Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет5/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Себебі, Ол, Алла 

 әл-Фаттах, яғни, жақсылық 
жасаушы, әр пендесіне тек жақсылық қалайды.
Атам сөйтіп айтушы еді… 
Көрген әр түсімді ояна сала атама айтып, бір-
ге жорып отырушы едік. Қазақ салты бойынша 
түсіңді ер адамға, жақсы болса, үш күннен соң жо-
рытпақ керек. Мұны да атам айтқан.
Атасының айтқан ақылына құлақ асып, өзінің 
көрген түс-аяндарын атасына ғана жорытқан 
– атасының қызының, Алатау бөктеріндегі Ақо-
тау ауылындағы қарапайым қазақ қызының жас 
жанына ұя салған сырлы сезім, сан құбылыстың 
мәнін 
дәл атам сияқты ұғына білсеңіздер екен? 
Ұғына білем десеңіздер, сіздерге де сырымды 
айта отырайын...
Сонымен, көп ұзамай көрер түсімнің қасына 
өлең қосылды... Түн ортасында ояна кетіп, өзім-
нен-өзім өлең жаза бастаймын. Өлеңді жаза-жаза 
жастық асты жастанып, қалғып кетемін. Қалғып 
кетіп, қайта оянып, қайта қолға қалам аламын. 
Қайтадан қалжырап, қабартып, қалғып-шұл-
ғып, көз шырымын аламын. Азанда «бұл өлеңді 


17
СУРЕТ 2
шынымен мен жаздым ба?..», – деп, ақ параққа 
телміріп қараймын. Сол ақ қағазға тізіліп түскен, 
үзіліп түскен алғашқы жыр-шумақтардың да ал-
ғашқы оқырманы атам болды. 
Бірде атам бел жазып отыра бергенде, қасына 
бардым.
– Ата, өткенде өлеңдеріңді көрсет деп едіңіз 
ғой… 
– Кәнеки, жарығым, көрейік. Атам тақиясын 
тақ еткізіп төбесіне қондырды. Өзінің әдеті сол. 
Құран оқып, Құранды құрметтеген кісі ғой, бас-
тан бағым ұшпасын деп, тақиясын тастамайды.
Тақиялы атам, тақиялы да тақуалы атам, сәби 
мінезі сақталған атам менің шимай өлеңдерімді 
көптен күткен-ау, қуана-қуана қол созды:
– Міне, ата, бірде торкөз дәптерге, бірде май-
лық қағазға, бірде ағаш жапырағына жазылған... 
– Майлығы несі, жапырағы несі?..
– Иә, ата, майлыққа да, жапыраққа да... Сіз 
бұрын ақындардың шабытты шақтары жайлы 
көп айтатын едіңіз ғой. Сол шабытты сәттерін-
де «ақындар өлеңдерін қалай жазады?» деген 
сұрағымызға, «ой қозғайды, жүрек тулайды, 
шабыт шарықтайды, қалам жазады, жан жыр-
лайды», 

деп, жауап беретінсіз. Осы сөзді мен 
де түсінген сияқтымын. Шабыт қысқанда қай-
да жүргеніңе қарамастан, еріксіз қалам ұстап, 
қолға түскен майлыққа да, жапыраққа да жаза 
береді екенсің. 
Атам айтқандарын енді ғана есіне алып, кіш-
кентай бала сияқты күле қарап жымиды. Жыми-
ғаны қандай! 


18
«Мен де шабытты шақтарда мұңайып та, қуа-
нып та өлең жазамын. Алайда мұндай толқыныс 
не үшін, кім үшін қажет? Әсіресе, менің жазған 
өлеңдерім, өлең демейінші, шимайларым кімге 
қажет? Айналайындар-ау, ақын-жазушылар жұрт 
оқысын, керегін алсын деп жазады ғой. Ал мен 
ше?!». 
Жазатайым жанып бара жатқан осы ойымды 
атам бөліп жіберді:
– Өй, ақ құсым. Ал енді мұқият тыңдай ғой 
атаңды. Көктегі Құдайым кейбір адамды ерекше 
жаратады. Бұл ерекшелік бойға біткен біліммен, 
ізденіс-іліммен, өлшеусіз ой-өріс, өнермен өлше-
неді. Бұл адамзаттың бірі – темірден түйін түй-
ген шебер, бірі – ән өрлеткен әнші, бірі – бүкіл дү-
ниенің дертін де өртін арқаласқан ақын болмақ. 
Әлемде қаншама өнер түрі кездессе де, бірақ осы 
адамдардың барлығы бір ақиқатты түсінбек ке-
рек. Ол ақиқат – ардың тазалығы. Арлы көңілмен 
бойдағы өнерді ардақты елге жайып салу. Бойға 
қонған өнерге мастанбау керек, қайта бетегеден 
биік, жусаннан аласа болуы керек. Кез келген 
адамның бойына қонған өнер, ол – халықтың 
қазынасы. Ал, дарынды адамдар сол қазынаны 
қопара арқалап, асылдандырып, әрлеп-нәрлеп, 
ең озық нұсқада, саф таза күйінде жұртшылыққа 
жеткізуші ретінде ғана Алла тарапынан таңдал-
ған жандар. Өнердің киесі осында, балам. Сен де, 
көкем, осылардың бірі боларсың. Сондай болға-
ныңды тілеймін. 
Адам да, оның бойындағы қабілет те туа сала 
мінсіз болмайды. Мін де, сын да жүре түзеледі. 


