МамандығЫ, 4S05220102- ерекше қОРҒалатын табиғи аумақтардың технигі



бет9/14
Дата20.02.2023
өлшемі69,21 Kb.
#69402
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Экология өзін-өзі бағалау

Қорытынды: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика
базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы
№107 бұйрығына сәйкес.

1.10

Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалауды әр түрлі бақылау түрлері үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау арқылы жүргізу




05220100 - «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығында оқыту
нәтижелерінің жетістіктерін бағалауды әр түрлі бақылау түрлері үлгерімді ағымдағы
бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау арқылы жүргізілген. Мамандықта білім алушыларының үлгерімі ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізудің нысандарын, тәртібін және кезеңділігін дербес таңдаған. Ағымдағы бақылау пәндер және (немесе) модульдер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда, оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау
жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар) тексеруі арқылы жүзеге асырылады. Білім
алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу пәндерінің және (немесе) модульдерінің
тізбесі мен нысанын оқу жұмыс жоспарларына сәйкес колледж белгілеген,
педагогикалық кеңесте қаралып,оқу жылының басында оқу –тәрбие процесінің
кестесіне енгізілген. Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: Қазақ
(орыс) тілі, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және таңдаған пән бойынша
емтихан өткізумен жүргізіледі. 05220100 - «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы бойынша білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, практика бойынша есептер, сынақтар және емтихандар нысанында жүзеге асырылған. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің және (немесе)
модульдің оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалған.
Аралық аттестаттау пән/модуль бойынша білім алушылардың білімін бақылау мақсатында ағымдағы бақылау жүргізіліп отырады. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін: емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары, емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері; спорт залдары, жабдықтар, емтихан ведомосы дайын болуы қадағаланады. Аралық аттестаттауға әрбір пән және (немесе) модуль бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес барлық практикалық, зертханалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды
(жобаларды), сынақтарды толық орындаған және ағымдағы білім есебінің
қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы жоқ білім алушылар жіберілген.
Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды
орындау үшін барлық талаптар сақталған. Аралық аттестаттау бойынша ағымдық
емтихандардың нәтижесі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының нысанына сәйкес жүргізіледі. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толықтай орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушылар келесі курсқа колледж директорының бұйрығымен көшірілген.
05220100 - «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандық білім алушыларын
қорытынды аттестаттау, жалпы кәсіби және арнайы пәндер және (немесе) модульдер
бойынша қорытынды емтихандар тапсыруды тапсыруды қамтиды. Білім алушыларды
қорытынды аттестаттауды өткізу үшін колледж директорының бұйрығымен
қорытынды аттестаттау комиссиясы құрылған. Қорытынды аттестаттау
комиссиясының құрамы қорытынды аттестаттау комиссиясының Орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың
үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды
өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығына сәйкес және
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына сәйкес дауыс беру
құқығынсыз хатшыны қоса алғанда кәсіпорындардың білікті мамандарынан, яғни
жұмыс берушілер өкілдерінен 65% және колледж оқытушыларынан 35%
арақатынасында құрылған. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу
колледж директорының бұйрығымен ресімделген.
Қорытынды аттестаттау нәтижелері тиісті хаттамамен ресімделеді, оған
комиссия төрағасы, мүшелері және хатшы қол қояды. Комиссия төрағасы білім
алушылардың мамандық бойынша даяралық деңгейі, білім алушылардың емтиханда
анықталған біліміне сипаттама, пәндердің және (немесе) модульдердің жекелеген
сұрақтары бойынша білім алушылардың даярлығында кездесетін кемшіліктер,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтар)
бойынша білікті кадрлар даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды
нормативтік-құжаттарға сүйене отырып, ұсыныстары көрсетілген. (Қорытынды
аттестаттау материалдары қоса тіркелді)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет