Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет7/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Әл-Малик, 
ұлы патша. Тәңір қалай әмір берем десе, солай 
болмақ.
Тіпті сенің осындай бей-жай жағдайға 
тап болғаныңның өзі – Жаратушыңның не сына-
ғы, не сыйы болса керек. Мұны да уақыт көрсе-
тер. Түсіндің бе, жарығым? 
– Иа, ата, жауабын да, шешімін де бір Алладан 
күтейік онда... 
***
...Осылайша менің ғұмыр күнделігімнің па-
рақтары ауыса берді, ауыса берді. Тым жылдам. 
Жиырма жасқа қалай жеткенімді де байқамай 
қалыппын. Осы оқиғаға ессіз еніп, шексіз сеніп 
кеттім. Атам екеуміз түнгі намазға жиі оянамыз. 
Қызығы, мен оянғанда атам да оянады. Бірде та-
хаджуд (түнгі намаз, атамның айтуынша, адам-
ның Жаратқанға ең жақын кезі) намазынан соң 
көзім ілініп кетіпті. Атамның иығына басымды 
қойып, қолымдағы ақ тәспіні тармақтап ауда-
рыстап отырып, түс көріп жатыр екенмін. Тағы да 
сол адам... Тағы да елес секілді... Биік шың басын-
да жүр. Ол қолын көкте күнге соза түсті. Сол сәтте 
мен оянып кетіп, атам екеуміз отырған диваннан 
асыға тұрып, терезеге жақындаппын. Көктемнің 


26
салқын түні еді. Сансыз жұлдызға ұя болған ұлы 
көкке қарадым. Ай жарығы шағылысқан жүзіме 
ыстық жас тама бастады... Ішкі уайым-мұңның 
уыт-жасын сыртқа шығарып, үнсіз қалып, ағыл-
тегіл жасыма ерік бердім. Жұртқа айта алмаған 
сөзім, көкірегімде тас түйілген сезім-мұң жас бо-
лып сыртқа шықты. Неге жылағанымды өзім де 
білмедім. Белгісіз күй кешкендіктен бе, мүмкін 
әлдеқандай қорқыныштан ба? Атам осы кезде 
байсалды үнмен, шарт жүгініп, Құран аяттарын 
оқып отырды. Көз жасымды көрсетпей, сібірлеп 
жауған ақ жауын тамшыларына қарап, терезенің 
жанында Жаратқанға жалбарынып тұра бердім... 
Біраздан соң өз-өзімді қолға алып, көз жасым ты-
йылғаннан кейін терең ойға баттым. Кеудемді 
шаттық кернеп, өмірге қаншалықты ғашық 
екенімді түсіндім. Іштей: «Ара-арасында осылай 
жылап та алу керек шығар» дедім. Жаңбырлы 
түнде көзімнің ыстық жасқа малынғаны да бекер 
болмады. Сол түні таңғы намаздан соң ұзақ дұға 
еттім. Алғаш рет түсіме енген адамды дұғама қос- 
тым. Мендегі сезімнің биігін, тереңдігін, қасиетін 
осы сәтте түсіндім және қабылдадым. Бірақ 
күмән мен уайымнан әлі де арыла алмадым. Осы-
лайша, «Ақ дұға» атты өлең туды. «Мен жақсы 
көрген жанның жолын оңғара гөр. Қашанда оның 
бағына бақ құсын ұялата гөр. Дұғам қабыл бол-
сыншы» деп жалындым Жаратушыға. 
Себебі, Ол, 
Алла – Әл-Мужиб, жауап беруші, дұғаларды қабыл 
етуші…


27


28
***
«Ақ дұғаны» жазған түннен бастап жүрегім-
нен белгісіз жылулықтың лебі есті. Содан бері 
түсіме енетін жанды дұғамнан тастамайтын күй-
ге жеттім. Өзім де бұл күйді түсіне алмадым. На-
мазға тұрған сайын, Құдайға жалбарынған сәтте 
де ол ойыма орала береді. Санамды да, жанымды 
да жүрегіме бағындырып қойдым. Жүрек не десе, 
олар соған көнетіндей. «Өміріңде бір де бір рет 
кездестірмеген адамның жан жүрегін сезініп, ұға-
тындай мен кіммін» деп, өз-өзімді сұрақ астына 
да алып көрдім. Бірақ ол үшін дұға жасау ең игі іс 
екенін түсініп, дұға-тілегім арқылы оған қолдау 
білдіргім келді. Қаншалық алыс болсам да, Жа-
ратушым арқылы, ақ дұғам арқылы жүрегіме із 
салған азаматқа тілекші болғым келді. Осылайша 
мендегі тұнық сезімнің күшін бозарып атқан таң-
мен жарыса жасаған ұзақ дұғадан соң талып қала-
тын екі алақанымнан өзге ешкім білген емес. Ал 
дұға өмір-сезім жолында менің ең үлкен тірегім, 
ең ғажайып күшім боларын сол кезде білген де 
емеспін… Енді сол кездері шынайы ықыласпен 
жасаған әр дұғам уақыт өте келе, Алланың наза-
рына шалынып, өңіме айналып келеді ме, қалай... 
– Ата, түнде дұрыс ұйқтамап едім, шаршап 
тұрмын, рұқсат берсеңіз, кешкі шайды демдеп 
қойдым, демала берсем? 
– Жарығым, әжең соңғы кезде қабағыңа мұң 
қонғанын сезіп жүр. Екеуміз де соны уайымдап... 
Әке-шешең ауылға келеміз дейді, бүгін-ертең 
келіп қалса не дерміз? 


29
– Иә, ата, байқасаңыз, күннен-күнге өзгеріп 
бара жатқандаймын. Есейгенім бе, бойжеткенім 
бе, білмедім… Ұйқы көрмей жүргеніме бір күн 
емес, бірнеше апта болды-ау. Ата, бірақ оған уа-
йымдамаңызшы қатты. Өмірімдегі сондай бір ке-
зең болар. Ата, өткендегі…
– Е, өткендегі екеуміз ғана білетін сырлы сезім 
бе, ақ құсым?
– …Иә, ата, сол... Білесіз бе, кеше тахаджуд на-
маздан соң қызық бір түс көрдім. Сол түстен соң 
тағы да өлең жаздым. Сосын… 
– Сосын? 
– Сосын дұға... 
– Дұға жасадың ба? 
– Иә, ата, өзім де білмейтін, өзгеге айтсам, мені 
«есі ауысқан» деп санаттырар сол бір сезім жай-
лы Құдайға айттым, Құдайға… 
– Дұрыс, балам. Құдайға айтпағанда… 
– Ұлы Жаратушыға қиял-ойымды айтып, мұ-
ңымды шағып, алдында егілсем айып емес пе? 
Ренжітіп алмаймын ба? 
– Құдайды ма? 
– Иә. 
–Жарық нұрым-ау, бұл ісіңмен Жаратушыға 
жақындамасаң, алыстамайсың. Ренжітем деуің 
тіпті қателік. 
– Неге, ата?
– Себебі, осы ісіңмен сен, Қарлығашым, Құ-
дайдың желеп-жебеуінен өзгеге мұқтаж емес 
екеніңді, адам баласына айта алмаған сырың-
ды Оған айта алатыныңды, Оны дүниедегінің 
дүйімінен үстем, ұлы көретіндігіңді дәлелдеп 
тұрсың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет