«– Жеңеше-ау, ағам екеуіңіздің махаббаттары- ңызға тәнті-мін… –
Саған да сондай махаббат бұйырсын, жаным. Бірақ бізді үлгі деуіңе әлі ерте. Өмір алда ғой. Өмірдің бар жақсы-жаманын бірге көріп, Құ- дайдың алдында берген серттерінің жартысына жуығын адалдықпен атқарып, қол ұстасып қы- рық, елу, алпыс жыл сүргендер ғана шын үлгі ғой, ақ құсым. – Иә, жеңше, сөзіңіз рас. Атам да осыны жиі ай- татын. – Мәселен, қазір «тик-токта» Қонаев атамыз- дың жарымен бірге тұрған бір жып-жылы бейне- баяны тарап жүр ғой, көрдің бе? – Иә, иә, жеңше. Атам сол Дінмұхаммед Қонаев пен Зуһра Шәріпқызын жиі айтатын. Олардың махаббаттары деген… – Дәл біздің атамыз бен әжеміздей ғой, жаным. – Атама осыны мен де айтып ем, жеңше. Сонда атам күліп: «
Әй, қой әрі. Мені Димекеңмен салыс- тырма. Ол дарамен ешкім теңесе алмас, Қарлы- ғаш… Ешкім! – Неге ата? – Ол – біртуар тұлға… Әсіресе, сезім тұрғысын- да мен одан бірнеше саты төменмін, жарығым. – Бірақ әжем екеуіңізге қарасам…
144
–
Жо, жоқ, Қарлығаш. Мен әжеңді біраз ренжіттім. Қанша ғұмырымыз қалғаны бір Алла- ға аян, сондықтан мына жарық дүниедегі соңғы күндерімде шындықты айтайын. Жас болдық, қа- телестік, шалыс бастық. Адалдықтың, серттің киесін білмедік дегендей. Серт киесін кейінірек біл- гендіктен соң ғана тәубеге келдік қой, ақ құсым. Әжеңнің даналығы сол – жақсылығымды асырып, жамандығымды жасырып, кем-кетігімді күзеп, түтінімді түзеп, міне, алпыс жылдан астам жа- нымда келеді. Алла оған ыразы болсын! – Ата, мінсіз адам жоқ деп өзіңіз де айтасыз ғой. Кім қателеспейді? Бәріміз де Құдайдың пен- десіміз ғой. Ең бастысы, араларыңыздағы сыйлас- тық суымады ғой. – Ә-ә-ә, балам, солай, солай. Алайда сыйластық- тың жөні бір басқа да, адалдық пен түсіністіктің жөні басқа. Адалдық пен түсіністік бар отбасы- ларда махаббат мәңгі салтанат құрады. – Адалдықты түсіндім, ал, түсіністік деген қа- лай сонда? – Бір-біріңнің жандарыңа үңіле білу, түсінісе білу, соған қарай әрекет етуді түсіністік дейді ба- лам. Мәселенки, ол қуарса сен де қуар, сен қуансаң ол да қуансын. Бірін-бірі түсінуге тырыспаған ер мен әйелдің шаңырағы жиі шайқалады. Ал «әңгі- месі таусылмаған» ғашықтардың махаббаты өздері өмірден өтіп кетсе де, ұрпаққа үлгі болып қала береді екен. Оған мысал, жаңа өзің айтқан Димекең мен Зуһра апаңның өнегелі ғұмыры. – Ата, көпті білесіз ғой. Мен Қонаевтардың махаббаты жайлы көбірек білгім келеді. Не айта аласыз?
145
– Е-е-е-е, жарығым сол! Өрісім-ау… Білгенімді айтайын… Қонаев атаң айтқандай, екеуі 50 жыл 6 ай 2 күн сыйластықта ғұмыр кешіпті… Мен білетін ақпар азырақ, балам. Ең ұлығы – Зуһра әжең ел көсемінің ең лайықты жары. Мен мұны өзім бі- летін азырақ деректерден-ақ айта аламын, жа- рығым. Зуһра әжең өте текті, инабатты, мәде- ниетті, білімді кісі болған деседі. Дінмұхаммед атаң бір сұхбатында: «Зуһра Шәріпқызы ғажап адам болатын. Ең жақын, ең қимас досым еді. Біз елу жыл, алты ай, екі күн бірге тату-тәтті ғұ-