19
Атам қазақ «Көш жүре түзеледі» деген. Көшің 
түзу болып, келешекте халық мұрасын абыро-
йыңмен аманаттау үшін, қабілетіңнің жетілуі 
үшін үш дүниеге сүйенсең, жаман болмассың, бұл 
– тынымсыз еңбек, жігерлі жүрек, сейілмес сенім. 
«Құдайым оңдайды, өз сенімім қолдайды» де-
ген сенімнен айырылма! Жазған да, жазар жыр-
өлеңің өртті боларына сеніммен қара. Өзіңе-өзің 
сенбесең, өзге саған сеніп болмас.
– Сонда менің жазғандарым күлкілі емес пе, 
ата? 
– Құдайдан келген дарынға күлсең, өзің күл, 
ал, мен оқимын...Өй, қолың мұздап қалыпты ғой... 
Қане, шапанымның қалтасына салғын, аяқ-қо-
лың жылы жүрсін, балам.
Атам маңдайымнан бір иіскеп сүйді де, өлең-
дерімді мұқият оқи бастады. 


20


21
 ***
Алғашында өлеңді қиналып жазатынмын. Жүре 
келе өлең жазбасам тұра алмайтын күйге түстім. 
Өлең жазарда өзімді көктемнің жылы нұрлы шуа-
ғына малынып, енді ғана ашылып жатқан ағаш 
бүршігіне теңейтінмін. Бойымды алпауыт күш кер-
неп, өз арнама өзім сыймайтын кездер де болды.
Мектебін жаңа бітіріп, филология факуль-
тетінің екінші курсында оқып жүрген мендей 
ерке қыздың өмірі күрт өзгеріп кетті. Атасының 
Қарлығашы өмірінің жаңа парағын ашып, қиын-
дығы мен қызығы қатар жүретін, кейде күйретсе 
де көпке үйреткен жолға қадам басты. 
Өлеңдерің ке-ре-мет, ақ құсым! Қауырсы-
ның кеппесін, қанатыңа мынау ұлық дүние дем 
берсін, талмай самға… 
– Қайдам, ата, не ұйқасы, не мәні жоқ... 
– Қарлығаш, қайт! (Атам маған өзгелерге көр-
сеткен қатулы қабағын ешқашан байқатқан емес, 
зекіп сөйлеген емес, аузымнан ойсыз сөз шықса 
«қайт» деп қана жұмсақ сөйлейтін, осы ойыңнан 
қайт дегені ғой…). 
– Ата, ренжімеңізші, бірақ бұл рас қой. 
– Бағана ғана не айтып едім, балам? Мінсіздік 
Құдайға ғана жарасқан, Құдайға ғана!
– Ата, жалғыздық та, Құдайға ғана жарасқан 
емес пе? Бірақ, мен, Құдай емес, Құдайдың пен-
десімін ғой. Ойымды сезе қойды ма, атам сөзімді 
шарт бөлді:
– Қайт, Қарлығашым, қайт. Сен мына ғаламат 
әлемнің бір ғана бөлшегісің, қандай кішкентай 


22
болсаң да, бөлшегісің. Бағалысың. Өмірде түрлі 
жағдайлар болады, балам. Кейде ешкімге қажетің 
жоқтай, өмірден түңілетін кездерің де болады. 
Ондай күндер әлі алда. Ондай күндерді Алла Та-
ғалам пенделерін сынамақ үшін жібереді. Біреуді 
сең үстінде сенделтіп, біреуді от ішінде оранта-
ды. Оттан шыға алмаған омақа асады, сеңнен 
өте алмағаны сүмірейіп өтеді. Тағы да айтам, от-
тан да судан өтпекке сенім-үмітің желкен. «Көз 
– қорқақ, қол – батыр», «Шешінген судан тайын-
бас», «Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің. 
Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің» де-
ген, тәуекелің болсын. Тәуекелің барда тауды 
тесіп, теңізді кешіп, келешектің көгіне бірде 
шығарсың. 
Айнанайын, кесірлі ойлар ғұмырыңның бір 
сәтіне тап болса, оң қолыңды жүрегіңе қой-да-
ғы: «Мен жалғыз емеспін. Алла менің жағымда, 
Алла менің жанымда» деп айтқың. Алла саған 
өте жақын, сезіп тұр, көріп-біліп, естіп тұр сені. 
Жаратушыңмен жан жүрегің арқылы жақында-
са біл. Алланың бар ісін жүрекпен сезін. Себебі 
сен де Құдайдың үлкен махаббатпен жаратқан 
тіршілігісің. Сен болмасаң әлем толық болмайды. 
Құдай Тағалам ештеңені, ешкімді серіксіз қып 
жаратпаған, барлығын бір-бірімен себептестіре 
жаратты. Алайда мінсіз адам жоқ. Адам өзгені 
мінемей, өз мінін түзеу арқылы парасатты ой-
дың падишасына айналып, адамзаттық асқарға 
жетеді. Ал Құдай құлантаза, мінсіз. Ол қателес-
пейді... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет