30
бар екенінің басы да, соңы да жоқ, ол мәңгілік, ба-
лам.
– Бұл ісім Құдайды разы қыла ма сонда?
–
Ырза қылады, әрине. Тек анау айтқан, «есі
ауысқан» деген сөзің өте ерсі. Міне, осы сөзің-
мен Жаратқанды ренжітуің әбден мүмкін. Саған
берілген дарын, бойыңа қонған қасиет, жүрегіңе
ұя салған сезім осы сөзіңнен қайдам биік. Ендігі-
де ондай ой ойлап, сөз айтудан аулақ бол.
Ойы
орашолақтың
қашанда қадірі жоқ, ақылдым.
– Кешіріңіз, ата…
– Айналдым, жарығым… Е-е-е-е, сөйтіп, дұға
дедің бе?
– Иә, дұға. Түсіме енетін адамды алғаш рет дұ-
ғама қостым. Сіздермен,
ата-анаммен, бауырла-
рыммен қатар сол адамның амандығын-саулы-
ғын сұрадым.
– Япыр-ай, Алланың ұлылығын-ай…
– Ата, сол бір жанды танымасам да, ескі бір та-
нысымдай жылы ұшырап көрінеді, сол үшін де
дұғама қосқан шығармын.
– Ақ құсым-ау, қазақ жақынын жаным демеуші
ме еді? Ал жан, ол – сен, сенің тіршілігің, алған әр
тынысың, әр нені сезіне білген әр сәтің. Айрықша
сезіміңнің дұғадан
басталғаны да тазалықтың,
даралықтың белгісі. Тәңір Ием өзіңді осы бір
таза, дара сезімнен айырмасын.
– Жо-о-қ, олай демеңіз, қайта тезірек құтыла-
йыншы құрғақ қиялдан. Әйтпесе, қиналып кеттім.
Осы ғайыпқа тап болғалы бері өз арнамнан асып,
мына дүниеге сыймай барамын, ата-ау.
– Тәйт, балам… Құдай білер,
осы бір жағдай
саған бекер берілген жоқ. Бір себебі, бір берері
31
бар болмақ керек. Құдай ғұмыр берсе оны да кө-
рерміз, түсінерміз әлі. Ал дұға жасағаның тіптен
жақсы. Адам жайдан-жай дұға жасамайды. Дұға-
сына жүрегінде ерекше орны бар адамды ғана қо-
сады. Бала жастан дұғаның кереметі жайлы біраз
әңгімені есіттің. Есіңде болар,
Әс-Сәллам, есендік
беруші Алла әр адамның мұқтажын өтейді емес
пе?
Оған қоса, ақ құсым, білесің бе, дұға – адам
тағдырының бастауы.
– Қалай, сонда?..
– Байқасаң, мұның сыры мынада: Сүйікті пай-
ғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хадистерінің бірінде:
«Сіздердің әрқайсыларыңыз-
дың жаратылысыңыз әуелі ана жатырында қы-
рық күнде жүзеге асады. Кейіннен ұйыған қанға,
одан бір жапырақ етке айналады. Содан кейін ба-
рып оған періште жіберіліп, жан бітіріледі. Періш-
теге сәбидің «несібесін, ажалын, амалын, бақытсыз
я бақытты болатынын тағдырына жазу бұйыры-
лады»
деп айтылған екен. Бұл дегеніміз, кез кел-
ген ана, құрсағында сәби барын білген сәттен-ақ,
баланың тағдыры жазылмай тұрып, ұрпағы үшін
дұға жасап, оның тағдырын – несібесін, ажалын,
амалын,
өмірдегі бағын таңдай алады, бақытты
ғұмыр сұрай алады. Құдайдан тілесе, берері хақ.
Сен де Алла берген тағдырға бағынып, өз теңіңді
тауып, бір күні ана боларсың, жарығым. Сол кез-
де қарт атаңның осы бір сөзін еске алып қойғың.
Сәбиіңе жан біткенге дейін маңдайыңды сәждеге
қойып, екі алақаныңды көкке қарай созып, сөйтіп,
дұға жасап, балаңның бағын сұра.
– Қазірден бастап сұрасам ше?
32
– Ақылыңнан, сұрай бер, балам, сұрай бер. Сұ-
рай білсең, Құдай береді! Осыны ұмытпа… Сөз
түйіні осы, Қарлығашым. Дұға деген – бір ғажа-
йып, сендер айтпақшы, «чуда»...
– «Чуда» емес, ата, «чудо» ғой.
– Жә, жарайды, «чуда». Таңғажайып өмірде әлі
талай мәрте осыған көзің жетеді. Бастысы, не ті-
лесең де жалынып-жалбарынып, Құдайдан шын
ниетіңмен тіле.
Құдай сенің минутына он бес
мәрте алатын әр тынысыңда, лүпілдеген мына
кішкентай ғана жұмыр жүрегіңнің әр соғысын-
да, бақ құсым. Оны алыстан іздемегің.
Достарыңызбен бөлісу: