Центрифугалы әдіс. Желіннің соққы алуының нәтежиесінде сүтте қан болуы мүмкін. Центрифугалаған кезде осындай сүтті бар түтікшеда қызғылт түсті тұнба түседі.Ол микроскоптың көмегімен зерттеледі.
Құралдар : центрифуга 1000 айн./мин, түтікшелер, микроскоп.
Анықтау жолы. Түтікшеге сүт қосады, оны 40-450С температураға дейін қыздырады, сосын қақпақпен жауып, 10 минут бойын минутына 1000 айн. мен центрифугалайды.Қан болған жағдайда қызыл тұнба түзіледі. Микроскопиялағанда тұнбада қанның пішіндік элементтері байқалады.
Бензидинді сынаманы сүтте қан мен іріңді анықтауға қолданады.
Құралдар мен реактивтер: пипеткалар, бензидин, сутек тотығы, мұзды сірке қышқылы,, этил спирті.
Анықталу жолы. Түтікшеге 5 мл 3% сутен қос тотығын және 2 мл сірке қышқылдағы қаныққан бензидин ерітіндісін құяды. Оны мұқұят араластырып, 2-10 тамшы зерттелетін сүтті қосады.Қанда ірің болған кезеде 0,5- 1 мин. кейін сұйықтық қара-көк түске боялады, оң реакция болғанда.
Кетонды денелерді анықтау. Ақуыздық және көмір сутектік алмасудың бұылуы, интоксикация және әр түрлі аурулар кезінде кетонды денелер пайда болады. Кетонды денелер бар сүтті азық ретінде қолдану қауіпті.
Құралдар мен реактивтер: түтікшелер, пипеткалар, күкірт қышқылдды аммоний (сульфат аммониі), нитропруссид натрий, кристаллдық күйдіргіш натрий.
Анықтау жолы. Түтікшеге шамамен 1 г реактив енгізеді, оған 5 мл сүт және 1-2 күйдіргіш натрийдің криссталдарын қосады. Түтікшені жақсы сілкіп, 3-5 минуттан кейін ішіндегісінің бояуын белгілейді.
Құрамында кетонды денелері бар сүттің түсі, ақшыл-қызғылт болуы мүмкін.
Тапсырма
1. Сақина сынамасының жүргізу әдстемесін меңгеру.
2. Сүтте стафиллококкты токсин, қанның қоспалары мен кетонды денелерін анықтау.
1.10 Сүт қышқыл өнімдерін зерттеу
Сабақтың мақсаты: 1. Сүт қышқыл өнімдерін зерттеу әдісін меңгеру.
2. Сүт қышқыл өнімдерінің санитарлық бағалау.
Сүтқышқыл өнімдерінің дайындалуы, сүтті тұздау немес сүт қышқыл бактериялы таза культуралы кілегейлерге негізделген. Сүт өнеркәсібі әр түрлі сүт қышқыл өнімдерін өндіреді (қарапайым простокваша, мечниковская, ацидофильді, оңтүстіктік, ряженка, варенец, кефир, ацидофильді сүт, ацидофилин, ацидофильді-ашытқыш сүт, йогурт, қымыз, ішімдіктер – «Южный» и «Снежок», творог, сметана және т.б.).
Биохимиялық үрдістерге байланысты сүт қышқыл ашу (простокваша, ірімшік, ацидофильді сүт, қаймақ және т.б.) және спиртті (қымыз, кефир, фцидофильді-ашытқыш сүт және т.б)
Достарыңызбен бөлісу: |