Қызғылт май .Сары майды томат пюресіне қосып көпсітеді. Тілім нан дайындауға пайдаланады.
Сары уыз ұнтағы.Сары майды томат пюресіне қосып көпсітеді.Тілім нан дайындауға пайдаланады .
Іркіт (брынза) ұнтағы (паста).Үгілген іркітке қаймақ қосады және жақсылап араластырады.Қызыл,талқандаған бұрыш қосуға болады.Тілім нан дайындауға пайдаланады.
Салқын тұздықтарды өсімдік майында не сірке суын да дайындайды.Ал тоңбаны жақсы байытылған ет не балық сорпасында дайындайды.Салқын тұздықтарға қатықтар,маринадтар,сірке суы қосылған желкөк тұздығы,майонез және басқа тұздықтар жатады.Бұл тұздықтар ет, балық және көкөніс тағамдарына қосылып беріледі.Салат винегреттер ,тілім нан дайындау үшін пайдаланады.
Салаттар үшін қатық .Сірке суын қантпен ,тұзбен және бұрыш талқанмен қосады.Барлығын жақсылап араластырады да, өсімдік майын қосады. Салқын цехта қатықты пайдалануға ыңғайлы ыдыста сақтайды.Қатық біртекті болуы үшін оны тағамға құяр алдында жақсылап ылғалдайды.яки көпсітеді.Қатықты жас көкөніс салатына винегретке,көкөніс гарниріне құю үшін пайдаланады.
Өсімдік майы 350,3%-дық сірке суы 650,қант45,талқандалған қара бұрыш ,2тұз2. Қыша қатық.Асхана қышасын тұзға, қантқа бұрыш, талқанынан қосып үгеді де сірке суында жайлап, біртіндеп құйып сұйылтады.Өсімдік майын қосып, жақсылап араластырады. Онымен ви негретті,шабақты, салқын гарнирді,қатықтайды.
Өсімдік майы,400 асхана қышасы 100,3%-дық сірке суы 450,қант50,тұз 10,қара бұрыш талқаны 2.