М.Қанабекова


Сөйлем мүшелерінің инверсиялануы



Pdf көрінісі
бет63/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   131
 
4.2.4. Сөйлем мүшелерінің инверсиялануы 
Стилистика ғылымының басты талабы – сөйлем дұрыс
жатық етіп құрылуы үшін, ондағы сөздерді, сөйлем мүшелерін 
дұрыс байланыстырып, тіркестіріп, тиісті синтаксистік қарым-
қатынаста жұмсай білу керек. Сөйлем құрауға негіз болатын бас 
мүшелер, әсіресе баяндауыш ойды дұрыс құрастыруға негіз бо-
лады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасында басқа 


сөйлем мүшелері топтасып, ойды нақтылай, толықтыра, пысық-
тай түседі. Әрине, диалогті сөйлемдерде тұрлаусыз мүшелердің 
бірі ғана бір сөйлемнің орнына жүруі мүмкін. Мысалы: 
Атын өзі ағытты ма, әйтеуір! 
Өзі ағытты. Шауып барып көлден бір шелек су да 
әкелді. 
Атпен бе? 
Иә. (Ғ.Мүсірепов).
Осы мысалдағы атпен бе?, Иә сөздері екі сөйлемнің 
орнына жұмсалған. 
Әрбір сөйлем мүшелерінің қызметін дұрыс танып, ойдың 
мазмұнын әсерлі, экспрессиялы түрде жеткізуде орынды қол-
дану қажет. Сонымен қатар, ойды аз сөзбен үнемдеу, қатар сөй-
лемдерде бір сөзді қайталай бермеу шарттары қамтылады. Ол 
үшін сөйлемде басы артық сөзді қайталай бермей (тавтология), 
бірде оның синонимін, бірде оның орнына есімдік сөздерді пай-
даланып, кейде бір сөзді бірнеше сөйлемге ортақ етіп жеткізу 
қажет болады. Мұндай талаптар көркем әдебиет стилінде кө-
бірек жүзеге асады. Бұл шарттар кейде ескерілмей, орынсыз 
қайталауларға әкеп соқтырады. Бірде диктор: ... енді орыс тілін-
дегі көрсетілімдерді көріңіздер немесе істі ұйымдастыра біле-
тін іскер басшы – мұнда іскер, көру сөздері мүлдем артық. 
Сөйлемді ықшам етіп құрастыру үшін қолданылатын 
амалдың бірі – сын есім, сан есім, есімшелерді бастауыш, то-
лықтауыш, ілік жалғаулы анықтауыш қызметінде жұмсау. Әдет-
те, өздеріне қатысты сөздердің орнына жүріп, әрі зат, әрі сапа-
сын білдіреді: Білгенге маржан, білмеске арзан, Надандар бәһра 
ала алмас (Абай). – білгенге – білген адамға, надандар – надан 
адамдар деген ұғымның орнына жұмсалып тұр. 
Мұндай тұлғалардың субстантивтеніп, басқа сөйлем мү-
шелерінің қызметінде жұмсалуы – мақал-мәтел, нақыл, даналық 
сөздердің синтаксисіне тән ерекшелік. Ол аз сөзбен көп мағына 
білдіруді, сөйлем құрылысы ықшам болуды қажет етеді. 
Изафеттік тіркестегі сөздердің де мағыналық, стильдік 
айырмашылықтарын дұрыс танып, талғап жұмсай білу керек: 
ана бақыты, жер байлығы, институттың факультет мәжілі-
сінің қаулысы. 


Табыс септігіндегі толықтауыштардың жалғаулы, жалғау-
сыз жұмсалу ерекшеліктерін де түсіну қажет: Пароход теңізді 
тіліп келеді – қауын тілді – қауынды тілді. 
Дегенмен де, сөйлем мүшелерінің қазақ тілінде қалыптас-
қан дағдылы орын тәртібі бар, белгілі бір синтаксистік жүйеде 
өзіндік норма-заңдылықтары айқындалған. Жазба стильдердің 
барлық түрінде бұл шарт сақталынады. Ал ауызекі сөйлеуде, 
көркем әдебиет стилінде сөйлем мүшелері жиі инверсияланады. 
Мұндай синтаксистік бірліктердің стильдік мақсатта жұмсалуы-
ның мәні ерекше: ойдың бір бөлігі екпін түсіру, назар аударту, 
сөзді мәнерлеу, модальдік реңк үстеу т.т. сияқты бірнеше мақсат 
жүзеге асырылады. Тегінде, прозадан гөрі поэзия жанрында ин-
версиялық құбылыс басым. Сөйлем мағынасын осылайша түр-
лендіріп, ондағы жеке сөйлем мүшесіне ерекше стильдік қызмет 
арту үшін, оны басқа сөзбен орнын ауыстырып айту тәсілін ин-
версия дейді. Мәселен, бастауыштың қалыпты орны диалогті 
сөйлемдерде, өлең жолдарының соңында стильдік уәжбен ауыс-
тырылып жұмсалынады. Қынжыла, күйіне айтылған көңіл-күй-
мен байланысты лепті, сұраулы сөйлемдерде бастауышты 
соңында пайдалануға болады, көбіне оған ой екпіні түсіріліп 
айтылады, ол бастауыш көбінесе есімдік сөздерден де тұрады:
Зарланарсың, ойланарсың, 
Не болам деп енді мен.
(Абай). 
Туырлығың тілер ол, 
Тіліп тоқым қылар ол! (Ауыз әдебиеті).
Соңғы жолдарда ой екпіні ол деп көрсетілген адамда 
(батырда) болып тұр, туырлықты тілетін, тіліп тоқым қы-
латын өзге емес, сол ғана батыр деген мағынаны берудің 
бірден-бір амалы орын тәртібі арқылы жүзеге асып тұр. Егер
«ол туырлығыңды тілер, ол тіліп тоқым қылар» деген тәртіппен 
берілсе, мұнда белгілі бір батырды атап, сескендіру мәні бол-
май, жай ғана хабарлау болып шығар еді. 
Поэзиялық туындыларда инверсиялық құбылыс өлеңнің 
ұйқас, ырғағын сақтау үшін көркемдік тәсіл ретінде жиі жұм-
салады: 
Ескі бише отырман бос мақалдап, 
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап; 


Таулардан өзен ағар сарқыраған (Абай). 
Төксе, шіркін, нөсерлетіп көк селді, 
Бәйтеректей көтеріп мен еңсемді. 
Жазамын да тұлабойды құрысқан,
Көңілімді көтеремін жыр қысқан (Қ.Бекхожин).
Баяндауыштың да дағдылы орын тәртібі – сөйлемнің 
соңы. Белгілі бір ойдың мазмұнына оқырман назарын аударту 
мақсатында авторлар көбінесе баяндауыш сөйлем мүшесін де 
инверсиялық құбылыстың амалы ретінде жиі пайдаланады. Бұл 
құбылыс лепті сөйлемдердің қолданысынан анық аңғарылады: 
Жасасын жақсы өмір! 
Айтпа оны маған! 
Оқы, айналайын, мен үшін де оқы (О.Бөкеев). 
Инверсиялануға бейім – мезгіл мәнді, көсемше тұлғалы 
пысықтауыштар, анықтауыштар мен толықтауыштар. Бұл син-
таксистік бірліктер көркем әдебиет тілінде көбінесе кейіпкердің 
ауызша сөйлеу бедерін айшықтауда жұмсалынады:
Үндемей ол кіріп келді. Кетерде маған жолыққан жоқ ол. 
Осындай да табан бола ма екен қырық тесік (Ғ. Мүсірепов). 
Айтып отырмын ғой, жұрттан озып жүлде алу деген ой менде 
болған емес (Қ.Жұмаділов). Демек, сөйлем мүшелерінің дағ-
дылы орын тәртібінің стильдік мақсатпен ауыстырылу құбы-
лысы – инверсия тәсілі ауызекі сөйлеу тілінде, көркем әдебиет 
стилінде жиі ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет