Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет3/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

Себебі, Жа-
ратушым Алла – әл-Уасиғ, ең ұлы қорғаушым, ең 
мықты қорғаным. 
Жаратушы Ием маған ерекше сезім, өзгеше 
тағдыр берді. Ендігі ақтарылып айтар әңгіме: 
Атасының еркесі – Қарлығаштың тағдыры, 
Қарлығаштың махаббаты жөнінде…
***
– Ата, менің атымды неге Қарлығаш деп қой-
дыңыз? 
– Аян берді, балам. 
– Қандай аян, ата? 
– Бұрынырақ та айтып едім ғой. Жарайды, ол 
кезде сәби едің, ұмыттың-ау, ақ құсым.
...Біздер қазақтың төбе биі – Төле бабаңның ұр-
пағымыз, оны өзің де білесің. Бір күні түнде бей-
таныс қария түсіме кіріп, «Бұл – Төле би бабаң-
ның аманаты» деп, киелі құс – қарлығаштың ұя-
сын қолыма ұстатып кетті. 
Қарлығаштың ұясын 


9
қолыма ұстаған күйі оянып кеттім. Шынында ояу 
едім
.
Оянып, таңғы азанды оқып болып едім, жа-
ныма әжең жүгіре келіп, құлағыма: «Сүйінші, ата-
сы, өрісіміз келді дүниеге», – деп сыбырлап кетті. 
Сол сәтте қарлығаштың ұясын көрген түсім есі-
ме түсе кетіп,
ішімнен: «
Қарлығашым» дедім 
де, 
сәждеден бас көтермей, Құдайға тәубе еттім. 
Сондағы қарлығаш құстың ұясы – сенің ұямызға 
ұялайтындығың болғаны деп болжадым. Солай, 
біз 
сені ұзақ күткен едік, күттіріп, сағындыртып 
келдің-ау өмірге. Келгеніңе шүкір. Сен бұл өмірге 
жай келмедің, сенің де өмірден алар үлкен үлесің 
бар, 
күнім. Сен біздің шаңыраққа қуаныш ала 
келдің, тәубе, шүкір. 
– А-а-а, иә, ата. «Сенің атың аянмен келген» 
деп жиі айтатындарыңыз сол екен ғой...
– Иә, аян бергенге дейін басқа бір есім таңдап 
жүрген
едік. «
Адамның айтқаны болмайды, Ал-
ланың дегені болады», біздің ол ойлағанымыз 
болмай қалды
.
Сені перзентханадан араға бір 
апта салып, үйге алып келді. «Бісміллә» деп, азан 
шақырып, өзіңе қояр атыңды атай бергенім сол 
еді, терезе жақтан қарлығаштың 
«шиқ-шиқ» ет-
кен үні 
естілді. Елес шығар дейін десем, бәрі де үй 
кенересіне ұя салайын деп жүрген қарлығаштың 
үнін естіп, өзін көріп тұр. Не дейін, ойланбастан, 
біз
таңдаған есімді емес, тұсыма келген құстың 
киесін біліп, атыңды Қарлығаш дедім де қойдым. 
Солай… Төле би бабамыздың «Қарлығаш әу-
лие» атанғаны жайлы да білесің ғой. Білсең, бұл 
да бекер емес, оны да ойладым. 
Сен біздің ұз-а-а-ақ күткен қуанышымызсың, 
қарлығаш құсымызсың, Қарлығаш! Сенің мы-


