Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет15/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Сода қоспасын анықтау. Сүтке сода қосылған кезде реакция сілті болады.
Бұрмаланудың бұл әдісін анықтау үшін сүтке сілті ортада әр түрлі боялатын индикатор (фенолрот, розол қышқылы, бромтимолблау және т.б.)қосады.
Фенолрот сынамасы. Түтікшеге 2 мл сүт құяды және 3-4 тамшы 0,1%-тік фенолрота ерітіндісін қосады. Сода болған жағыдайда сүттің түсі ашық қызыл болады. Табиғи сүтте түсі сарғыштау болады.
Розол қышқылымен сынамасы. Түтікшеге 3-5 мл сүт құяды және осындай мөлшерде 0,2%-тік розол қышқылының спиртті ерітіндісін қосады.Сода болса таңқурай-қызыл түсі, ал табиғи сүтте қою сарғыш болады.
Бромтимолблаумен сынамасы. Құрғақ түтікшеге 5 мл зерттелетін сүтті құяды және абайлап қабырға бойымен 7-8 тамшы 0,04% бромтимолды көгінің ерітіндісін қосады. 10 минуттан кейін түтікшенің сілкінуін болдырмай, сақиналы қабат бояудың өзгеруіне бақылайды. Біруақытта құрамында сода болмайтын сүтпен бақылау сынамасын қояды..
Крахмал қоспасын анықтау. Түтікшеге 5 мл сүт құйып және 2-3 тамшы йодтың 3-5%-тік ерітіндісін қосады.Крахмал болса сүт көк түске боялады.
Сутек тотығының қоспасын анықтау. Түтікшеге 5 мл сүтті, 0,5 мл йод-калийді крахмалды құяды. Ол дөрекі бұрмалау болып табылады. Оны анықтау үшін түтікшеге 1 мл сүт және 0,5 мл йодты калилі крахмалды қосады. Сутек тотығы болған кезде көк бояу пайда болады.


Тапсырма

  1. Сумен, содамен сүттің зерттелетін сынаманың бұрмалануын анықтау.

  2. Майды алу әдісін анықтау.

  3. ҚМСҚ, қос бұрмаланудың анықтау тәртібін меңгеру.

  4. Сүттің зерттелетін сынамасында сүтек қос тотықтын, формальдегидтің, калий бихроматтың болуын анықтау.


    1. Желінсаумен ауратын жануарлар сүтін зерттеу



Сабақтың мақсаты: Желінсаумен ауратын жануарлар сүтін анықтау әдістерін меңгеру.
Құралдар мен реактивтер: терең пластинка, 1 мл-лік пипетка, шыны таяқша, дистилденген суда дайындалған 5% -тік диамастин ерітіндісі. 1 мл автомат-пипетка.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет