М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет65/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

 
 
4.2.6. Автор сөзі, төл сөз және қосүнді сөздің 
жұмсалуындағы стильдік ерекшеліктер 
Көркем шығармадағы баяндау стилінде автордың тікелей 
өз атынан оқиғаны баяндауы, кейіпкерлерге мінездеме беруі, 
олардың іс-әрекеттерін бағалауы, портретті, күйініш-сүйінішті, 
табиғат құбылыстарын, оқиғаны суреттеуі – осының бәрін 
автордың өзі құрастырып, шығарманың құрылымын белгілейді. 
Сондықтан автор сөзінің маңызы зор. 
Әдеби шығармадағы кейіпкерлермен бірге үнемі бой көр-
сетіп отыратын, баяндауға ерекше тереңдік сипат беретін, шы-
ғарма идеясын оның түсінуіне көмектесетін образ бар. Ол – 
автор образы (автор бейнесі). Оның әртүрлі формада болуы, 
алуан түрлі тілдік амалдар арқылы көрінуі мүмкін. Шығарма 
тілінің эстетикалық заңдылықтарына бағынып, көркем тілдік 
жүйе құрап, оны туғызып жасайтын – қаламгер. Осыдан «автор 
бейнесі» мәселесі туындайды. Автор бейнесі жазушының жеке 
танымына, субьективтік көзқарасына, әлемді бейнелеу ерекше-
лігіне негізделеді. Бұған дейінгі іргелі зерттеулерде белгілі бір 
суреткер тілінің жалпы сипаты мен шығармашылық ерекшелігі, 
сөз байлығы, көріктеу амал-тәсілдерін қолданудың тілдік көрі-
ністері (метафора, теңеу, эпитет т.б.), стильдік қолданыс ерек-
шеліктері шығарма тілінің құрылымдылық жүйесіне сүйеніп 
жасалған еді. Ал, осы дәстүрлі лингвистика негізінде одан әрі 
даму үстіндегі қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағыты 
негізгі назарды сол шығарманы жазушының тұлғасына, таным-
дық (шығармашылық) болмысына аударады да, тілді соның нә-
тижесі, көрінісі деп түсіндіреді. Демек, қазіргі лингвостилисти-
калық еңбектерде де өз нысанын «адаммен», жеке тұлғамен бай-
ланыстыра отырып зерттеулер жүргізіле бастады. Осы себептен 


тұлғаны оның тілінен тыс зерттеу мүмкін еместігі жөнінде орыс 
тіл білімі ғалымдары айтқан болатын (Ю.Н.Караулов). 
В.В. Виноградовтың пікірінше, «шығарманың идеялық 
мәні, суреткердің көзқарасы… бәрі шығарманың стильдік бірлі-
гін белгілейтін автор бейнесінің тілдік құрылымында көрініс 
табады»
5
. «Автор бейнесі» – құрылымдық-көркемдік, көркем 
тілдік категория. «Автор бейнесі» дегенде байланысты екі ұғым-
ды түсінеміз: 
1) шығарманың субьектісі, яғни шығарманың белгілі бір 
идеялық көркемдік көзқарастармен ұласқан, өзіндік көркемдік 
әлемін туғызушы субъект; 
2) көркем шығарманың ұйымдастырушылық орталығы 
болып табылатын тілдік құрылымы. 
Шығарманың баяндау құрылымы автор сөзінен және 
кейіпкер сөздерінен көрінеді. 
Негізінен, автор шығармасында өзі баяндаушы болады. 
Баяндаудың қырлары (автордың өз атынан, не кейіпкерлер аты-
нан баяндауы) автордың баяндау перспективасын таңдауға бай-
ланысты. Кең ауқымды баяндауларда баяншы 3 топқа бөлінеді: 
1. III – жақтағы жеке тұлғадағы баяншы. 
2. II – жақтағы («мен» тұлғасындағы) баяншы. 
3. Арнайы баяншы – автор ойлап тапқан баяншы. 
3-жақтағы баяншы – бейнелеуші субьект, сондықтан оның 
тілі бейнелеудің құралы болады да, баяндау жазба әдеби тіл үл-
гісінде құрылады.
1-жақтағы «мен» тұлғасындағы баяншының объективті, 
субъективті түрі бар. Әсіресе, субъективті түріндегі баяншы 
өмірбаяндық шығармаларда орын алады. Оның тілі тұтас ал-
ғанда төл сөзден (кейіпкер сөзінен) құралады да, осыған байла-
нысты ауызекі сөйлеу тіліне жақын тұрады, әсерлі болып, экс-
прессивті мәні арта түседі. Мысалы, «Қайдасың, қасқа құлы-
ным» атты туындысында жазушы О.Бөкей өзінің субъективті ой 
ағымын
бас кейіпкердің атынан 1-жақтан баяндайды:  
5
Виноградов В.В. О языке художественной прозы. М., 1967, c. 83 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет