МамандығЫ, 4S05220102- ерекше қОРҒалатын табиғи аумақтардың технигі


Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе



бет7/14
Дата20.02.2023
өлшемі69,21 Kb.
#69402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
1.7

Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе
пәндерін енгізе отырып, модульдерге интеграцияланған техникалық және
кәсіптік білім беру бағдарламаларын зерделеу (орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін)




Орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС-на қосымшасына сәйкес орта білімнен
кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі бойынша оқу процесі жүргізілмейді,
05220100 – «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығында бакалавр біліктілігі лицензия қосымшасында көрсетілмеген.




Қорытынды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының 6- қосымшасына сәйкес.

1.8



Жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық пәндерді немесе базалық
модульдерді, сондай-ақ кәсіптік модульдерді (әскери мамандықтарды қоспағанда) оқыту




Жалпы гуманитарлық, әлеуметтік –экономикалық пәндерді немесе базалық
модульдерді, сондай-ақ кәсіптік модульдерді оқыту «Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен
үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығын басшылыққа алып
жасалған.
Базалық құзыреттер салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене
қасиеттерін жетілдіруге, қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтенуге және
бейімделуге, патриотизм мен ұлттық сана-сезімді дамытуға, кәсіпкерлік қызмет
дағдыларын және қаржылық сауаттылықты игеруге, кәсіби қызметте ақпараттық-
коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған. Білім
беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай базалық модульдер оқытылады:
1) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;
2) ақпараттық- коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;
3) экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану;
4) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік
ғылымдар негіздерін қолдану.
Кәсіптік модуль «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы
31 қазандағы №553 бұйрығын басшылыққа алып жасалған. Білім беру
бағдарламаларын іске асыру кезінде 05220100 – «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы, "4S05220102 – Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технигі" біліктілігі мынадай кәсіптік модульдер
оқытылады:
КМ 1. Жүйелі талдау әдістерін қолдана отырып, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талдау
КМ 2. Экология саласындағы қазіргі заманғы қызметтің құқықтық аспектілерін қолдану
КМ 3. Инновациялық әдістерді қолдану арқылы биосфераны бақылау
КМ 4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
КМ 5. Қорықтық-режимдік және өртке қарсы іс-шараларды жүргізу
Кәсіптік модульдер/арнайы пәндер экологиялық және/немесе өнеркәсіптік
қауіпсіздікке қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, біліктілік
бойынша еңбек функциялары мен кәсіби міндеттердің мазмұнын көздейді. Кәсіптік
модульдер (пәндерді) дербес айқындалған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет