М.Қанабекова


 Cөйлем құрылысының стилистикасы



Pdf көрінісі
бет59/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131
 
4.2.2 Cөйлем құрылысының стилистикасы. 
 
Жай сөйлем түрлерінің стильдік қолданысы 
Функционалды стильдердің барлық түрінде жай сөйлем 
түрлері кеңінен қолданылады. Қолданыс аясына қарай әр алуан 
функционалдық табиғатымен, стилистикалық мәнерімен ерек-
шеленеді. Мәселен, ауызекі сөйлеу стилінде толымсыз, жақсыз 
сөйлемдер, синтаксистік қайталаулар, инверсияланған құрылым-
дық ерекшеліктер оның синтаксистік белгілерін көрсетсе
сондай-ақ көркем әдебиет стилінде де шығарманың жанрлық си-
патына қарай стильдік мақсатпен қолданыла береді. Мұндай 
ерекшелікті мына үзіндіден аңғаруға болады: 
- ... Саған тай сатып әперемін. 
Қызыл Жебедей ме, көке? 
Иә, Қызыл Жебедей, Тұрар. 
Қызыл Жебені Саймасайлар сойғаны рас па, көке? 
Оны кім айтты? 
Иә, болыстың Қалдыбек деген баласы айтыпты ғой. 
Жо, Тұрар, Қызыл Жебе сияқты асыл жылқыны ешкім 
де соймайды. 
 Қайдам... (Ш.Мұртаза). 
Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерінің (хабарлы, 
сұраулы, бұйрықты, лепті) жұмсалуы мен мағыналық жағынан 
ерекше қызмет атқаратындығы белгілі. Хабарлы сөйлемнің маз-
мұнының әртүрлігіне қарай болымды және болымсыз деп сти-
листика тұрғысынан оқулық авторлары екіге бөліп қарайды. 
Болымды сөйлемде өмір құбылыстары шындық күйінде баян-
далып, сөйлеушінің субьективті көзқарасы қоса жеткізіледі. 
Аспанды бұлт торлай бастаған екен – хабарға айтушының көзі 
жетіп баяндалғаны аңғарылады. Осындай сөйлемде айтылған 
ойға айтушының субьективті көзқарасын білдіруін тіл ғылы-
мында сөйлемнің модальділігі дейді. Болымды сөйлемнің мо-
дальділік мағынасы көбінесе баяндауыштар құрамын түрлендіру 
арқылы құбылып отырады. 


Ол бұл тақырыпты терең меңгерді. 
Ол бұл тақырыпты терең меңгерген екен. 
Ол бұл тақырыпты терең меңгеріпті. 
Ол бұл тақырыпты терең меңгерген шығар. 
Ол бұл тақырыпты терең меңгерген болуы керек. 
Бір модальділік мағынаның осыншама көп синонимде-
рінің болуы қазақ тілі синтаксистік құрылымының, сөйлемде-
рінің стильдік мүмкіншілігінің молдығын, болымды сөйлем-дер-
дің стильдік бояуының әр алуан екендігін көрсетеді. Тек бұл
синтаксистік бірліктерді таңдап, талғап өз орнында жұмсай білу 
керек. 
Ал қазақ тілінде болымсыз сөйлем жасаудың бірнеше 
амалдары болатындықтан, оларды талғап жұмсаудың стильдік 
мәні бар, өйткені болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрес-
сивті реңктері күшті сезіледі. Зерттеу еңбектерде негізінен мұн-
дай реңктегі болымсыз сөйлемдердің жасалу тәсілдеріне мына-
лар жатқызылады:
- аналитикалық тәсіл арқылы;
- лексикалық тәсіл арқылы;
- интонация арқылы. 
Айтпа, айтпа деймін, анаған! – болымсыздық мағынаның 
аналитикалық тәсіл арқылы берілуі, болымсыз мағынада күшей-
ту мәні басым. Үйіне келгелі әлі түк бітірген жоқ – лексикалық 
тәсіл арқылы жасалуы. Бұл сөйлемде түк болымсыз есімдігі бі-
тірген жоқ болымсыз баяндауышпен тіркесе отырып мағынаны 
күшейтуге қызмет етіп тұр. Жо-о-оқ! Мен жай кетпеймін – сөй-
лемінде сөйлемнің экспрессивтілігі, болымсыздықтың күшей-
тілуі интонация арқылы жеткізіліп тұр. Бұл жерде болымсыз 
тұлғада келген сөз стильдік талапқа сай эмфативті екпінмен 
айтылады. 
Болымсыз тұлғалы сөйлемдерді болымды етіп айтудың да 
стильдік қызметі ерекше: Мен енді айтамын – мен енді айтпай 
тұра алмаймын. Мұндай жағдайда айтылатын хабар өткір тілді, 
эмоциялы сезімі күшті болады. 
Кейбір сұраулы сөйлемдер кісінің әр түрлі модальді көз-
қарасын, күмәнін, түрлі көңіл-күйін білдіріп, сұраққа жауап алу 
мақсатын көздемейді. Бұлар – кейіпкер ойын мәнерлі түрде 
әсерлі етіп айтудың өте ұтымды амалы. Мұндай көркемдік амал-


ды ғылымда риторикалық сұраулар дейді (Хабарлауға тиісті ой 
сұраулы сөйлем түрінде баяндалады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет