Ұн шала қуырмалары.Дайындау әдісіне қарай ұн шала қуырмасын құрғақ және майлы деп бөледі.Түсіне қарай қызыл және ақ деп бөледі.Қыздырмай дайындалған шала ұн қуырмасын салқын шала ұн қуырмасы деп атайды.Тұздық үшін 1-сорттан төмен емес бидай ұнын пайдаланылады.
Қызыл шала ұн қуырмасы екі әдіспен –маймен және майсыз дайындайды.Қызыл шала ұн қуырмасын салу үшін ұнды елеп, суырма табаға немесе табаға қабат қалыңдығы 3-тен 5-ке дейінгі сантиметрде сеуіп салады және оны үздіксіз араластыра отырып ,150С температурада қызыл-қоңыр түске жеткенше қыздырып қуырады.Шала қуырылған ұн жеңіл шашылады және қуырылған жаңғақ иісі болады.Ұнды ошақта не қуыру шкафында қуырады.Ұнды ағаш күрекше арқылы араластырады.Қызыл құрғақ шала ұн қуырмасын қызыл тұздық дайындау үшін пайдаланылады.
Қызыл шала ұн қуырмасын маймен (ас майымен,маргаринмен немесе сары маймен) дайындауға болады.Ол үшін түбі қалың ыдыста майды ерітеді де ұн қосады.Оны сол температурада қоңыр түс байқалғанша шала қуырады.Түйіршегі шашылғыш келеді.Қызыл май шала қуырмасын қызыл тұздық дайындау үшін пайдаланылады,бірақ құрғақ ұн қуырмасына қарағанда сирек пайдаланылады.