05220100 – «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы 4S05220102 «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың технигі» біліктілігі бойынша өзін-өзі бағалау
№
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
1
Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына өлшемшарттар:
1.1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесіне сәйкес әзірленген және бекітілген оқу жылына арналған жұмыс жоспарының (қызмет бағыттары бойынша) болуы және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкестігі
Талдау нәтижесі:05220100- «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы
4S05220102 – Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың технигі біліктілігі бойынша жылдық жоспарлары «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығында (өзгерістер мен толықтырулар ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 жылғы №382 бұйрығы) көрсетілген нысанға сәйкес жасалған. Онда қысқаша анықтама, миссиясы, пайымдауы, стратегиялық мақсаты мен міндеттері, қызмет бағыттары бойынша жұмыс жоспарлары, тәрбие жұмысының, оқу-тәрбие процесін ақпараттандыруды дамыту бойынша, кәсіби өсуі үшін даярлау және біліктілікті арттыру жоспарлары енгізілген. Жоспарда тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша: білім алушылардың білімін жетілдіру, оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүргізу, білім алушыларды қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасымен қамтамасыз ету, цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау, бәсекеге қабілеттілігі және функционалды сауаттылығы дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру міндеті қойылған. Сонымен қатар ата-аналармен, әлеуметтік серіктестермен және қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін жұмыстар қамтылған.
Мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында
білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27
желтоқсандағы №988 Қаулысы (12.10.2021ж күші жойылған), «Білімді ұлт» сапалы
білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021
жылғы 12 қазандағы №726 Қаулысы басшылыққа алынып, негізгі индикаторлық
көрсеткіштерге жету межеленген. Жоспар «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығында және МЖМБС талаптарында айқындалған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес. Сонымен қоса, жұмыс жоспары Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығының 3- қосымшасына, Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес талаптарды басшылыққа алып жасалған.
Жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер,
базалық және кәсіптік модульдер «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығында көрсетілген мазмұнға сәйкес келеді.
Сондай-ақ МЖМБС-да көрсетілгендей, білім беру бағдарламаларын колледж жұмыс
берушілердің қатысуымен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының Басқарма төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына
қосымша Педагогтің кәсіби стандартында белгіленген, еңбек функциялары мен кәсіби міндеттері негізінде дербес әзірлеген.
Зертханалық –практикалық сабақтар әр мамандық бойынша жасалған жұмыс оқу
жоспарындағы бөлінген сағаттар көлемінде жүзеге асырылады. Жұмыс оқу
жоспарында көрсетілген пәндер немесе оқыту нәтижелері бойынша зертханалық,
практикалық сабақтар жұмыс оқу бағдарламасындағы мазмұнда қарастырылған.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практика Техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығына сәйкес жүргізілген.
Аралық және қорытынды аттестаттау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы
бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығын негізге алып жүргізілген. Аралық
аттестаттау колледждің оқу-тәрбие процесінің кестесінде көрініс тапқан. Емтихан
ведомостері «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығында көрсетілген (өзгерістер мен толықтырулар
ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 жылғы №382 бұйрығымен) үлгіге сәйкес
толтырылған. Курстық жұмыстар жұмыс оқу жоспарында көрсетілген. Курстық жобалар (жұмыстар) жұмыс оқу жоспарында көрсетілген пән және (немесе) модуль бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің және (немесе) модульдің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалуды көздейді. Курстық, жұмыстар тақырыбы оқу жылының басында ПЦК отырысында, оқу-әдістемелік кеңесте қаралып, талданып, колледж директорымен бекітілген.