10
нау сұлу келіншек – әжең екеуміз үшін орның бір 
төбе. 
– Өзіме атым ұнайды, ата. Сонда да осы аян де-
генге сенуге бола ма? Бұл қаншалықты рас? 
– Е-е-е, жарығым, жақсы түс – Құдайдан, жа-
ман түс – шайтаннан. Жақсы түс
көрсең, 
Жарат-
қаннан келген аян деп, жақсы қабылда, қорқы-
нышты я күмәнді түс болса, оны еш ойға алмаған 
жөн. Ойламасаң, ол түс орындалмайды екен. Жә, 
біз айтамыз да қоямыз, барлығын бір Алла бас-
қарады ғой, жарығым. 
Ол Алла – әл-Уәкил, басқа-
рушы, барлығын жалғыз өзі басқарып, әмір беріп 
тұрады. 
– Ата, мен жиі түс көремін, оның қайсыбірі аян, 
қайсыбірі күндізгі ойдың әсері екенін біле алмай-
мын. Ойда жүргесін бе, соңғы кезде түс көруім 
мүлде жиілеп кетті. 
– Өткенде түсіңе енген ақ орамал таққан, жүзі 
жылы ананы айтып отырсың ба, жарығым? 
– Иә, ата... 
– Оның жөн.
– 
Ата, соңғы кезде, білмеймін, кеудемде бір 
ауырлық бар сияқты... Әйтеуір, оны іштей се-
земін. Сабақ оқып отырғанда, жүрегім өз-өзінен 
дүрсілдеп кетеді. Мамаларға да айттым. Олардың 
айтуынша, қазіргі жасымда осындай өзгерістер 
болып тұрады екен. Алайда осы күйім өзіме қор-
қынышты көрінеді. Түнде көпке дейін кірпік іл-
мей жатамын. 
– Өй, жарығым… Сен мұны ойлап, қам жеме. 
Қазір әжең бір дем салып жіберсе болды, әлі-ақ 
ұмытып кетесің. 


11
– Ата, маған осының барлығы қорқынышты 
көрінеді. 
Оған қоса мен өлең жазамын, өткенде 
айтқан едім ғой. Бұл дем салғанмен кетпейтін 
сияқты. 
– Охо, өлең... Кәні, көрсете ғой, еркем. Мен өт-
кенде бұл сөзіңе мән бермеппін. Таң намазына 
көзің қызарып оянатының содан екен ғой. Мен 
сені әнеу бір бауырларың сияқты тұяқтай қорап-
ты, тілипон ба, не, соны қолдан тастамай, ойын-
пойын көріп таң атыра ма десем. 
– Өй, ата, ол тілипон емес, телефон. Те-ле-фон! 
Қорап дей бересіз, тегі, күлкіні келтіріп. 
– Е, ештеңе етпес, біздің тіл соған үйренген, 
жалпақтау ғой. 
– Мейлі, қазір оны қоя тұрыңызшы. Мен түс кө-
рем де, сосын шошып, терлеп-тепшіп оянамын. Оя-
намын да өлең жаза бастаймын. Сонда жүрегімнің 
соғысы жиілеп, өзімді қоярға жер таппай, 
күллі дү-
ниеге 
сыймай кетемін. Ата, соны сіздерге айтқым 
келмеген еді, бірақ қиналып кеттім. 
– Уа, мейірімі шексіз Алла, қайырын бере гөр, 
қайырын. Алла қайырын береді, қорықпа, әр нәр-
сенің шешімі табылады. Ал, ақ құсым, бақ құсым, 
өлеңдеріңді көрсетші. 
– Ұяламын, ата. 
– Ұялсаң ұлық болмайсың, ұялма. 
– Тағы бірде көрсетсем бола ма? 
– Олай болса, басқа жолын іздейік, көрген 
түсіңді айтып бере ғой. 
– Бір адамды түсімде көре беремін. Кейде елес 
сияқты... Сосын оянып кетем де, қолыма қалам 
аламын. Ойыма ұйысып-қиысып түрлі ұйқастар 


12
келе береді, ойлар келе береді. Сөйте-сөйте өлең 
туады. Өлеңді жазғым да келмейді, бірақ өлең 
жазбасам тағы қиналамын. 
– Қарлығашым, аппақ құсым менің, мынау бір 
сәттік дүниәда (Атам дүние дегенді «дүниә, дү-
ния» деп айтады, ол өзіне жарасады) Құдай Та-
ғала адамның әр минөтін бақылап тұрады екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет