Өлшенбейді көлемі.
Ғашық болу келсе кімнің қолынан,
Әлем соған сенеді.
Құлай сүю – ерлікпен тең себебі!
..............................................................
Махаббат ол – қос жүректің әні ғой
Өзіне сай дауыс керек әр әнге.
...Ал махаббат – тауысылмайтын әңгіме! (М.Шаханов).
8-тапсырма. Мәтіннен жазушы стиліне тән ерекше-
лікті ашып көрсетіңіз. Мысқыл, кекесін мәнінде жұмсалған
сөз қолданыстарына назар аударыңыз.
Байжан мен Сейіт үйге кіріп келгенде, құдыққа үймелеген
қойға ұқсап, бастарын төмен салып жіберіп, арқалары ғана бүл-
кілдеген он шақты адам астау толы етті жәукемдесіп жатыр еді.
Жуан мұрты майға малшынып, екі ұрты кезек бұлтылдап, кезек
жылтырап Омар аша майдай жаяның сүйегін сүйреп, табақтан
сытылып шыға берді де:
– Байжеке,
жоғары шық, Қожекең табағына кел! –деп
өз орнын ұсынды (С.Шаймерденов).
9-тапсырма. Берілген сөйлемдерден дыбыстық қайта-
лаулардың (ассонанс, аллитерацияның) қандай көркемдік-
экспрессивтік мәнде жұмсалып тұрғандығын анықтап, тал-
дау жасаңыз.
Шелегімді, шәйнегімді тастай бердім де әйелдің қасына
келдім; Жарқын жүзді,
жайдары мінезді, балажан Әмина
балалар үшін өз шешелерін ұмыттырғандай шеше еді; Тоғыз ай,
тоғыз күн азап түрмесінде отырғанда
оның көңілі бір рет
босаған емес-ті; Жаралы жүрек ұйып қана,
төмен тартып бара
жатыр; Ашық жүз, ақ жарқын көнілден асар құрмет болады
деймісің? – деп Еркебұлан көзін әйелге қарай аудара беріп еді,
өзінің көзіне шақырая қадалған
қитардың бір көзін көрді;
Ауызға ас құйылатының, қолына қол
тиетінін көптен сезінетін
едім, - депті жауынгер (Ғ.Мүсірепов).
Достарыңызбен бөлісу: