Мамандығы: 101303000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» Біліктілігі


Техника қауіпсіздік ережелері



бет19/26
Дата21.06.2023
өлшемі0,86 Mb.
#102755
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
5 диплом Нуржанова Ж

Техника қауіпсіздік ережелері
Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – адамдар үшін еңбек процесіндегі құқықтық, әлеуметтік, санитарлы гигиеналық, емдеу профилактикалық іс шараларын жүйелі ұйымдастыру болып табылады. Еңбек қауіпсіздігіне – техникалық қауіпсіздік, санитария және гигиена, өртке қарсы күрес шараларын қатаң сақтау ережелері жатады. Техника қауіпсіздігіне алдын ала сақтану шаралары, қауіпсіздік ережелері, қорғаныс көз әйнектері, противогаз, баспалдақтар, арнайы кран, т.б. құралдар жатады.
Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы жұмысшылар үшін өндірістік факторлар (шу, тем-пература, дүріл, шаң, қауіпті газ) адам денсаулығына кері әсер тигізбеуін қарастырады. Желдет-кіштер, жылу, жарық жүйесі, кондиционерлер уақытымен керек нүктелеріне орналастырылуы керек.
Өртке қарсы техника – өрттің шығу себептеріне сай адамдарды эвакуациялауда материалдық тауар құндылықтарын сақтауда өрт сөндіру құрылғысымен жабдықталған болу шарт.
Тамақ кәсіпорнына келген жұмысшылар уақытында ережелермен таныстырылып, талапқа сай арнайы маман киімімен қамтамасыз етілуі тиіс. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, оқыту техникалық апатты болдырмау үшін жоспарға сай жүріп отырады.
Жұмыс орнында өндірістік аймақта арнайы жабдықтар, инвентарь, құралдар ретімен орналасады. Жұмыс жасау орыны жұмысшы үшін ыңғайлы болуы керек. Аяқ астында торлы төсеніш орналасуы керек. Жарақат кездейсоқ оқиғалар барысында арнайы орын алдын-ала ұйымдастырылып қойылғаны дұрыс. Бұл мақсатта қорғаныс экраны, белгі беретін қоңырау нүктелері болуы тиіс.
Темірден жасалынған жабдықтар тот баспайтын материалмен жабылуы тиіс. Аспаз пышағы, қысқаштар, балық аршу құралдары ыңғайлы, берік ұсталынатын саппен болуы керек. Пышақпен оқыс қимылдар жасауға болмайды. Кесу құралдары арнайы қапта, пеналда сақталады. Жұмыс басталмас бұрын құралдар, инвентарлар, шикі және шала фабрикаттар арнайы тәртіппен орналасуы керек. Пышақ сияқты арнайы құралдар аспаз жанынан қашық болғаны жөн.
Электр аппараттарды су қолмен ұстауға болмайды. Әрбір ток машинасының, аппараттың астында резина төсеніші болуы қажет. Жұмыс біткенде ток аппараттарды сөндіру керек. Қайнап жатқан ыдыстың қақпағын өзіне кері қарай ашуы керек (себебі, буы бетімізді, қолымызды алып кетпес үшін). Ыстық кострюльді шүберекпен немесе арнайы қолғаппен ұстау керек.

Орындаған

Ж.Нуржанова









ДЖ – 6 – 2022

Бет

Тексерген

Б. Муратова







24

Өзг

Беті

құжаты

Қолы

Күні






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет