Фофатазаға сынама (ГОСТ 3623-73). Фосфатаза ферменті жоғары температураға сезімтал. Ол 30 минут аралығында 630С температурада және 20 сек ұстаумен 720С температурада қыздыруымен бұзылады.Сынама 60-630С температура режимде сүт пастеризациясын бақылау үшін ұсынылған.
Құралдар мен реактивтер: термометрлі су моншасы, сағаттар, цилиндр, сыйымдылығы 100 мл жұмыр шынылар, 1, 2, 20 мл тамызғыштар мен түтікшелер, 1 н. аммиак ерітіндісі, 1 н хлорлы амоний ерітіндісі, фенолфталеинфосфата натрийдің жұмысшы ерітіндісі.
Анықтау жолы. Түтікшеге 2 мл зерттелген сүтті құяды 1 мл. Фенолфталеин фосфат натрий қосады, оны тығынмен жабады және жақсылап араластырады, содан кейін 40-450С су температурамен су моншаға қояды және 10 минут және 1 сағаттан кейін пробирқа құрамының бояуын анықтайды.Пастереленген немесе қайнаған сүтте түс өзгермейді (фосфатаза бұзылған).
Талдаудың дәлдігі реактивтердің сақталуы мен қате дайындалуы, сүттің қышқылдылығының жоғарлауы, сондай-ақ су моншасындағ төмен температурада бұзылады.
Лактоальбуминді сынама. Оны 800С артық режим пастеризациясын бақылау үшін қолданылады. Сынама альбумин ақзатын ұю және 800С артық температурада сүтті қыздырғанда тұнбаға түсу қасиетіне негізделген.
Құралдар мен реактивтер: пипеткалар, бюреткалар, сыйымдылығы 100 мл конустық жұмыр шынылар, фильтрлі воронкалар, 0,1 н күкірт қышқылы ерітіндісі.
Анықтау жолы. Жұмыр шыныға 5 мл. Зерттелген сүтті құяды және 20 мл дистильденген су қосады, казеиннің жапалағы пайда болғанша дейін 0,1Н күкірт қышқылының ерітіндісін 3 мл тамшылап қосады. Алынған қоспаны түтікшега фильтрлейді, содан кейін фильтратты қайнағанша дейін қыздырады. Шикі немесе 800С төмен температурада қыздырылған сүтте альбумин жапалақтары пайда болмайды.
Тапсырма 1 Зерттелетін сүт сынамасындағы казеин ақуыздың массалық бөлігін анықтау.
2 Пероксидазаға, фосфатазаға сынама жүргізу.
3 Лактоальбуминді сынама жүргізу әдістемесін меңгеру.