Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет22/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69
- Қаңсып келдім, шай қой де кемпірңе!

Осы сөйлемдер де дисфемизмдерді қатыстыра отырып, қаламгер суреттеліп отырған жайтты көз алдымызға нақты елестете алады. Осылайша жазушы болған оқиғаны көзбен көріп, қолмен ұстағандай асқан шеберлікпен береді. Осындай шеберлікке М. Серғалиев былай деп баға береді: “Көркем әдебиеттің басқа жанрларындай, прозада сөз қолдануға, шалқи сөйлеуге де, аз сөзбен көп мағына беру мақсатымен дәмді сөйлеуге де еркіндік мол екендігін ескерсек, мұндағы қолданыс кей ақындардың өлең ұйқасы үшін сөз тұлғаларын еріксіз тықпалауында емес автордың сарыла ойланып, санаға салуының, жаңалыққа құштарлығының жемісі деп білеміз” [37, 40 б.].

Келтірген мысалдарымызда кейіпкердің бір-бірімен тіл қатысы әр түрлі дисфемизмдерді араластыра пайдалана отырып берілген. Мұнда кейіпкер сөзін берудің түрлі амал-тәсілі етіп дисфемизмдерді қолданған. Осылайша, кейіпкер сөзін берудің жолдары туралы тілші ғалым Н. Уәлиев: “Стильдік контраст-кейіпкер тілін даралаудың бір тәсілі. Оның көрінетін жері - көркем диалог. Көркем диалог-драманың негізгі компоненті болса, ал прозалық шығарманың құрамдас бөлігі”, – деп, көркем шығармада стильдік контраст жасай білудің әсерін көрсетеді дейді [38, 9 б.].

Кей жағдайда дисфемизмдер автор сөзінде де ара-тұра кездесіп отырады. Мысалы:



- Сұран бәбіше соны байқап қалды да, маңырай сөйледі

- Жылқыға жаңа түскен жас жігіттің мешкейлігіне байырғы жылқышылар жағаларын ұстап таң қалып жүрді…

- Бірақ Мұстафаға ызалы қасқырша қарайды…

- Үйдің маңына бөтен адамды жалатпайтын қабаған қаншықтай шәуілдейді...

- Ол өзі мылжыңдығынан мылжың болған адам…

- Орта жастан асқан күбідей сары қатын ойбайына басып бетін тырнап жер-көкті басына көтереді…

-Қыз бала жат жұрттыққа жаратылған, байға тиіп, қатын болу ата-ананың жоралғысы…

Осы мысалдардан байқап отырғанымыздай қаламгер бейнелерді даралап көрсету үшін дисфемизмдерді қатыстыра отырып, суреттеген. Романда кейіпкерлердің психологилық көңіл-күй әрекетіне әсер етуші екі жайт бар:

1) кейіпкер әлемі, кейіпкердің моральдық және мінез-құлықтық проблемалары;

2) кейіпкер өмір сүріп отырған заманның әлеуметтік мәселелері.

Жалпы алғанда З. Ақышевтің «Жаяу Мұса» романында сол кезеңге берілетін баға ең алдымен сол дәуірде өмір сүрген кейіпкерлерге берілген баға болса керек.

Әдеби мазмұнның аса маңызды мәселелерінің бірі – шығармада сәулеленген болмысқа берілген идеялық-эмоциялық бағасы, ол жалпылама, жинақталаған түрде болғандықтан идеялық белгісі бар, суреткер жеке адамды емес, адам іс-әрекетінің типіне, олардың қарым-қатынасына, табиғатына баға береді. Осы ретте шығармадағы кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасын олардың диалогтарындағы дисфемизмдер арқылы байқауға болады.

3. Ақышевтің “Жаяу Мұса” романындағы дисфемизмдердің жалпы санын төмендегі тірек сызба арқылы былай көрсетуге болады.



