10-тапсырма. Төмендегі мәтін үзінділерінен қайталау
тәсілдерінің (анафора, эпифораның) стильдік қолданысына
назар аударыңыз, өрнекті сөз үлгілеріне талдау жасаңыз.
Үлкен адам болу үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға! (М.Шаханов).
Сол кеште, Әнетке қарай беттеген Базаралы ат үстінде ән
салып келе
жатқан Балбаланың сымбатты, сұңғақ бойына,
қыпша беліне тамашалай қарайды.
Сол кеште, Керімбала мен Оралбай қосылып ән сәндейді.
Өзі әнші болмаса да, әнді барынша сүйетін, Керімбаланың ағасы
Әкімқожа қатар
келе жатып, қос әншіге жол бойы ән салғызады.
Сол кеште, жарық айлы, сырқұмар кеште, көп жолдастың
қоршауында келе жатып, Әмір мен Үмітей саз қосады.
Сол кеште, үлкен өнер, әсерлі әнмен қоштасар кеште,
отауда қалған Біржан мен Абай
мәжілісінде тағы Әйгерім ән
шырқап отыр (М.Әуезов).
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1.Лингвистикалық стилистика дегеніміз –
А. Сөзді дұрыс қолдану қағидалары
В. Сөзді әсерлі жұмсау тәсілдері
С. Лексикалық бірліктердің
жұмсалу ерекшеліктері
D. Мәнерлеп сөйлеу нормасы
Е. Тілдік құралдардың қолданылу заңдылықтары, экспрессивтік
тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптері
2.Cтилистиканы ғылым саласы ретінде қарастыру қай
ғасырдан басталады?
А. XX ғ.басы В. XVII ғ. С. XIХ ғ. D. XX ғ. аяғы Е. XXI ғ.
3.Функционалды стильдердің жіктелуіне ықпал етуші
сыртқы факторлар:
А. Паралингвистикалық
В.
Коммуникативтік
С. Экстралингвистикалық, прагматикалық
D.
Прагматикалық
Е. Дискурстық
4. Қазақ тілі стилистикасы пәнінің мазмұнын:
А. Стилистикалық байлықты
құрайтын тілдік құралдар, олардың
стилистикалық мағына-бояулары,
функционалды стильдер
В. Морфологиялық тұлғалардың стильдік сапасы
С Мәнерлі тәсілдердің қолданысы
D. Тілдік құралдардың көркемдік қызметі
Е. Функционалды стильдердің ерекшеліктері – құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: