Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет10/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   93
Зерттеу көздері:
жобалау, оқу-жобалау іс-әрекеті, жобалап оқыту 
технологиясының мәселесі қарастырылған филоcофиялық, педагогикалық, 
психологиялық ғылыми зерттеулер, Қазақстан Республикасының білім беру 
және нормативті құжаттамалары, Мемлекеттік бағдарламалары, жоғары кәсіби 
білім беруді дамыту тұжырымдалары, алыс жақын шет елдік, отандық педагог-
ғалымдардың ғылыми еңбектері озық тәжірибелері, ғылыми әдістемелік 
басылымдар, автордың ғылыми-ізденушілік және практикалық тәжірибесі.


13 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы 
1. Жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетті 
дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздері нақтыланды; 
2. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың әлеуеті анықталды; 
3. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың құрылымдық - мазмұндық 
моделі жасалды; 
4. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту мақсатындағы тәжірибелік-
эксперименттік жұмыс барысында әдістеменің тиімділігі тексеріліп, ұсыныстар 
даярланды. 
Зерттеудің практикалық маңыздылығы 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы негізінде дамытудың әдістемесі құрастырылды 
және тәжірибе жүзінде оның тиімділігі тексерілді. Болашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы
арқылы дамыту жүйесінің арнайы әдістемесі жасалды, «Жобалап оқыту 
технологиялары негізінде зерттеушілік іс-әрекетті дамыту», - атты элективті 
курсы дайындалып, тиімділігі іс-тәжірибеде тексерілді, «Мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетіндегі жобалау технологиясы», - атты 
әдістемелік құрал дайындалды. 
Зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен олардың негізінде 
дайындалған нақты ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, зерттеу материалдарын 
педагогикалық жоғары оқу орындарының, педагогикалық колледждердің,
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәжірибесінде, тәрбиеші-
педагогтердің біліктілігін жетілдіру жүйесінде пайдалануға болады. Зерттеудің 
нәтижелерін мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы мамандарын 
даярлайтын педагогикалық колледждерде, ЖОО – да және ғылыми-
педагогикалық кадрлар біліктілілігін арттыру орталықтарында қолдануға 
болады. Зерттеу жұмысы үш кезеңде жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет