М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет58/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

Синтаксистік синонимдер 
Синтаксистік стилистика саласында синонимге қатысты 
стильдік құбылыстар жиі байқалады. Стилист-ғалымдардың 
пікірінше, «синонимия – стилистиканың орталық проблемасы» 
(А.И.Ефимов) болып табылады. «Синонимді қолдану ситуация-
ның, экспрессияның, мағыналық реңктің әр түрлі қырларын 
білдірудің мүмкіндігін жасайды» (Л.И.Скворцов, Б.С.Шварцкопф),
«сөйлеушінің тіл мәдениеті неғұрлым жоғары болса, синоним-
дік қатардағы құралдарды ол соғұрлым кеңінен әрі белсенді 
қолдана алады» (Г.А.Золотова). Мұндай мәселені қазақ тілі ма-
териалдарына да қатысты қолдануға болады. Синонимдер – сти-
листиканың екінші басты ұғымы дейтін пікірдің де синтаксистік 
стилистика қарастыратын негізгі мәселенің бірі екендігін нақ-
тылайды. 
Қазіргі қазақ тіл білімінде «жұрнақтар синонимиясы» 
(А.Ысқақов), «фразеологиялық синонимдер» (І.Кеңесбаев), лек-
сикалық синонимдер (Ә.Болғанбаев), «морфологиялық сино-
нимдер» (А.Қалыбаева), синтаксистік синонимдерді жалпы 
атаумен 
«синтаксистік 
конструкциялардың 
синонимдігі» 
(М.Серғалиев) деген терминдер қолданыста қалыптасып ор-
ныққан. 
Қазіргі қазақ тілінде синтаксистік синонимдердің ең басты 
мынадай екі түрі бар: 
- сөз тіркестерінің синонимдері; 
- сөйлемдердің синонимдері. 
Синтаксистік синонимдер – тілдің икемділігі мен оралым-
дылығын танытатын табиғи амалдар. Бұлардың білдіретін мағы-
налары бірдей болғанмен, бірақ стильдік өңі, экспрессивтік ма-


ғынасы бірдей емес, стильдік елеулі айырмашылық болады, 
екіншіден, синонимдердің бәрі бірдей етістікпен тіркесе бер-
мейді (көмектессін деп жіберді – көмектескелі келдім). Сино-
нимдер, көбінесе, мағына дәлдігі үшін, кейде жазу стилін түр-
лендіру үшін де қолданылады. 
Сөйлемдердің өзара синоним болу заңдылықтары бар. 
Мұндайда баяндауыштың ұйымдастырушылық және байланыс-
тырушылық қызметінің мәні зор. Мәселен, хабарлы сөйлеммен 
берілетін ойды сұраулы сөйлем түрінде де айтуға мүмкіндік бар: 
туған жерді сағынып келуші едім – туған жерді кім сағын-
байды? 
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің синонимдігі мәсе-
лесіне де сақтықпен қарауды зерттеушілер ескертеді: Мен оны 
бес саусағымдай білемін – Мен бес саусағымды қандай білсем, 
оны да сондай білемін. 
Оқуға келдім – оқу үшін келдім – сөз тіркестерінің сино-
нимдігі. 
Керегеге кілем ұсталғанкерегеге кілем ұстаған – сөй-
лемдерінің синонимдігі негізінде баяндауыштардың арасында 
етіс мағынасындағы қатынастар жатуы мүмкін. 
Септік жалғаулары да синтаксистік синонимдердің жа-
салуына негіз болады: бұйрықпен марапаттау – бұйрық бойын-
ша марапаттау, мерекемен құттықтау – мерекеге орай құт-
тықтау, т.б. 
Бағыныңқы сабақтас сөйлемдердің баяндауыштары түр-
ліше тұлғада жұмсалу арқылы да синтаксистік синонимдер пай-
да болады: Ол оқыған кезде …, Ол оқығанда…
Демек, сөйлемнің баяндауыш мүшелерін синонимдік ың-
ғайына қарай түрлендіріп жұмсаудың да стильдік мәні бар. Бол-
ған уақиғаны айтып шықты – Болған уақиғаны баяндап берді. 
Мұндағы айтып шықты – түгел хабарлады, баяндап берді – тү-
гін қалдырмай, тайсалмай хабарлады деген мәнде жұмсалып 
тұрғандығы байқалады. Бұдан аңғаратынымыз, синтаксистік 
синонимдер болудың негізгі шарттары толық ескерілген. Олар: 
синтаксистік қатынас, конструкциялардың лексикалық құрамы, 
мағыналық жақындық, тұлғалық айырмашылық, трансформа-
циялық. Қысқасы, синтаксистік синонимдер – бірнеше синтак-
систік құрылымдармен беріліп, лексикалық құрамы бірдей, маз-


мұны бір, бірыңғай синтаксистік қатынаста келіп, нәзік мағына-
лық айырмашылық байқалатын синтаксистік параллелизмнің 
түрі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет