Жыныстық катынаска тусе алмайтын күйіттеуші малды дайындау. Жыныстық қатынасқа түсе алмайтын күйіттеуші малды келесі кооперативтік В.С. Шипилов әдісі бойынша жыныстық мүшені бір шетіне бұру. Бұл малдың жыныстық мүшесін, күпегімен қоса бір жағына ақ сызықтан 70-80°-қа бұрумен сипатталады. Ол үшін операция алдын дайындап алып, 1% новокаин ерітіндісімен жергілікті залалсыздандырады. Күпекті жыныстық мүшемен қоса айналдырып ойып кесіп алады да, алдын ала 70-80°-тық бұрышта дайындалған тілікке көшіріп тігіп қояды. Күпектің бұрынғы орнын біріктіріп тігіп тастайды. Сонда аталық мал жыныстық қатынасқа түсе алмайды, себебі жыныстық мүшесі асылғанда жанына қарай кетеді де, аналық малдың қынабына түсе алмайды.
Буаздық – ұрғашы жануарлардың аналық клеткасынан ұрық дамып жетілгенге дейінгі физиологиялық күйі. Буаздықтың басталуы ұрықтану кезеңінен басталып, ұрпақтың жетіліп тууымен аяқталады. Буаздық физиологиялық патологиялық Патологиялық буаздықкезінде аналық организмінде физиологиялық процесстер бұзылады.