Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) 1, 2-қосымшаларына сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі- ТжКБ) оқу жоспарының моделі негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарларының болуы;
2020-2021 оқу жылында мамандық бойынша МЖМБС-ның 1 қосымшасынажұмыс жоспары сәйкес модульдік – құзыреттілік негізде әзірленді. 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында 05220100 – «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы, 4S05220102 – Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың технигі біліктілігі бойынша әзірленген жұмыс оқу жоспары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығын басшылыққа алып, модульдік, кредиттік-модульдік жүйемен жасалған. Оқу жоспары МЖМБС-тің 1-қосымшасына сәйкес.
Оқу жұмыс жоспарының моделі келесідей модульдердің және оқу қызметі
түрлерінің атауынан тұрады: "Жалпы білім беру пәндері" модулі, Базалық модульдер
(білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған білім беру
бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі), Кәсіптік
модульдер (кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі), Аралық аттестаттау, Қорытынды аттестаттау, Факультативтік сабақтар (міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту), Консультациялардан (білім беру бағдарламасын меңгеру кезінде білім алушыларға көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны) тұрады. Білікті жұмысшы кадрлар үшін жұмыс оқу жоспарының мазмұны жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік,арнайы пәндерді зерделеуді немесе жалпы білім беретін пәндерді, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді, зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды,өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді көзделген.
Қорытынды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348
бұйрығының 5-қосымша 5-тарауының 22-тармақшасына сәйкес.