Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет9/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

Себебі, Ол 
Алла – Әс-Сәмиғ, әр нәрсені естуші, Әл-Басир, бар-
лығын, тіпті ғайыпты да көруші. 
– Ата-ау, рақмет ниетіңізге, біраз жеңілдеп қал-
дым ғой. Тәбетім де ашылып келеді. Жүріңізші, 
шай ішейік, әжем күтіп қалған шығар. 
***
Атамның осындай салмақты сөздерінен соң 
біраз жеңілдеп қалдым. Жүрегімде бүр жарған 
сезімнің қадір-қасиетін ұғынып, Аллаға шүкір 
дедім. Сезімімнің судан тұнық тазалығына 
сендім. Осы сәтте жасымнан жадымда жатталып 
қалған бір аңыз еске түсті...
Бірде атам мынадай әңгіме айтып еді. Ол кез-
де мен он бес жас шамасындамын. Сол жастан-ақ 
ойлы әңгімелерін айтып, жадымызда жаттатқан 
атамның даналығы шексіз екен. Атамның са-
лауатты ой, салмақты сөзінен артық саулық бар 
ма екен, сірә.


33
Атамның әңгімесі Бәйдібек бабамыздың асыл 
жары, Алаштың асыл анасы – Нұрила (Домалақ 
ана) әжеміз жайлы болды:
«Қарлығаш, сен қалың орман қазақтың, ал-
тын орда Алаштың тарихында ерекше орны бар, 
төрінде түлеп-өсіп көбейген Бәйдібек баба ұр-
пағысың. Енді бойжеткен қыз болдың, осындай 
шежіре-тарихты біле жүргің. Бабамыз Бәйдібек 
Батыс Түрік қағандығын басқарған Қараша қа-
ғанның ұлы Естемес қағаннан туған перзент. Ба-
бамыздың өмірдегі сенімді серігі, адал жары бола 
білген, терең ақылы мен көркем мінезі жарасқан 
Нұрила әжеміз де асылдың сынығы. Ол Қожа руы-
нан шыққан Мақтым Ағзам қожаның немересі. 
Мақтым Ағзамның өзі Қожа Ахмет Иассауидің 
Гауһар деген қызынан тараған ұрпақ. Мақтым 
Ағзамның ұлы Әли сыманнан шыққан Нұрбикеге 
үйленіп, екеуінен осы Нұрила анамыз туады. Әкесі 
мен анасы дүниеден ерте көшіп, Нұрила әжеміз 
атасы Мақтым Ағзамның қолында өсіпті. 
Бабамыз бен анамыз жайлы аңыз-әңгіме көп, 
қарағым. Сол аңыздардың бірінде Нұриланың 
жасы он төртке толған, балауса кезі екен. Су 
алмаққа құдыққа келеді. Құдықтан су ала берген 
сәтінде қауға-мауғасымен құдық ішіне күмп бе-
реді. Бағына қарай Бәйдібек баба тап болып, оны 
білегінен шап беріп, терең құдықтан шығарып 
алады. Домалақ анамыз осылайша аман қалып-
ты. Осы оқиғадан Мақтым Ағзам да құлағдар бо-
лысып, алты жылдай бұрынғы көрген түсін ойға 
алады. Түсінде Ахмет Иассауи бабасы: «Жалғыз 
немере қызыңа әулиелік дарып, бақ қонады. Оның 
білегін кім ұстаса, сол адамға некесін қиып қос, 


34
үбірлі-шүбірлі, бақытты болады», – деп аян бер-
ген еді. Міне, аянның арнасымен, Алланың жазуы-
мен Домалақ анамыз бен Бәйдібек бабамыз бас 
қосыпты. Көрдің бе, өмірде орын алған бұл оқиға-
да қаншама мән-мағына, тектілік, парасатты-
лық, адалдық атаулы жатыр, жарығым, жады-
ңа тоқып алғың. Әрине, о заман мен бұ заманның 
айырмасы жер мен көктей. Қазір ойдың астарын, 
сөздің тігісін түсіне кетер түсі игі жан кемде-кем
-ау... Адамның адамды түсінуі, көзқарастарының 
бір ортаға тоғыса кетпегі, жалпы, өмір құбылыс-
тарын құнттап-қабылдаулары өзгешелеу... Мен 
тарихтың беттерін қозғап, саған өткен-кет-
кенді жайдан-жай айтып отырғаным жоқ. Бұл 
оқиғадан өзіңе керегін ғана ала ғой…».
Атам тақиясын түзеп, сөзін аяқтады. Содан 
бері бұл сөздер жадымнан өшкен емес. Мен Нұри-
ла әжеміздің тағылымды ғұмырынан қыз бала-
сына тән мінезді, тазалық пен парасатты көрдім. 
Сондықтан мен де жүрегімді толқытқан тұнық 
сезімім үшін ризамын! Көрмесем де, таныспасам 
да, білмесем де, сол бір мен ғашық болып үлгер-
ген адамды көңіліммен емес, жанарыммен де 
емес, жүрегіммен сүйетіндігім қуантады. Кейде 
кейбір құрбылар болашақ азаматын, жанында 
жүрер жарын оның сыртқы сұлулығымен, бойы-
ның сұңғақ, ұзын болғандығымен ғана өлшеп-
пішіп бағаласады. Бойы болып, ойы жоқ болса 
қайтпек?.. Махаббаттың құнын түсіріп, лас ұғым-
дарды махаббатқа балайтындар да бар. Осындай 
орашолақ ой, жеңілтек мінезден мені арашалап, 
алыстарға жетелеген тағдыр жолыма не десем 
екен?! Әрине, шүкір!...


35
«Барлығынан жоғары тұрған, тағдырыма тап 
болған таңғы шықтай мөлдір, ақ адал махабба-
тым үшін Аллаға сансыз мадақ айтамын. Ақ дұ-
ғамен, шын пейілмен, адал ниет, нәзік жырмен 
әспеттелген махаббатыма ризамын, тәубе!..».
Осындай оймен тағы бір шуақты таңымды 
қарсы алдым. 
***
Атам екеуміз күнде сағаттап ой бөлісеміз. 
Ойымыздың желісі үзілген емес. Әсте үзілме-
гей деп тілеймін. Атам менімен жарты сағат 
болсын ой алмасуды ұмытпайды. Атаммен дү-
ниедегі бар мәселені, бар сұрақты, тарихты да, 
салт-сана дәстүрді де, ғаламдағы болып жатқан 
жаңалықтарды да сөз етемін. Жаңалықты сөз 
етпекке атамның өзі сұранып тұрады. Атам өт-
кеннің өнегесін ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаным-
дарының төріне шығарып, мынау жаңа дәуірдің 
саты-баспалдағын сыналап басып, ғылым мен 
технология көшімен ілесіп үлгерген адам. Ол 
немерелерін түсінеді, ғалам жаңалықтарын біз-
бен бірге талқылайды, қажет жерінде қолдап, 
қажет жерінде сынап қояды. Ең бастысы, атам 
әділ әрі кең адам. Ауылымызда атам көмектес- 
пеген адам кемде-кем. Көшеде кез келген кісіні 
тоқтатып, «Әлі ақсақалдың қандай жақсылығын 
білесің?» деп сұрасаңыз, ауыз толтырып, мақтай 
жөнеледі. Атам мен әжемнің жомарттығы, дана-
лығы мен адамгершілгі бүгінгі ұрпағына азық. 
Іні-сіңлілеріме мен де өзімше «Атамдай болың-
дар», «Әжемдей болыңдар» деп қоямын...


36
Біз
кеше тағы да әңгіме өрбіттік: 
«– Қарлығаш, өзіңе қояр сұрағым бар. 
– Иә, ата? 
– Алланы сүю дегенді қалай түсінесің, жары-
ғым? 
– Алла разы болатындай ғұмыр кешу керек 
шығар... 
– Дұры-ы-ыс. Бірақ... 
– Бірақ, ата, бұл жайлы ойланып та көрмеппін... 
Әйтеуір, Жаратушыға деген ерекше ықылас бар. 
Бала жастан жүрекке егілген махаббат қой. Сіз 
қалай ойлайсыз? 
– Бұл сұрақ төңірегінде Абайға жүгінейік, иә, 
ақ құсым? 
– Иә... 
– Абай: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет