Ұсақ және ірі малдаң буаздығын анықтау: - Ұсақ малды тексергенде малдың құрсағының астынан көтеріп байқайды немесе екі қолдың саусақтарын бір – біріне тигізуге тырысады. Егер мал буаз болса төл екі қолдың арасында қаттылау дене болып білінеді. - Ірі қара буаздығын анықтаудың ең дәл көрсететін әдісі – қолды сиырдың немесе түйе мен биенің тік ішегіне қол салып жатырды, жыныс бездерін, жатыр қан тамырларын сипап, олардағы физиологиялық өзгерістерді білу арқылы анықтау
Малдың буаздығын анықтау үшін :анамнез мәліметтерін жинау, малдың жеке карточкасындағы , кітапшасындағы мәліметтермен танысу, малды сырттай ұстап тексеру, қынап және тік ішек арқылы зерттеу. Анамнез мәліметтері:Ұрықтандырған күннен кейін 30 күн өткен соң мал қайтып күйлемесе немесе жем-шөпке тәбеті жақсарып оңала бастаса, сүті кеми бастаса, асықпай салмақты жүріп, тас-кесекті жалауға құмар болса, терлегіш, тез шаршайтын болып, зәр шығаруы жиілеп, артқы аяқтарында, қарнының төменгі жағында ісінгендік байқалса мал мүмкін буаз деп жорамалданады. Клиникалық зерттеулер:рефлексологиялық әдіс, сырттай қарап көру, қынап және тік ішек арқылы әдістерінен тұрады. Рефлексологиялық зерттеу жүргізу үшін арнайы ауланың ішіне ұрықтандырған малды күйттеуші аталық малмен қосып 1-2 сағат бірге ұстайды. Мұндай зерттеуді малды ұрықтандырғаннан кейін 10-30 күндердің арасында жүргізеді. Осы уақыттың ішінде мал қайтып күйлемесе буаз, ал күйлегендері - қысыр болғаны.
Буаздыкты ерте анықтау томендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
малдың қысырлығын уақытылы анықгап, шара қолдану үшін;
сиырларды уақытылы суалту үшін;
буаз малды уақытылы азықтандыру үшін;
буаз малды төл алатын орынға уақьггылы ауыстыру үшін