«– Қарлығашым! Көзімнің ағы да, қарасы да сендерсіңдер, жарығым. Өзіңді де, артың- нан ерген сіңлілеріңді де жамандыққа қимай- мын. Бүгін бар, ертең жоқпын, алтыным. Сен- дерге қанша қамқор болғым келсе де, өмір бойы жандарыңнан табылмаймын ғой. Қазіргі жа- рық қораптағы (теледидар дегені) жүрнәліс- тердің сөзі өте қорқынышты… Әйелін пышақтап кетті, сау жері қалмастай ұрып-соқты деген не сұмдық? Қолы сынсын мұндай тексіздердің! Қар- лығаш, үйдің үлкені деп өзіңе айтып отырмын, абайлаңдар, осындай тексіздерге кезігіп жүр- меңдер, жарығым. Қателеспеңдер! Өмірлік аза- матыңды таңдар алдында жақсылап танып алыңдар. Тегін біліңдер, ата-анасын, отбасын таныңдар, өзінің мінезіне де көңіл бөліңдер. Бір Алла қорған болсын сендерге… Е-е-е, заман-ай… Әйелді ұрмақ түгілі, оларға қатты сөз айтуға да болмайды. Олар біздің қолымызда өсіп-өнетін, бүр
153
ататын гүлдер ғой. Біз болсақ гүлін баптап, ая- лап, қастерлеп, қорғап жүру үшін жаралған аза- матпыз ғой. Ал біз үшін гүлін баптап, қастерлеп, қорғап жүру – міндет. Бұл – менің емес, ардақты Пайғамбарым Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқаны. Мұндай қатыгездік- ке барған еркекті Құдай ұрады! – Иә, ата, қорқынышты. Әйтеуір, өмір деген «бумеранг» қой, соны қалай түсінбейді екен?.. –
Ол не, бумаранг деген, балам? – Ой, ата, жастар қолданатын сөз ғой. Жаңа- ғы… Қалай жеткізсем екен мағынасын?.. – Е-е-е-е, өмірдің айналмалы заңы ма? – Иә, иә, «Жақсылық қылсаң өзіңе, жамандық қылсаң өзіңе» дегенім ғой. – Дұрыс, балам! Өзінің көгал шөбін таптаған, ертең тақыр сорда қалады... ...Есіңде ме, ата, сен бізге қазақтың Бегім ана-
сы жайлы да айтып едің ғой:
«– Қарлығашым-ау, құсы қалықтап, құланы қашқан мына дүниеде кімдер өтпеді дейсің. Сон- дай бір өткеннен сөз айтайын. – О-о-о, құлағым сізде, қаһарманым! – Әулие Қара бураның Бегім деген қызы болған екен. Бегім, шатаспасам, он екінші ғасырда Каспий теңізінің жағалауын мекен еткен Селжұқ елінің патшасы Санжарға ұзатылады. Санжар патша- ның билігі кезінде елдің жағдайы жақсарып, пат- ша ел ордасын Сыр бойындағы Жанкент қаласына көшіреді екен. Бегім екеуі сонда танысқан деседі.
154
Сөйтіп, бірде Санжар патша аң аулауға шығып, қанжарын үйінде қалдырып кетсе керек. Қанжа- рын алып келуге нөкерін жібереді. Ал үйіне жет- кен нөкері Бегімге мән-жайды түсіндіріп, қанжар- ды ала бергенде Бегімнің білегіне еріксізден-еріксіз көзі түсе кетіп, патшайымның нәзік те аппақ бі- легіне ғашық болып, есінен танып, құлап түседі екен. Жарығым, бұл енді аңыз ғой, рас-өтірігі Ал- лаға аян. Сондықтан осындай қиялға жақын сәт- терге мән бермей-ақ қойғың. Сөйтіп, Санжар пат- шаның нөкері қанжарды кешіктіріп жеткізуінің себебін, Бегімге жала жабу арқылы түсіндіреді. Яки, Бегім патшайым нөкердің қолынан қапсыра ұстап, жолын бөгеп, жібермей қойғанымен ақта- лады. Мұны естіген патша ақ-қарасына жетпей, ашуға булығып, ордасына келе сала Бегімнің оң бұ- рымы мен оң қолын шауып тастапты. Ол аз ба,