Дисфемизмдер



Бүкіл халықтық




Жеке қолданыстағы




1. Шермиіп

2. шикі өкпе

3. қатын-қалашы да

4. тоқал


5. сумаңдаған

6. еркек кіндіктердің

7. бөспесінен

8. қаңқу


9. арам қатқырларды

10. жабырлақ

11. мылжыңның

12. керең

13. тулақ

14. мешкейлігіне

15. байға тиіп, қатын болу.





1. қарны қабақтай, бұты таяқтай

2. қаны қарайған

3. тулап жығып

4. қаны сорғалап тұрған ұрлыққа

5. маңырай сөйледі

6. ызалы қасқырша

7. қабаған қаншықтай

8. күбідей сары қатын.




Сурет 2 – Дисфемизмдер


Заманымыздың аса көрнекті жазушысы Ғ. Мүсіреповтің атақты “Ұлпан” романында да ескі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты шынайы суреттеу үшін дисфемизмдер барынша қолданылған. Мысалы:

- Есеней бір қонақтап шығуға көңіл етіп келген екен, кәрі шойнақ от басынан орын бермепті деген атаққа мен қалып жүрсем қалай болар? Гүжілдескен еркек дауыстары естіле бастады.

- Жігіттер төрде отырған дәу шұбардың Есеней би екенін енді біліп, майлы қасықпен төбеге ұрған мысықтай жым болды.

- Сәдірдің “кебіс ауыз”, “қара жапалақ” дегендерінде де мән бар… Бес байталдың құны бір сайқалда несі бар еді?

- Мендей шалдардың талайы-ақ тоқал алады.

- “Күйеужан”, “құда” деген сөздер Есенейдің бар күдігін бір-ақ сыпырып тастағандай кәрі бура жадырап сала берді.

Жоғарыдағы асты сызылған дисфемизмдерге зер салып отырсақ, қазақ тіліндегі бірқатар сөздерге ирониялық мән беріліп, ауыспалы мағынаға өтіп, дисфемизмдерге айналған. Сонымен қатар романда кейбір болған жайларды, құбылысты дисфемизмдер арқылы суреттеп қоймайды, кейде олардың қолданылуы айтушының мақсатына қарай түрлі семантикалық бағытта қолданылады. Мысалы:



- “Қатының үйінен буаз келді ме?” деп сұрап қала жаздады.

- Шашуға таласқан жас балалар бәрі де қарны қампиған, ши борбай, ірің көз, қотыр-шотыр екен.

- Үйді ыбырсытпай қалған наныңды ала кет!

- Тірі Есенейде кеткен кегің енді өлі Есенейден алмақшы болғаны ғой, қанішер иттің!

- Торсан енді абайласа күш-күйеу деген екі сөздің астасар тұсына дейін нұқып-қалып күшік-күйеу деп тұр екен.

- Олай былжырамай-ақ қой!

- Ондай ой сен көкмиға келмесе, өзге ешкімге де келген жоқ.

Ғ. Мүсіреповтің осы бір романындағы дисфемизмдер бір-біріне бояулары мен мағыналары жағынан үндесе келіп, бірін-бірі айқындап сол кездегі қоғамның кейбір ұсқынсыз суретін көрінетіндей етіп, оқырман жүрегіне жеткізе әсерлі бейнелейді.

Шығармада адам бойындағы рухани тазалық пен адалдық секілді қасиеттермен бірге тойымсыздық пен қанағатсыздықтың көрініс алуы кең көлемде алғанда образ, кейіпкер психологиясын, әрекетін көрсетуде нақтылы қарағанда, характер жасау, тартыс пен қайшылықтар диалектикасы сияқты құбылыстардың табиғатын бұрынғыдан да күрделендіріп оларға тың сапа үстеу үшін дисфемизмдерді көп пайдаланған.

Кейде көркем шығармада дисфемизмдер өте сирек қолданылады. Жазушы Ә. Жылқышиевтің “Балжанның тағдыры” романы сондай шығармалардың қатарына жатады. Мысалы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет