М.Қанабекова


-тапсырма. Мәтіндерден ақынның поэтикалық образ



Pdf көрінісі
бет98/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   131
5-тапсырма. Мәтіндерден ақынның поэтикалық образ 
жасауда қандай тың әдеби-көркемдік тәсілдерді қолданға-
нын анықтап, олардың стилистикалық сипатына, сөздік құ-
рамына талдау жүргізіңіз.
 


 Мен – қарақұстан туған қалықпан,
Сөйлер сөзге жалықпан.
Көп ортаға алғандай,
Көп соңыма түскендей,
Көптің несін алыппын?
Тыңдай отыр, әлеумет,
Мен әлде де көптен анықпын.
Мен – атайы жүйрік баласы,
Алты үдірім жер шаптырсаң да 
жалықпан! 
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұланның терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Сауыт киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?
(Махамбет).
6-тапсырма. Жазушы қолданысындағы көріктеу құ-
ралдарынан эпитеттердің стильдік қызметін ашып көр-
сетіңіз.
Байқасам, есік алдында екі жолаушы тұр. Бірі – кірпік-
шешеннің инесіндей тікірейтіп шаш қойған, қалқан құлақ қара 
жігіт, ал екіншісі – тым жүдеу, жақ еті суалған, сонысына қара-
мастан осы Арқа әйелдерінің салтын сақтап көк жаулық, оның 
үстінен қақырайтып шаршы тартқан егде адам. Бет-әлпетіне 
қарағанда ұзақ уақыт төсек тартқан, мол сырқаты бар жанға 
ұқсайды. Қалтыраған қолымен кірпі шаш жігітті демеу етіп, 
зорға жылжиды (С.Шаймерденов).
Көк сілемік мұнар басқан ашық күн. Тақтайдай ұлан-қиыр 
жазық дала. Аңызақты аптап шілденің жуан ортасы болса да, 
дүние реңкі көгілдір, нәрлі жер бояуын әлі бермеген. Ойпаңы 
мен биік-биік қыраты, жүлге-жүлге таулары жоқ осындай 
көгілжім жазықтарда көк жиегі де алыстап кететін болса керек, 
тым қиян шалғайдан көз ұшына ілігіп, сағыммен ойнап, бел-
деулене көтерілетін үйірім-үйірім, бұлың-бұлың, шоқ-шоқ ағаш-
тар бейне теңізде жүзген ғажайып та жұмбақ алып кемелерге 
ұқсап көпке дейін толқып, баяу жылжып жақындайды да, айна-
лып артқа түсіп алыстаған сайын әлгі бір ойнақы кейпіне тез 
ауысып, тағы да бұлыңдап, тағы да толқып сала береді (Сонда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет