. Қарап отырсам, қазақтың 
барлық құндылықтарын құндақтап ұстар осы 
жеңгелер екен ғой. Салт-дәстүрді дәріптеп, кәде-


141
сәдені орны-орнымен жасап, ошақ отын маздата 
түспек көбіне-көп жеңгелердің мойнына таңыл-
ған. Мәселен, ата, өзімнің анам мен жеңгелерім 
мықтап ұстанатын «ат тергеуді» айтам… Олар бір 
әулеттің үлкенін үлкендей, кішісін кішідей сый-
лап, бірінің де атын атамай, қайын ата, қайнаға-
сын «Жәкем» деп, қайын інісін «Төрежан», «Төре 
бала», «Мырза бала», «Мырза жігіт» деп, қайын 
сіңлісін «Айбикеш», «Күнбикеш» деп, барлығына 
балама ат қойып алған. Неткен шебер! Осы салт-
ты бала жаста түсіне алмайтынмын. Ал жақында 
«ат тергеудің» түп-тамырын білдім. Сөйтсем, бы-
лай екен, ата: Он бесінші ғасырдың орта шенін-
де өмір сүрген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы деген 
қазақ шипагерінің «Шипагерлік баяны» еңбегін-
де бұл дәстүрдің шығу тарихы жазылыпты:
«Аты аңызға айналған Майқы бидің заманы 
екен. Қара халық шапқыншылықтан көз ашпай-
ды. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» 
демекші, төбе бидің көрегенділігінің арқасында 
жауға тойтарыс беріліпті. Сондағы бидің даналы 
сөзі мынадай: «Еркек кіндік атқа қонсын! Кәрі-
лер ауылға, малға бас-көз болсын! Ұрғашылар ел 
атын, ру атын, отағасы атын, ауыл атын атама-
сын! Ұқсас аттармен атап, жауды шатастырсын. 
Ал осы жарлыққа қарсы шыққандардың табанда 
басы алынсын!». Бұл оқиғаның түйіні мынандай: 
Майқы би осы әдіс арқылы жаугершілікте ауыл-
аймаққа бейсуат келген адамды, яғни жау шол-
ғыншысын шатастырып, елді шапқыншылықтан 
азат етуді мұрат еткен. Жау шолғыншысы елге 
келген кезде шатасып, бұл қай ел, қай ауыл, қай 
ру, кімнің шаңырағы екенін түсіне алмайтын-


142
дай болсын дегені ғой. Осыйлаша жауын шатас- 
тырып, қазақ халқы ел мен жерге көз тіккен-
дердің азабынан азат болған екен. Сөйтіп, қара 
халық бұл айланы дәстүрге айналдыруды жөн са-
нап, «ат тергеу» салты пайда болады. Сонда Өтей-
бойдақ бабамыз былай деп жазады: «Жаңа түскен 
келіннің текті атаның баласы екендігін осы салт-
ты сақтауынан білген екен». Міне, «ат тергеудің» 
түп-тамыры осындай тарихи оқиғамен сабақта-
сып жатыр. Ел басына күн туғанда табылған айла 
ақырында дәстүрге айналыпты.
Ата, кейде «салт-дәстүрді сақтайық» деп ұран-
даймыз, ал оның бастау көзі қайдан, не себептен 
шыққанын біле бермейміз. Қарап отырсақ, қа-
зақтың әр салты – даналық, әр дәстүрі – тағы-
лым. Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүниесінде» 
«Келін мен гендер арасы» атты шағын болса да, 
ойландыратын әңгіме бар еді ғой. Білесіз бе, бір-
ге талдағанбыз. Сонда Шерхан атамыз бүгінде 
«ат тергеу» салтын ұстанатын келіндердің аза-
йып бара жатқанына өкінеді. Айналып келгенде, 
«ат тергеудің» өзінде қаншама тәлім жатыр. Мә-
селе қайын жұрттың атын атап, түсін түстеуден 
бас тарту емес, сол арқылы сыйластыққа, кіші-
пейілдікке, ибалыққа үйрету. Мысалыға, өзімнің 
әжем сенің інілеріңді, қарындастарыңды әлі 
күнге дейін «Ерке қыз», «Кенже бала», «Сары 
бала» деп атамай ма? Қандай жарасымды! Жең-
ге мен қайын сіңлілердің арасындағы жылулық 
пен еркеліктің үздік үлгісі. Қазақтың әр қызы 
осындай салт пен дәстүрлердің қажеттілігін 
көкірегіне түйіп, санасына сіңіріп өссе, ұлттың 
болашағы үшін үлкен жақсылық болар еді, ата. 


143
Әттең, мұны қазіргі ұрпаққа түсіндіру оңай ша-
руа емес… 
Әңгімені жеңгеден бастап, алысқа кетіп қалып-
пын, ата. Иә, сол күні біз, Халифа жеңгем екеуміз 
ұзақ сырластық. Махаббат жайлы ой бөлістік. 
Сонда өзіңмен өткізген бір сәт есіме түсіп, жеңге-
ме әңгімелеп бердім:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет