Макет заголовка



бет6/12
Дата07.01.2022
өлшемі5,77 Mb.
#17680
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
2 зертханалық сабақ

Бұқаларды вазэктомиялау. Күйіттеуші еркек малды дайындауда белгілі әдістердің ішіндегі кез келген шаруашылық жағдайында жасауға болатын, ең қарапайым және тез орындалатын әдіс - вазэктомия. Ол ұрық жолын немесе ен қосалқысының белгілі бір бөлігін кесіп алып тастаумен сипатталатын операция. Осындай жолмен дайындалған аталық малдың жыныстық қатынасқа түсу қабілеті сақталады, бірақ ұрықтану болмайды, өйткені эякулят кұрамында тек қосымша жыныстық бездердің секреті ғана болады. Себебі еннен көтерілген спермийлер жалпы қынаптық куыста қалып кояды да, кейіннен организмге қайта сіңіріліп кетеді. Сондықган вазэктомияланған бұқалар табиғи шағылыстырғанда да, қолдан ұрықтандырғанда да өндіруші бола алмайды. Оларды тек қана күйіттеуші ретінде ғана пайдаланады. Физиологиялық тұрғыдан қарағанда вазэктомияланған еркек мал үздік күйіттеушілер. Оларды жиі пайдаланса ұрғашы мал организміндегі жыныстық процестер дұрыс қалыптасады, күйлеу күндері қысқарып, овуляция процесі жеделдейді, жатыр жиырылуы және басқа жыныстық кызметтер қарқындалып, ұрықтану көрсеткіші жоғарылайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет