Жылумен аспаздық өңдеу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері Жұмысшы орнында жұмысшы алдымен алғашқы қауіпсіздік нұсқауынан өту тиіс; қолданылатын құрал – жабдықтарының құрылысымен және пайдалану ережелері туралы түсінік алады; санитарлы – гигиеналық дайындықты; электрлік желіден қоректенетін құрылғыларымен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережелері туралы білімі мен түсінігі және теориялық сабақтар кезінде алған білімі тексеріледі.
Жұмыс жасау кезінде жұмысшы келесі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін:
-құралдардың, жабдықтардың үшкірлері, шеттерінің қисықтығы, беттерінің бүдірлігі;
-физикалық жүктемелер;
-жабдықтар беттерінің және тамақтардың төмен температурасы;
-жабдықтар беттерінің қатты қызуы;
-электрмагнитті сәулелердің жоғары деңгейі.
Жұмысшы арнайы жұмысшы киімімен, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталуы тиіс:
-шыт матасынан тігілген ақ кеудеше (куртка);
-шыт матасынан тігілген телпек;
-шыт матасынан тілгілген алжапқыш;
-орамал;
-шыт матасынан тігілген қолғаптар;
-резиналы қолғаптар.
Санитарлы гигиенасының нормаларына сәйкес жұмысшының тырнақтары өте қысқа қиылған болуы шартты, жұмыс бастамасы бұрын, жұмыстағы үзіліс араларында, ластанған заттарды ұстаған сайын, әжетханаға әрбір барған сайын қолын сабынмен жуу керек.
Тағамды дайындау кезінде қолына ешқандай зергерлік бұйым тақпауы және тырнақтарын лакпен боямауы тиіс.
Жұмысты бастамас бұрын:
-жұмысты қауіпсіз орындауына тиімді жұмысшы орнын жабдықталуын тексеру;
-электр жабдықтардың және басқа да жабдықтардың дұрыстығын тексеру;
-жергілікті сору вентиляциясының дұрыстығын тексеру.
Жұмыс жасау кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері:
-өндірістік бөлмелерінің ауасына зиянды заттардың таралуын болдырмау;
-кулинариялық өнімдерді дайындау кезінде ұнды, крахмалды електен өткізуды арнайы жабдықталған орында орындау;
-СВЧ – пештеріне тамақты салуды (алуды) арнайы оның дайындығы туралы дыбыс берілген соң атқару;
- жылумен аспаздық өңдеуді арнайы сол мақсатқа ғана арналған ыдыста дайындау;