Құрғақ заттарды (ҚЗ) және құрғақ майсызданған сүт қалдықтарын анықтау (ҚМСҚ), МСТ 3626-73. Арбитражды әдіс. Химиялық стақанға құммен 10 мл сүт құяды және өлшейді, одан кейін 2 сағ ішінде 102 ±20С температурада кептіргіш шкафта кептіреді. Кейін өлшейді және қайта кептіреді, өлшеуді тұрақты массасына дейін әр сағат сайын жүргізеді.
Сүттегі құрғақ затты формаул бойынша анықтайды:
ҚЗ=[(4,9 · Ж + П0А 4) / 4]+ 0,5,
мұндағы, ҚЗ – құрғақ зат, %
Ж – майдың құрамы, %;
П0А – сүттің тығыздығы, 0А;
сандар – тұрақты көлемі.
Құрғақ майсызданған сүт қалдығын формула бойынша анықтайды:
ҚМСҚ = ҚЗ – Ж,
мұндағы, ҚМСҚ – құрғақ майсыздандырылған қалдық, %;
ҚЗ – құрғақ заттар, %;
Ж – майдың құрамы, %;
ҚМСҚ = Ж +оА + 0,76
5 4
Жв - Сүттегі майдың құрамы, в %.
А – сүттің тығыздығы, в оА.
Сүттегі құрғақ заттар 10 - нан 16%-ға дейін, орташа алғанда 12,5%-дан бастап тұрақсызданады. Құрғақ заттың жалпы мөлшерінен есептеген кезде майдың мөлшері құрғақ майсыздандырылған сүт қалдықтарын (ҚМСҚ) 8-ден 10%-ға,орташа 8,5%-ға алады.
Сүтті пастерлеуді бақылау. Пастерелизация режимін бақылау үшін, сондай-ақ пастерленген сүтке шикі сүт қосуды доғару мақсатында пероксидаза, фосфатаза және лактоальбуминдері бар сынамаларды қолданады.
Пероксидазға сынама (МСТ 3623-73).
Пероксидаза ферменті ыдыратуына келтіретін 800С төмен емес температурада тез өтетін пастеризация режимін немесе 75оС 10 минут ұстаумен пастеризациясын бақылау үшін жасалады.
Құралдар мен реактивтер: түтікшелер және тамызғыштар, 0,5%-тіксүтек тотығыерітіндісі, крахмалды йодты калий ерітіндісі.
Анықтау жолы. Түтікшеге 5 мл сүт құяды және 5 тамшы йодты-калийдің крахмал ерітіндісін және 5 тамшы сүтен томығын қосады, әр реактивті қосқаннан кейін ішіндегісін жақсылап араластырады, содан кейін құрамының түсін анықтайды.
Шикі сүтте немесе 750С төмен температурада қыздырылған сүтте, сонымен қатар қайнатылған сүтте шикі сүтті қосу жағдайда көк түсті (қара-көгілдір) боялу пайда болады. Пастереленген немесе қайнаған сүтте түс өзгермейді (пероксидаза бұзылған).