Қаймақ қосылған желкөк тұздық.Желкөк тамырын желкөк тұздығына әзірлегендей әзірлейді.Қаймақ,тұз қосып араластырады. Тұздықты пісірілген торай етіне,тоңбаға т.б. қосып береді.
Асхана қышасы.Қыша ұнтағын қайнаған су қосып,5-7 сағ ұстайды.Суды төгіп тастайды.Сірке суын,тұз,қант,өсімдік майын қосып, жақсылап араластырады.Дайындалған асхана қышасы дәмдік ретінде ет тағамдарына, тұздыққа және қатыққа қосу үшін пайдаланылады.
Балық сілікпесі. Желатинге қайнаған салқын су қосады (1:) , араластырады. Себебі, ол ыдыс түбіне жабысып қалмауы керек және 30-60 мин.ісінуге қояды. Ісінген желатинді сүлгіге салып сығады. «Түссіздендіргішті» ( сорпаны ашық түске бояу үшін) екі әдіспен дайындайды. Бірінші әдісі, шикі жұмыртқа ақ уызын жайлап көпсітеді де аз мөлшердегі салқын сумен қосады немесе қара балықтардан (частиковых рыб) жас уылдырығын ұсақтап шабылған басты пиязбен бірге үгіп,үстіне аздап су құяды да көпсітілген ақ уызбен қосады.
Балықтың астық қалдықтарынан сорпа даярлайды. Пісіру процесі кезінде туралған тамырсабақ және басты пияз қосылады. Пісіру соңында лавр жапырағын, дәнекті бұрыш қосады. Дайын сорпанысүзіп, бетіндегімайын алады. Ыстық сорпаға желатинді қосып, ерітеді. Тұз, сірке суымен не лимон қышқылымен қосып 70 градусқа дейін салқындатады және «түссіздендіргіш» қосып,сілікпені не тоңбаны араластырады, сосын қайнатады. Одан әрі жайлап қайнатып 15 мин. Пісіреді. Оны ошақтың шет жағына әтүссіздендіру» процесін аяқтау үшін қою керек. Сілікпені қалың әрі тығыз матадан өткізіп сүзеді, қайнатады және салқындатады.
Балық сілікпесін жартылай ұйыған түрінде балық ұйытпаларын (тоңбаларын) дайындау үшін пайдаланады. Ұйытылған тоңбаны әр түрлі формада кесектерге турайды не шабады. Оларды салқын балық тағамдарының күрделі гарнирлері құрамына қосады.
Астық балық қалдықтары 1000, желатин 40, сәбіз 25, басты пияз 24, ақжелкен (тамыр) 13 не балдыркөк (тамыр) 15,9%-дық сірке суы 15, жұмыртқа ақ уызы 3 дана, лавр жапырағы 0,3. Ет тоңбасы. Желатин салқын суда ылғалдайды. Сүйек сорпасын пісіреді. Сүзеді. Майын алады. «Түссіздендіргішті» балық тоңбасын дайындағандай түрде жұмыртқа ақ уызынан әзірлейді. Ыстық сорпаға желатин қосып, ерітеді. Сірке не лимон қышқылын қосып, 70 градустан жоғары емес температурада екі рет «түссіздендіргіш» қосады. Тоңбаны қайнатады.
Одан әрі баяу қайнатып, 15мин. пісіреді. Ошақ шетіне қойып 10-15 мин. ұстайды. Сосын оны алып сүзеді, тағы қайнатады. Сосын салқындатады.