Стилистика талаптары тұрғысынан біршама аяқталған
ойды толымды сөйлеммен де, толымсыз етіп те беруге болады.
Толымды сөйлемнің сипаттамасы – белгілі ойға керекті
сөздердің сөйлем ішінде түгелдей қамтылып берілетіндігі.
Мен
көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай) – деген сөйлем толымды,
ойға қатысты сөздердің барлығы қатыстырылған, оны басқаша
өзгертіп не түсіріп айтуға болмайды. Өйткені Абай өлеңінің сол
сөйлемінде «мен» деген бастауышқа ой екпіні түсіп, сол сөз
басқа сөзден басым мағынада айтылған. Кей жағдайда ойымыз-
ды нақты, дәл, ықшам етіп жеткізуде
толымсыз сөйлемдерді
жұмсаймыз. Мұндай сөйлем түрлерін мәнмәтін (контекст)
ішінде қалай қолдануға, қандай мақсатпен жұмсау ерекшелік-
теріне байланысты пайдаланамыз. Ой дәлдігін сақтау, стиль
түрлерін ажырату амалдары ретінде де қарастырамыз. Мәселен,
толымды сөйлемдер ғылыми әдебиет стилінде жиі қолданы-
лады, өйткені баяндалатын ой толық, жүйелі
болып жеткізілуі
шарт. Ал толымсыз сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде, көркем
әдебиеттегі диалогтерде жиі қолданылады. Мұнда кейіпкер ті-
лінде жұмсалатындықтан, сұрақ-жауап түрінде көбінесе сөйлем-
дері қысқа, жалаң, толымсыз болып келеді, ой тұжырымды,
әсерлі етіп беріледі:
- Қарағым-ай, қазақпысың?
- Иә, қазақпын.
- Қазақ болсаң, қарағым-ай, қара қазақпысың, өкіметтің
кісісімісің?
-
Ендеше, қарағым-ай, сүйемелдеп жібер, мен сияқты
нашар кісіні (С.Мұқанов).
Сөйтіп, сөйлемнің толымсыз болуы оның жұмсалу жағ-
дайымен, ойдың мақсатына қарай, басқа сөйлемдермен қаты-
сына байланысты болады.
Сөздерді, кейде грамматикалық тұлғаларды ортақтастыру
– сөйлемдерді тұжырымды, ықшамды етіп құрудың тәсілі. Бұл
тәсілді дұрыс түсініп, жазуда дұрыс пайдалана білу үшін оның
мынадай орындарға ортақ бола алатынын білу керек:
1. Екі іргелес сөйлемді бір баяндауышқа ортақтастырып
айтуға болады:
біресе қар жауады, біресе жаңбыр жауады –
біресе қар, біресе жаңбыр жауады.
Мұны синтаксисте «сыйыса құрмаласу» деп үнемдеу
құбылысына жатқызады.
«Қоянды қамыс өлтірер, ерді намыс
өлтірер» дегендегі екі сөйлемді сыйыстыруға болады. Бірақ еке-
уінің экспрессивтілігі жағынан мәні бір емес: алдыңғы бөлігінде
экспрессивті мағына бар да, соңғыда ол солғын көрінеді.
2. Қатар айтылған сөйлемдердің алдыңғыларында атал-
ған мүшелерді соңғы сөйлемдерге ортақ етіп толымсыз сөйлем
құрауға болады!
Астана – жаңа да заманауи қала, оның үс-
тіне көркем де келбетті қала (Газеттен).
3. Сөз мағынасы ортақ толымсыз сөйлемдер сөйлеу сти-
лінде, кейіпкердің диалогтерінде жиі кездеседі:
-
Уа, көш көлікті болсын!
- Айтсын, аға!
- Отауларың, әне, тігулі тұр.
- Кешке келіңіз.
- Жоқ …
4.Жіктік жалғаулары
сөйлемдегі бастауыштың, тәуелдік
жалғаулары ілік жалғаулы анықтауыштардың қай жақтық екені
белгілі болатындықтан, ол мүшелерді түсіріп, сөйлемді толым-
сыз етіп жұмсау көп стильге тән ерекшелік:
Мен ырзамын – Ырзамын. Менің айтатын сөзім көп –
Айтатын сөзім көп.
Достарыңызбен бөлісу: