М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет68/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131
 
 
ТІЛДІҢ КӨРКЕМДЕУІШ ҚҰРАЛДАРЫ 
 
5.1. Троптар – тілді бейнелі жұмсаудың тәсілдері 
Әдеби тiлде қолданылатын түрлi көркемдік троптардың 
рөлi айрықша, эстетикалық қызметі зор. Олардың басты қыз-
метi сөздің ерекше экспрессивтілік бояуға ие болуы, образ-
дылық мағынаға көшуі болып табылады. Сөздің образға енуі 
оның әр түрлі мағыналық өзгеріске түсуі нәтижесінде анық кө-
рінеді. Образдылық мәнге ие болып, экспрессивтілік бояу алған 
сөздердің стилистикалық әсері ерекше. Бұлар – өмiр құбы-
лыстарын бейнелi түрде танытудың аса тиiмдi тәсiлдерi. 


Троп (грек tropos – айналым, тіл оралымы) – ауыспалы 
мағынада қолданылатын атау, ойдың көркемдік-бейнелілік 
сипатын танытатын, әр түрлі эстетикалық мәнде жұмсалатын 
сөз образы. Ол бейнелілік қасиетке ие, сондықтан көбінесе 
көркем әдебиет стилінде, ауызша сөйлеудегі шешендік өнерде 
жиі жұмсалады. Демек, бір сөзде, сөз тіркесінде немесе бір 
сөйлем ішінде құрылымы, құрамы өзгермей-ақ, бірнеше ма-
ғыналарды қамтиды. Троптың түрлеріне: метафора, метонимия, 
синекдоха, шендестіру, дамыту т.б. жатады. Ауызекі сөйлеу 
стилінде жиі қолданылған троптардың эмоциялық-экпрессивтік 
қуаты арта түседі. Көркем әдебиетте кейіпкерлер тілінде, сати-
ралық туындыларда, сондай-ақ баспасөз тілінде де қолда-
нылады, ресми іс қағаздары мен ғылыми стильдерге тән емес 
құралдар. 
Эпитет. Лингвистикалық еңбектерде, оқулықтарда эпи-
тет – көркем образды троптың бір түрі, ойды бейнелі бояуымен 
жеткізетін құрал ретінде сипатталады. Қысқасы, эпитет – заттың 
не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі 
сөз. Эпитет, кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, кез келген 
анықтауыш емес, оқушының жан дүниесін баурап алатын бей-
нелі, образды сөздер мен сөз тіркестері болады. Мысалы: Бояуы 
көшкен қара қожалақ пеш, тісі сынған қара сандық, сөре үс-
тіндегі кетік шара, аяқ-табақ бәрі де көзге жат секілді көрінді
– сүреңсіз өмірден туған көңілсіз жайтты аңғартатын эпитеттер. 
Абайдың «жүрек» сөзімен байланысты туған қаншама эмоцио-
налды эпитеттерін білеміз. Адамның портретін жағымды, жа-
ғымсыз сөзбен беретін (көптеген жазушыларда) ерекше сурет-
темелі эпитеттер назар аудартады: Қисық көзді келген тапал 
сары жігіт немесе шықшытты, қалың ерінді, ұзын мұрынды, 
кішкене көзді, бидай өңді жігіт еді (Б.Майлин). 
Табиғат көріністерін суреттеуде де эпитеттердің атқара-
тын қызметі зор. Мысалы, Қаракөк толқындар жұтардай ұм-
тылып кеп, суық құшағын ашады. Көкжал толқындар…, ұял-
шақ күн, ойнақшыған күн. Эпитеттер әр түрлі сөз табынан жаса-
лып, грамматикалық құрылысы да, семантикалық мағыналары 
да әр алуан болатындығы белгілі. Тілімізде қалыптасқан эпитет-
тер бар да, қаламгердің өз қолтаңбасын танытатын әсерлі, күр-
делі эпитеттер болады. «Күйші» поэмасында жалынды күй, ыр-


ғалған күй, жұбатқан күй, жорға күй, шерлі күй
(І.Жансүгіров); Қазақтың бағы жүрсе – кәукілдеген мақтан 
әңгімесі, гулеген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кер-
дең жүрісі көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толы 
болады (Ә.Кекілбаев). 
Соңғы сөйлемдегі кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген 
кердең жүріс автордың окказионалдық қолданысы адамның 
мінез-құлқына байланысты пайда болып, жүріс-тұрысты бейне-
леуден туған. Жазушы «шалқайып, шіреніп жүру» мағына-
сындағы жүрісті суреттеу мақсатында бір-бірімен үйлеспейтін 
сөздерді өзара байланыстырып, окказионалдық қолданыстағы 
күрделі эпитет жасаған. Демек, эпитет – заттың не құбылыстың 
айрықша сипатын бейнелеуде жиі қолданылатын көркемдік 
тәсіл. 
Теңеу – бір затты екінші затқа ұқсастығы арқылы салыс-
тыра қолданылатын стилистикалық тәсіл. Теңеуді зерттеу қазақ 
тіл білімінде көптен қолға алынды. Ғалымдардың пайым-
даулары бойынша (Т.Қоңыров, М.Серғалиев т.б.) теңеулер 
синтетикалық және аналитикалық тәсілдермен жасалады: – дай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет