МамандығЫ, 4S05220102- ерекше қОРҒалатын табиғи аумақтардың технигі



бет8/14
Дата20.02.2023
өлшемі69,21 Kb.
#69402
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Қорытынды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348
бұйрығының 5-қосымшасының 2-тарауына сәйкес.

1.9

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №
348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жүзеге асыру және одан өту;




05220100 - «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы, 4S05220102 – Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың технигі біліктілігі бойынша Техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы
ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде
кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107
бұйрығына, МЖМБС талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практика
жүзеге асырылады және өткізіледі. Оқу жылының басында кәсіптік практиканың мазмұны және көлемі, түрі анықталған оқу жұмыс бағдарламалары әзірленеді. Жұмыс оқу бағдарламасы колледж басшысымен бекітіледі және жұмыс берушілермен келісіледі. Жұмыс оқу жоспарында кәсіптік модульдерге бөлінген сағаттың кемінде 40% -ы өндірістік оқыту және/немесе кәсіптік практикаға берілген.
Пән бойынша өндірістік оқыту колледжде, мекеме базасында оқу процесі кезінде
алған теориялық білімін бекіту, болашақ мамандықтың функциялары мен
міндеттерімен танысу сипатында өткізіледі. Кәсіптік практика жұмыс берушімен
жасалған келісімшарт негізінде мекемеде ұйымдастырылады. Келісімшарт үлгісі
Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік
практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік
шарттың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығының қосымшаларына сәйкес
дайындалған.
Колледждің негізгі әлеуметтік серіктестері және практика базасы Арал және Қазалы ауданындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінен мамандық студенттері жыл сайын өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өтеді. Білім алушыларды кәсіптік практикаға жіберу колледж басшысының бұйрығымен, өту мерзімі, базасы және практика жетекшісі көрсетіле отырып ресімделген. Білім алушыларға кәсіптік практикадан өткені туралы жолдама бланкісі, күнделік-есеп Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығының 1,2-қосымшаларына сәйкес үлгіде берілген.
Күнделікті практикалық оқыту практика күнделігінде көрсетіледі, оларды колледжден практика жетекшісі жүйелі түрде бақылайды және өндірістен тікелей басшының қолымен расталады. Жетекшілер практиканттың практикалық оқуын аяқтағаннан кейін практиканттың дайындық деңгейін көрсете отырып, практикантқа мінездеме ресімдейді және алынған құзыреттілік деңгейін бағалайды. Практика жетекшілері өндірістік практика барысында білім алушылардың практикадан өтуін бақылауды жүзеге асырады, өндіріс мамандарымен тұрақты байланыста болады.
Білім алушылардың өндірістік және кәсіптік практика бағдарламаларын
орындауын есепке алу өндірістік оқытуды есепке алу журналында тіркеледі.
Колледждің білім алушылары кәсіби практиканың әрбір түрінің қорытындысы
бойынша есеп береді, оны практика жетекшісі тексереді. Мамандықта кәсіптік
практика есебін қорғау нәтижелері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық
және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес бағаланады.
(Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша келісімшарт, жолдама,
күнделік-есеп қоса тіркелді)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет