Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

тей, Сәкендей, Тұрардай тұлғалардың, оған қоса 
Жұмат Шаниннің, Темірбек Жүргеновтің, Санжар 
Асфендияровтың, басқа да жүздеген, тіпті мың-
даған қазақ ғалымдарының, қазақ зиялыларының 
ұрпағын да, отбасын да жоқ қылғысы келді. Со-
қыр, содыр саясат-ай… 
– 
Ата, сонда ол кісілер лагерьден аман шықпа-
ды ма?
– Біразы аман қалды, балам. Қазақтың қызда-
ры өжет қой! Әсіресе, арасында Әзиза Рысқұлова-
ның жасаған батырлығын айтып берейін сендер-
ге. Тұрар Рысқұловтың жары Әзиза Ақмоладағы 
әйелдер лагерінде жүргенінде қара жұмыстан 
гөрі, қазақтың ата кәсібі – мал бағуды дұрыс 
санап, лагерь бастығына барады да, қорықпай, 
Інжар деген кеңшарға мал дәрігері болуға арыз 
жазады екен. Лагерь басшысынан рұқсат алған 
Әзиза анамыз екі мыңнан астам ірі қара мал мен 
бес мыңға жуық саулықты бағатын әрі емдейтін 
қазақ әйелдерін іздестіріп, осы ісімен оларды да 
лагерьдің азабынан құтқарады. Сөйтіп, Күлжа-
мал Майлина, Дәмеш Жүргенова, Мәриям Есенгел-
дина, Зағифа Тіналина, Сұлтанбек Қожановтың 
әйелі Күләндәм да Әзиза Рысқұлованың артынан 
еріп, «Алжирдегі» ауыр жұмыстан босап, мал ба-
ғуға аттаныпты. Міне, батылдық, алтындарым! 
Қазақтың қыздары осындай! 


169
Десе де мұндай қасіретті қазаққа енді қайтып 
көрсетпесін…».
Сіз осыны айтып, Аналардың рухымен рухта-
нып, тіктеліп, тірлік-іске кірісіп кететінсіз. Күре 
бақтың ішінде кетпен алып, күре-күре арық қа-
зыстап жүретінсіз. Арық жағасында кетпеніңіз 
жатыр, сіз жоқсыз бірақ...
Жатқан жеріңіз жайлы болсын, ата.
Ақ дала бақтан өзіңді іздеп
 
сағынған Қарлығашың!


170
Он бірінші хат
Ата, кеше жазған хатымды жалғап, тағы да 
өзіңді іздедім. Біздің бойымызда сіздің дана-
лығыңыз, ой-ақылыңыз, әзіл-қалжыңдарыңыз
сары алтыннан салмақты мінезіңіз, Күн шуағын 
үйірген күлкіңіз, мейіріміңіз, кейдегі тасқын ат-
қан ашуыңыз жетіспейді, білем. Сол шақтары-
ңызды сағындық. Әсіресе, өмір бойына азық бо-
лар өнегелі сөздеріңді сағындық. Ұлт қамын, тіл 
қамын, ұрпақ қамын ойлағаннан туыстаған на-
қылдарыңды сағындық. Бізге қазақтың Үш жүзі 
мен рулары жайлы, тіл қадірі мен дәстүр маңы-
зы жайлы көп айтушы едің. Кім білсін, тағы біраз 
жыл ғұмыр кешкеніңде, бұдан да көп тағылым 
естіп қалар ма едік... 
Қазақтың Үш жүзі туралы біздің Димаш сауал 
қоямын деп, соңында мүдірістеп қалғанда, сіз жа-
сындай шарт сына жаздап, сабаңызға әзер түскен 
едіңіз. Әңгіме былай басталды емес пе:
«
– Ата, осы үш жүзге не үшін бөлінеді адамдар?
– Е-е-е, балам, Дінмұхаммед. Сұрағың орынды. 
Өзің қалай ойлайсың?
– Адамның тегіне или тәрбиесіне байланысты 
шығар? Мысалы күштілер «Ұлы жүз», орташалар 
«Орта жүз»...
– Қайт, балам! Не деген сөз бұл? Тек пен тәр-
биеде үш жүздің бір-бірінен кем түсер жері жоқ. 
Қазақ үш жүзге бөліну арқылы елін, жерін қорғау-
ды мақсат еткен. Басқа мәні жоқ! Көрдің бе, ел 
мен жерді ұмыттырып, тек өз қара басын ойлау-


171
ды үйреткен мына заман сенің де ойыңды бұрма-
лапты. Пәлі-ай… Сонда сен өзіңді басқа жүздерден 
«ұлы» санап жүрмісің, балам?
– Ойым ғана сондай еді, ата. 
– Өй, өсіп-өнгір Дінмұхаммед… Кейбір үмітсіз 
жүрген пенделер сияқты сендерде де қате пікір, 
жаңсақ ой бар ма? Ондай болса, аталарыңды 
тыңдаңдар. Қазақ деген өте дана халық. Жүзге де, 
руға да өз қара басын ойлағаннан бөлінген емес. 
Қазақ үшін ел қамы, жер қамы, ұрпақ қамы бірінші 
орында болған. Неге дейсіңдер ғой? Жаугершілік 
заманында қазаққа кең даласын қорғап қалу үшін, 
жауды жеңу үшін бөлінуге тура келді. Жер бірлігі, 
ел тұтастығы үшін үш жүзге бөлінген қайран қа-
зағым бүгінде жалаң жаңсақ оймен жүзге, руға 
бөлініп, сол бірліктен ажырап барады емес пе?.. 
Е-е-е, несін айтайын, алтындарым? Ал ру болып, 
жеті бабасын, шыққан тегін білудің мәні неде деп 
ойлайсыңдар? Қазіргідей руыңа қарап, кім-кімнен 
мықты, кім-кімнен биік, кім-кімнен абыройлы 
екенін білу ме? Жо-о-о-қ…
Жарықтық ата-бабамыз қан тазалығын, ұр-
пақ саулығын ойлаған. Өз тегін білген ұрпақ жеті 
атаға дейін қыз алыспай, жаңағы… «ген» дегенді 
таза сақтап қалатынын білген. Қан тазалығы 
ұрпақтың сана-саулығын сақтаған. Соны білің-
дер. Бүгінде қазақтың өнерде де, ғылымда да 
жұрттан басып озғаны содан ба деймін. Қаны 
таза халықпыз ғой. Осы үшін біз бабаларымызға 
қарыздармыз, жарықтарым. Осы жағынан алған-
да руыңды, тегіңді, бабаңды біліп жүргің, алтын-
дарым-ау. Сонда аталарың да сендерге ыразы бо-


172
лады. Өткеніңді ардақтамай, келешек саған кең 
болмас! Естеріңнен шығармаңдар! Сендерге қазақ 
халқы сенім артып отыр. Жалындаған жастарға 
сеніп отыр. Сендерге кеше де сенді, бүгін де сенеді, 
келешекте де сенім артады. Міржақып аталарың 
«Оян, қазақ!» демеді ме, Мағжан аталарың «Мен 
жастарға сенемін» демеді ме, Әлихан аталарың 
«Тірі тұрсам, қазаққа қызмет қылмай қоймай-
мын» демеді ме, Ахмет аталарың «Сөзі жоғалған 
ұлттың өзі де жоғалады» демеді ме?! Алаш арыс-
тарының аманатын ақтау сендерге жүктеледі, 
ұрпағым. Өздеріңдей көздері мөлтілдеп тұрған, 
жүректері жалындап тұрған жастарға жүкте-
леді. Сенім арқалаңдар, Қазаққа қызмет қылың-
дар, Сөзіңді жоғалтпаңдар. Ояныңдар!».
Ата, ұйқыдан оятар ойлы сөзіңіз үшін, осынау 
іргелі ісіңіз үшін Сізге сансыз рақмет!
Ата, есейгеннен бе екен, мен де өзің сияқ-
ты ел келешегін, ұрпақ қамын көп ойлайтын 
болыппын. Тіпті, білесің бе, келешек ұрпағы-
мызға – Қазаққа хат жаздым. Дәл өзіңе жаз-
ған сияқты. Қысқа болса да, осы хатқа бар уа-
йым-күйінішімді, үмітім мен сенімімді сыйғы-
зуға ұмтылдым. Жанымда тірі жүрсең, дауыс- 
тап оқып берер ме едім... Сонда да құлағыңыз 
түрік жатқан болар, зейін салыңызшы:


173


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет