М.Қанабекова


 Қайталама мен бірыңғай мүшелердің



Pdf көрінісі
бет64/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

4.2.5. Қайталама мен бірыңғай мүшелердің
стильдік қолданысы 
Сөйлемнің стилін әрлендіріп, түрлендіруде қайталама 
сөздердің де қызметі әр түрлі. Олар – қайталап сұрау, бір жағ-
дайға назар аудартуға, көңіл бөлгізуге, динамикалық жай-күйді 
суреттеуге, т. б. бағытталады. 
Ұлпан! деді Мүсреп, Ұлпанның көзіне тура қарап  
Ұлпан, сен, мен қазір не айтсам да түгел тыңда, ойлана тыңда. 
Жақсын, жақпасын, түгел тыңдап ал! Бір ауыз сөз қоспай 
тыңда! (Ғ.Мүсірепов, «Ұлпан»). Үзіндіде Мүсрептің тыңда де-
ген сөзі төрт рет қайталанып келіп тұр. Бұл сөзді қайталау 


арқылы Ұлпанның бар зейінін өзіне аудартып, айтар сөзіне 
құлақ түруін және ол сөзінің Ұлпан үшін өте маңызды екенін 
сездіріп тұрғандай әсер қалдырады. 
Жеке сөздер мен тіркестерді қайталап отыру – көптеген 
қаламгерлердің сүйіп қолданған тәсілдерінің бірі. Мысалы, Түн 
баласында Бұқтырманың сарыны әлдеқайда қатты естіледі. 
Маңайды момақан тыныштық басты. Тек Бұқтырманың са-
рыны… тек сол ғана асығыс ағыспен жөңкіле қашып барады. 
Тек сол ғана, Бұқтырма ғана мәңгі өлмейтіндей, мәңгі суал-
майтындай долдана ағады… Тек сол … Тек Бұқтырма ғана… 
еркелей бұлаңдайды (О.Бөкеев). Мұнда тек Бұқтырманың 
сарыны, тек сол ғана деген тіркестердің сөйлем сайын қайта-
лануы арқылы автор ойының экспрессивтілік мәні күшейтіліп 
жеткізіліп тұр: осы қайталаулар тыныштықты бұзып тұрған, 
яғни өзінің барлығын, мәңгілігін көрсетіп жатқан Бұқтырманың 
«рөлін» арттыра түседі, тыныштық (кішкентай ауылдағы 
Нұрлан баланың тірлігі) пен беймазалық (махаббатын, өмірін 
ойлап, аласұрған жігіт арманы – болашағы) беттесіп, қарама-
қарсы образ жасалған. 
Өлең сөздегі анафора, эпифора, рефрен тәрізді қайталау-
лар тек жеке сөздер мен сөз тіркестерінің аясында ғана емес, 
сөйлем компоненттері саласында да орын алады. Мысалы Ақ-
сақалдар айтады: Биыл астықтың шығымы жақсы. Ақса-
қалдар айтады: Өліара ашық қой әзірше, қазан айы биыл 
тыныш өтер. Тағы да ақсақалдар айтады: Құдайдың құді-
реті... (О.Бөкей. Қайдасың, қасқа құлыным). 
Бұл үзіндіде ақсақалдардың сөзін бір-ақ жерде біріктіріп 
беруге болар еді, олай етпей «ақсақалдар айтады» деген сөйлем-
ді үш-төрт рет анафора етіп ұсыну арқылы автор ақсақалдар 
сөзінің әрбіреуін даралап көрсетуді көздеп тұр. Прозадағы қай-
талаулар поэзиядағыдан өзгешелеу түседі. Өлеңде олар тар-
мақтар мен шумақтардың әрқайсысында қайталанып келсе, про-
зада авторлық баяндаудың біртектес үзіктерінің соңында қайта-
ланатын тұтас сөйлем не шағын мәтін болуы мүмкін. 
Сөйлемге эмоциялық әр берудің көп тәсілінің бірі – бір 
сөзді әдейі қайталау, кейде бір сөйлем мүшесін түрлі-түрлі сөз-
дермен бірыңғай етіп жұмсай білу. Мысалы: 


Мұғалім баланың соншама мөлдір, соншама қайсар көз-
дерінен бәрін ұқты: егер бүкпесі болса, сәл-пәл жымысқысы 
болса анандай, айнадай ашық көзден көрінбей қалуы мүмкін 
емес. Түбіндегі түймедей тасқа дейін көрініп жататын киелі 
көл көрінісі осында болар (Ш.М.). 
Ш.Мұртаза осы қысқа мәтінде соншама сөзін қайталап 
қолдану арқылы автор сөз саптауының стильдік жағына назар 
аударады. «Қызыл жебе» романының басты кейіпкері Тұрар 
көзінің киелі тазалығын, мөлдірлігі мен қайсарлығын сипат-
тауда осы қайталау тәсілін орынды қолданған. Әрі жазушы қа-
зақ сөзінің мәйегін ұтымды жұмсай білген: түбіндегі түймедей 
тасқа дейін көрініп жататын киелі көл тіркесі де жазушы қала-
мынан туындаған соны тіркес, окказионалдық қолданыстағы 
бірліктер болып табылады. 
Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің мағыналары кеңейіп, ой-
мазмұны айқындала, саралана түседі. «Осылай ету, бір жағынан, 
бірнеше сөйлемдерді бір сөйлем ішіне сыйыстыру амалы болса, 
екінші жағынан, көп сөздерді бір сөйлем ішіне тізбектеу арқылы 
оның іргесін кеңейтіп жайылма ету амалы болады»
4
. Ойды жи-
нақы ету үшін бір-біріне қарайлас, синтаксистік қызметі бірдей 
бірыңғай мүшелерді бір сөзге бағындырып, бір сөйлем құра-
мында айту көзделеді. Оның мағыналары да, тұлғалары да бір-
келкі болады. 
Қорықпаймын енді мен, 
Аңыздан, желден, бораннан (Т.Жароков). 
Бірыңғай мүшелер синонимдер тізбегінен де тұрады: әр 
әйел өзінше сұлу болуы керек. Көркем дейміз, сұлу дейміз, 
ажарлы дейміз, сүйкімді дейміз, әдемі дейміз, сымбатты 
дейміз («Ұлпан»). 
Бірыңғай мүшелерді саралап, әрқайсысына ерекше мән 
бере, екпін түсіре айту үшін бірнеше амалдар бар екендігі бел-
гілі. Бірыңғай мүшелердің әрқайсысына жалғаулықтардың (да, 
де, мен, бен, я, не…) қосылуы, бірыңғай мүшелердің тізбектеліп 
берілгенде, ең соңғысына көптік жалғауының жалғануы, жалпы-
лауыш сөздің қойылуы тәрізді амалдары көбінесе көркем 
4
Балақаев, т.б. Қазақ тілі стилистикасы, А. 1974, 179-б 


әдебиет стилінде жиі қолданылады. Өлеңді сөйлемдерде ойды 
әсерлі, ерекше ырғақпен жеткізуде бірыңғай тұлғалы сөздерді 
таңдай білу де қажет. Мысалы: Абайдың, «Болыс болдым, міне-
кей» өлеңіндегі -ып көсемше тұлғалы бірыңғай сөздердің стиль-
дік қолданысы айрықша әсерлі көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет