Макет заголовка


Биенің ЖЦ-нін пайда болуы және оның белгісі



бет5/12
Дата07.01.2022
өлшемі5,77 Mb.
#17680
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
2 зертханалық сабақ

Биенің ЖЦ-нін пайда болуы және оның белгісі. Бие мазасызданады, кісінейді, басқа жылқыға қарай ұмтылады. Айғыр жақындаса зәр шығаратын күйге келіп тұра калады. Сыртқы жыныс органдарының еріңдері үнемі ашылып-жабылып тұрады, жыбырлайды (мигание).

Түйенің ЖЦ-нің пайда болуы және онын белгісі. Түйеде течка кезінде қынап қабы қызарады, көп жалқыаяқ бөлінеді. Күйлеген түйе нар келе жатқанда жата бастайды, жыныс актісіне ыңғайлы жағдайда келеді. Жыныс актісі түйеде жатқан (шөккен) күйде болады.

Күйлеу - бұл үрғашы малдың еркек малға оң сексуалды реакциясы, сондыктан оны күйіттеуші малдың көмегімен нақты аныктауға болады. Сиырларды ұрықтандырғаннан кейінгі дұрыс ұйымдастырылған тексеру (проба) буаздықты және бедеулікті сенімді түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Күйіттеуші-аталық малды жергілікті тұқымды немесе ет бағытындағы, жыныстық жағынан белсенді, дені сау, 8-10 айлық жас бұлшықтардан дайындайды. Оларды дайындамас бұрын індеттік жэне инвазиялык ауруларға (туберкулез, бруцеллез, кампилобактериоз, трихомоноз, вибриоз, т.б.) тексеріп алады

Күйіттеуші - бұқаларды 1-1,5 жыл ғана пайдаланған жөн, ал сонан соң оларды етке өткізеді. Күйіттеуші-бұқалар піштірілген бұқаларға карағанда тез өседі, салмақтары жарамсыздыққа шығару уақытына дейін 500 кг-нан асады және терісінің сапасы жоғары болады. Оларға аса көп, қосымша шығын шығарылмайды, сөйте түра олардан келетін пайда үлкен, солардың ішінде ең бастысы бұл бедеуліктің алдын алуда өте тиімділігі. Күйіттеуші-бұқаларды дайындауда бірнеше сенімді оперативті әдістер ойластырылған. Кез келген бұқаға операция жасауға болады, бірақ оны 8-10 айлығында жасаса, ол жеңіл, тез және ыңғайлы болады. 150-200 бас сиырға 1 күйіттеуші бұқадан дайындайды. Күйіттеуші малды жыныстық қатынасқа түсе алатын, бірақ ұрықтандыра алмайтын және жыныстық қатынасқа мүлде түсе алмайтындай етіп дайыңдауға болады.



Жыныстык қатынасқа тусетін, бірақ ұрыктандыра алмайтын куйіттеуші малдарды дайындаудың оперативті әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет