Мамандығы: 101303000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» Біліктілігі


Ақ тұздық қосылған поляк тұздығы



бет9/26
Дата21.06.2023
өлшемі0,86 Mb.
#102755
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
5 диплом Нуржанова Ж

Ақ тұздық қосылған поляк тұздығы.Мұны поляк тұздығын дайындағандай түрде әзірлейді.Дайындалған негізгі ақ тұздыққа сол тәртіпте салады. Балық тағамдары үшін оны балық сорпасында дайындайды.Іс жүзінде бұл тұздық поляк тұздығынан арзан .Оны поляк тұздығын қосып беретін тағамдармен береді.
Сары май 325.жұмыртқа 6 дана,ақжелкек көгі немесе аскөк көгі 27,лимон қышқылы 2 балық сорпасы 450,сары май 250,бидай ұны 25.
Кепкен нан тұздығы.Кептірілген ақ нанды ұнтақтайды да қуыру ыдысына сеуіп алтын түске жеткенше былғай отырып қуырады.Сары майды ерітеді және оны қыздыруды майдағы су толық буланып кеткенше ,әрі қоңыр түсті тұнба қалғанша жалғастырады.Сосын майды сүзеді.Одан әрі оған кепкен нан қуырмасын,тұз,лимон қышқылын не лимон сөлін қосады.Кепкен нан тұздығын көкөніс піспе суына –брюссель,ақбасқауданды,түсті орамжапырақтар,қоян шөп,бөрікгүл қосып береді.
Голландық тұздығы.Шикі жұмыртқа сары уызын қайнаған салқын не мұздай суға қосып, түбі қалың ыдыста араластырады.Сары май кесегін (1/3 бөлік ) қосып ,булы суда пісіреді(температурада 80С –тан жоғары емес)Араластыра отырып аздап,жеңіл көпіршіктендіре отырып біртекті масса алады.Ол аздап қоюланған қоспа болады.Қыздыруды тоқтатып ,тұздықтан қалған еріген сары майды қосады,ал кейін сары уызбен ,ақ майлы қуырма мен (сорпада не суда сұйытылған) тұз бен лимон қышқылымен немесе лимон сөлімен толық араласып кеткенше қосады.Дайын тұздықты сүзеді.
Голландық тұздықты ақ қуырмасыз да дайындауға болады,бірақ мұндай тұздық тұрақсыз келеді. Жұмыртқа сары уызы қатпарланып кетпес үшін және тұздық құрылымының (эмульсиялық күйі) бұзылып кетпеуі үшін оны 70-75С температурада пісіреді.Ақ қуырманы қосу тұздықты көбірек тұрақты етеді.Голландық тұздықты пісірілген балықтан,көкіністерден (қоян шөп түсті және брюссель орамжапырағы)дайындалған тағамдарды берер алдында тікелей дайындайды.



Орындаған

Ж.Нуржанова











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет