М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет66/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131
Мен ақынмын! Ақылшым туған жер, ұстазым тә-
каппар да қатал Алтай!...  
Автор бейнесі жазушының даралық стилін айқындайды. 
Авторлық даралықтың, өзіндік қолтаңбасын танытатын стильдік 
амалдардың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату амал-тәсілдері. 
Төл сөзді беру тәсілдерін автор-жазушылар ажыратып 
жұмсауға тырысады: ең алдымен, ол төл сөз диалог па, монолог 
па – осыған қарай синтаксистік конструкция құрайды, екінші – 
төл сөз айтылған сөз бе, кейіпкердің ойы ма – бұл да өз құры-
лымымен, тіпті, өз тыныс белгілерімен келеді. Үшіншіден, төл 
сөзді ұйымдастыруда (компонентерін орналастыру тәртібінде) 
ол сөздің айтылу мезгілі есепке алынады. 
Бірінші тәсілге мысал (диалогте берілген төл сөздің 
стильдік ерекшелігі бір үзіндімен талданады). Екіншіге – «үш 
кейіпкердің ойлары». Нұржанның ойынан: ой дегенің сол аспан, 
сол көкжиек сияқты түпсіз де шетсіз емес пе, ендеше, бір рет 
қарағаным ғанибет емес пе… (О.Бөкей). 
Төл сөзді құрастырудың үшінші түріне ертеректе айтыл-
ған немесе жол-жөнекей келтірілген диалогтер мен монолог-
терді беруде жазушы әуелі пәленше айтты (айтқан, ойлайтын) 
деген авторлық ремарканы беріп алады да, төл сөзді одан кейін 
келтіреді: Анна апасы Нұрланның кіндігін кесіпті. Кейде анасы 
айтып отыратын: дүңк еткізіп турасын айтатын орыс мі-
незді болып барады балам. Аннаға кіндігін бекер кестірген екен-
мін (О.Бөкей). Әрине, төл сөзді жұмсау ерекшеліктерін осындай 
амалдармен шектеуге болмайды. Әр жазушыда әр түрлі жол-
дармен, әр түрлі мақсатта беріледі. 
Авторлық баяндаудың кейбір тұстарында кейіпкердің үні 
сезіліп жатады. Осындай ерекшелігі бар көркем мәтінді таза 
авторлық баяндау немесе мәтінді таза автор сөзінен ажыратып 
қарастыру қажеттігіне орыс тіл білімінде В.В.Виноградов, 
Г.О.Винокур т.б. ғалымдар көптен бері назар аударып келеді. 
Қазақ тіл білімінде осы ерекшелік енді ескеріліп, синтаксистік-
стильдік мазмұны сипатталып, терминдік мәні айқындалып, 
зерттеу нысанына алынды
6

6
Кәрімов Х. Қанатты тіл, А., 1995 


Әдеби шығарма, оның тілі, стилі жайында сөз болғанда, 
әдетте кейіпкерлер сөзінен басқаның бәрін автор сөзі деп тану 
жиі кездеседі. Ал, шындығында, шығарманың композициялық 
құрылымында болсын, оның тілін түрлендіріп, тартымды етуде 
болсын, мейлі образ жасауда болсын, қосүнді сөздің айрықша 
рөлі бар. Бұл терминді алғаш ұсынған – көркем әдебиет тілінің 
өзекті мәселелерін зерттеуші ғалым Х.Кәрімов екендігі мәлім. 
Демек, стилистикалық зерттеу еңбектерде бұл құбылыс таза 
авторлық баяндаудан ажыратылып, өз алдына жеке синтак-
систік-стильдік категория ретінде қарастырылып келеді. Қазақ 
тіл білімінде аталмыш категория осы уақытқа дейін шартты 
түрде «ортақ төл сөз» деп танылып келді.
Қосүнді сөз ұғымының тілдік-стильдік табиғаты, оның 
қолданыс жүйесіндегі ерекшеліктері Х.Кәрімовтің аталған еңбе-
гінде тілдік деректермен көрсетіліп, талданып беріледі: 
«Қосүнді сөз – автор мен кейіпкердің субъективтік көзқарас-
тарын бірге салыстырып, үйлестіруге мүмкіндігі бар стильдік 
тәсіл. Оның маңызды белгісі – баяндаудың объективті бағытына 
кейіпкердің субъективтік бағытының қосылуында, баяндалған 
жайға кейіпкердің ортақтығында».
Ғалым жазушы Б.Майлинның 
көркем шығармаларында алғаш рет қосүнді сөзді стильдік амал 
ретінде шебер пайдаланғандығын айтады. Мәселен, «Баянсыз 
бақ» әңгімесінде кейіпкер Нұрлыбайдың арыз жазбақ болған 
күйін, мінез-құлқын, психологиялық жайын суреттеуде осы тә-
сілді орынды қолданады: Нұрлыбайымыз судья еді, бүгін ор-
нынан алынды! Енді қайту керек? Губсотқа арыз жазу керек, 
іздену керек, өзін сендіре, таныта білу керек!.. Ал қаламды қо-
лына алды… Бірақ Нұрлыбайға бір қырсық кездесті. Арыз ала-
тын жер жоғарғының бәрін ашып білгісі келді… Осыны істеп 
отырған басқа адам болса екен-ау, өзінің жақын көріп жүрген 
адамының бірі, талай бірге қонақта болып, ең арғысы 
Нұрлыбай арқылы үстелге де қолы жеткен кісі… 
… Жоғары көтергенде көзіне айнадағы суреті түсе кет-
ті. Бұл сияқты болам деп кім ойлаған? Нұрлыбай өмірі осылай 
басталды. Мұны Нұрлыбай іркілмей-ақ жазып бергендей. Жал-
ғыз осы ғана болса, осы өмірдің ішінен талай таптық маңызы 
бар жұмысты да шығарып берер еді, оған Нұрлыбайдың қала-


мы жетеді де. Бірақ бөгет беретін нәрсе өмірдің бергі жағы 
ғой (Б.Майлин). 
Бұл әңгімеде Нұрлыбайдың өткен өмірі, кім болғаны, не 
істегені автор атынан баяндау арқылы беріледі. Ал авторлық 
баяндау ішіндегі қосүнді сөздер арыз жазбақ болған 
Нұрлыбайдың қолын бөгей беретін себептерді, оның абыр-
жуының себептерін кейіпкердің өз атынан сездіргендей болады.
Жазушы кейіпкердің ішкі сезімін, түсінік-түйсігін сөзбе-
сөз беріп тұрғанға ұқсайды. Ойды кейіпкердің аузынан айтқыз-
бай, өз танымы тұрғысынан баяндайды, өз көкейіндегі ойларды 
жеткізеді. Мысалы: 
«Қызыл Жебе», - деп күбірледі Рысқұл, осыдан жолы 
болып, Қызыл Жебе тақымына бір тисе, атасына нәлет, тас 
басып, тау асып Ақсу-Жабағылыға бір-ақ тартып кеткісі де 
келді. Ақсу-Жабағылы есіне түскенде, ілуде бір жігері құм 
болып, көзіне жас келіп қалатын ауруы тағы ұстады. 
Бірақ Түлкібастан өзі бастап алып келген арық-тұрақ 
ағайынды қайтеді? Байлығына емес, батырлығына қызығып, 
қыздай қосылған Ізбайшаны қайтіп қалдырады? Мен Қызыл 
Жебемін! – деп анда-санда саңқ ететін Тұрарды қайда қалды-
рады? (Ш.Мұртаза). Мұнда автордың субьективтік көзқарасы 
мен кейіпкер ойы қатар жарысып отырады. Кейіпкер ойы – 
автордың да пікірі. Қосүнді сөз араласқан баяндау экспрессивті, 
әсерлі әрі тартымды келеді, лепті, сұраулы сөйлемдер арқылы 
құрылады. Өйткені, ол сөйлемдер түрлі сезімдерді бейнелеп, 
ерекше эмоциялы бояумен жеткізіледі. Ал баяндау стилі (автор-
дың), негізінен, хабарлы сөйлем құрылымында келеді. Төмен-
дегі мәтінде Ахат шалдың ішкі сөзі (ойлауы) берілген. Автор 
кейіпкердің көңіл-күйіне ортақтасады. Автордың ішкі сезімі, те-
біренісі, жан күйзелісі кейіпкердің ойы арқылы берілген: Мына 
батырды болысы түскір тағы да жылқыға жұмсады-ау. Тағы 
бір лаңға қалмасақ нетті. Төңірек біткеннің қыл құйрығын бо-
лыстың қорқау көмейіне тыға-тыға бұл Рысқұл бұрын не 
береке тапты? Әрең қойдырып едік, өзі де «енді жылқы алуға 
бармаспын» деп серт беріп еді. Содан да болыспен екеуінің 
арасында сырқатты сызат түсіп еді. Мынау не жорық, қақ-
панға қайта түсті-ау, арланым, - деп Ахат іштен тынып бір 
күрсініп, Рысқұлды жұтып жіберген сайдың түбіндегі үрейлі 


қараңғылыққа үңіле қарады... (Ш.Мұртаза). Демек, мұндай син-
таксистік бірліктердің жұмсалуындағы көркемдік-стилистика-
лық ерекшеліктер сан алуан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет