155
ге: «Ақ болсаң, Құдай жараңды жазады…» деген
екен. Ал Санжарға: «Қызымның кінәсі бар болса,
ертең сол қолы мен сол бұрымы да ғайып болар.
Ал күнәдан ақ болса, сенің шаһарыңды тірі жан
қалдырмай жылан жұтсын!» депті.
– Содан...
– Содан Бегімнің адалдығы дәлелденіп, кесіл-
ген қолы да, бұрымы да орнына келеді. Ал Санжар
патшаның елін түгелдей жылан шағып, шаһар
орны қу тақыр жапан далаға айналыпты. Содан
бері Бегім ана ер атаулыға жоламай, өмірінің со-
ңына дейін өзіне салдырған мұнарада ғұмыр ке-
шеді. Қазірдің өзінде Сыр өңіріндегі Жанкенттің
бұзылған іргесінде жылан көп жүреді дейді. Ал
Бегім ана кесенесіне ер адамдарға зиярат жа-
сауға тыйым салынған, балам. Міне, көрдің бе,
әйелге жасаған зорлықтың соңы қандай жазаға
алып келді. Бір ел құрып кетті. Құдай адал ғой,
жарығым. Өзің айтпақшы, жұртқа жасаған жақ-
сылық та, жамандық та алдыңнан шығады. Осы
аңыздан ер-азаматтар да, әйелдер де үлгі алып,
түйсігіне түйгені дұрыс. Аққа құдай жақ, балам.
Ұмытпағың…».
Иә, ата, махаббаттан басталған әңгімеміз
осындай оқиғаға ойысып кеткен еді. Ол да бол-
са ойға қалдырды. Қазір де сол аңыздағы Санжар
патшадай қатыгездер өмірде кездеседі.
Тоқетері, атам-ау, өмірдің өртінен өне бастан
қорғай білгендігіңіз үшін рақмет!
Өзіңе деген зор құрметпен,
Алланы қорған көрген Қарлығашың!
156
Сегізінші хат
Ата! Ата!.. Қаһарманым менің…
Мен
тұншығып барам, ата. Көмейден сыртқа
шыға алмай қалған сөздер, күлкі үйірген көзімнің
ар жағына жасырына іркіліп қалған мөлдір жас-
тар тамағыма шегедей қадалып... тұншықтырып
барады. Сондықтан тағы өзіңді іздедім, тағы өзі-
ңе хат жаздым.
Білесің ғой, мен тек Аллаға құлшылық жаса-
ғанда ғана, өзіңмен сырласқанда ғана көзіме жас
аламын. Алла үнемі жан-жүрегімде
ғой, ал сен,
сен қайдасың, ата? Маған: «Қарлығаш, шындық-
ты айт, шындықты жаз!» деп айтушы едің. Алай-
да дүниеде мен айта алмайтын, өзге де айта ал-
майтын шындық бар екен. «Халық – көрермен,
тыңдарман, оқырман, оларға шындықты айтсаң
ғана сенеді» деп айтқаның да есімде. Ал
айта
алмайтын шындықты қайтейін? Жанымда жүр-
геніңде осы сұрақтың жауабын алмағаным қан-
дай өкінішті…
Өзіңе жазған сегізінші хатымды осындай мұң-
лы сөздермен бастағаным үшін айыптымын. Де-
генмен, кейде адам мықты болудан да шалдыға-
ды екен. Өміріме еш ескертусіз тап болған сезім
тұла бойымды, өмірімді, ойымды, жүрегімді, тағ-
дырымды түгелдей жалмап алғандай, ата. Саған
көп нәрсе айтқым келеді, көп дүниені жазғым ке-
леді. Тіпті жазып үлгере алмайтын, өзіңе де айту-
ға батпайтын оқиғалар өтіп жүр басымнан. Қуан-
татыны – осы сәттер менің жүрегімді жабырқат-
қанымен, көңілімді шуаққа батырады. Мен – ба-
157
қыттымын, ата! Қандай болса да, мендегі «бар»
махаббат үшін бақыттымын. Бақыттан басы ай-
налған маған, ішімдегі тасқынды өлеңмен шыға-
руға рұқсат бер, ата…
Ата, білесің бе, мен өмірді сүріп келем,
Оғын ұстап, отына да күйіп келем.
Бірде суық,
бірде сынақ болса да өмір,
Ата, білесің бе, мен өмірді сүйіп келем.
Жақсылығын өмірдің көп күтемін,
Жамандығы болмастай көп күндердің.
Мәңгіліктей көрініп жаз-көктемім,
Жақсы адамнан үмітімді үзбегенмін.
Өзгелерге көрсетпеймін жасымды,
Бар мұңымды жүрегіме жасырдым.
Бейбіт күнде
махаббатпен соғысып,
Батыры болар ма екем ғасырдың?
Ата, саған ғана аша алсам сырымды,
Бетіме сен баса алмайсың сынымды.
Себебі сен тірі адамнан биіксің,
Көктен ғана қоршап тұрған қызыңды.
Ата!
Дұғамдасың, жаның болсын жұмақта,
Мені
ойлап ашуланба, қамықпа.
Жараланған жүрегіме дем сал да,
Ақ бұлттардың арасында қалықта.
Ата!
Жоқ, жоқ, сен мен үшін қорықпа,
Мен өмірде талай шыққам жорыққа.
158
Қайсар қызың мен боламын, ұмытпа,
Жатқан жерің жұмсақ болсын,
Ұйықтай қойшы, ұйықта…
Ата, осы өлең жолдарынан терең мұңның ұш-
қыны байқалған болар өзіңе.
Алайда барлығы
осы өлеңдегідей жаман емес. Жүрегім жаралы
емес, сау-саламат күйде. Қызың бақытты.
Достарыңызбен бөлісу: